«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АЗАМАТ мәжбүрлі түрде емделуге жіберілді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Гүлбике КУБЕНОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Мағжан Жұмабаев аудандық прокуратурасы туберкулез ауруының жұқпалы түрінен емделуден жалтарған тұлғаларды анықтаумен айналысатын өкілетті органдардың жұмысына талдау жүргізді. Одан белгілі болғанындай, аталмыш ауданда диспансерлік есепте туберкулездің белсенді түрімен ауыратын 45 адам тіркелген, соның 22-сі өкпе ауруының ашық түріне шалдыққан.  

Бұған қоса, тағы бірқатар ауру жандардың емделуден жалтарып жүргені анықталды. Олардың еркін жүріп-тұруы негізінде тұрғындар арасында ауруды жұқтыру қаупі туған. Мәселен, 1982 жылы туған П.есімді азамат өз бетіммен емделемін деп облыстық туберкулезге қарсы диспансерден кетіп қалған. Сөйтіп, аурудың ашық түрімен сырқаттанатын ер адам Булаево қаласында емін-еркін тұрып келген. Прокуратура қабылдаған әрекет ету шаралары негізінде қаңтардың 13-інде соттың шешімімен бұл азамат мәжбүрлі түрде Жамбыл ауданының Благовещенка ауылындағы ХОСПИС мамандандырылған емдеу-алдын алу мекемесіне емделуге жөнелтілді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp