«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

BEELINE ҚАЗАҚСТАН – ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Тұрғындар арасында саламатты өмір салтын қалыптастыруға атсалысқаны үшін” атағын жеңіп алған Beeline Қазақстан компаниясына “Асыл Алма” құрмет белгісі табыс етілді.

“Асыл Алма” байқауы Алматы қаласының әкімдігі мен Денсаулық сақтау басқармасының, сондай-ақ Алматы қалалық Саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен өтті.

“Біздің жобаның мақсаты – саламатты өмір салтын насихаттауда және жүргізуде кәсіпкер-компанияларды белсенді атсалысуға ынталандыру. Бүгінгі таңда әрбір азаматтың және жалпы халықтың денсаулығы компаниялардың денсаулықты нығайтуға бағытталған шараларды қалай қолдайтынына, жұмыс берушінің өз қызметкерлеріне еңбек жағдайын қалай қамтамасыз ететініне, компания басшысының саламатты өмір салтын қалай насихаттайтынына байланысты екенін түсіну аса маңызды. Бұл бағыттағы “Beeline”-нің тәжірибесі өте жоғары қызығушылық тудырады және айтуға тұрарлық”, – деді Алматы қалалық Саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Гүлсара Сүлейменова.

“Beeline Қазақстан “Донор, бүгін сенің күнің” республикалық жобасына дәстүрлі түрде қолдау көрсетуде және еліміздің барлық өңірлерінде “Жеті игі іс” жобасының аясындағы марафондар, веложарыстар, сенбіліктер, балалар арасындағы олимпиадалар өтті. Біз үшін әлеуметтік жобаны қолдау ғана емес, оған қазақстандықтарды мүмкіндігінше мол тарту аса маңызды. Байқаудың ұйымдастырушыларына еңбегімізді бағалағаны үшін алғыс білдіреміз. Бұл жеңіс – біз үшін үлкен құрмет”, – деп Beeline Қазақстан компаниясының корпоративтік қатынас директоры Алексей Бендзь өз ойымен бөлісті.

Байқау 4 аталым бойынша өтті. Барлығы 82 компания байқауға қатысуға өтініш білдірген.

(Өз тілшімізден).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp