СҚО ІІД-нің Есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері 200 грамм героин сатпақ болған петропавлдық тұрғынды қолға түсірді.
Аталмыш басқармаға Петропавл қаласының 19 жастағы тұрғыны заңсыз наша сақтап, оны сатумен айналысады деген ақпарат келіп түскен. Облыстық және қалалық нашақорлықпен күрес бөлімшелерінің полицейлері мен “Арлан” сарбаздарының бірлескен жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті тез арада құрықталды. Тексеру барысында одан үш орамаға салынған 200 грамм сарғыш түсті ұнтақ табылды. Сот-медицина сараптамасы тәркіленген ұнтақтың героин екенін дәлелдеді.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 259-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті тұтқынға алынды.
СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.