«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛАЛАР БОЛАШАҚҚА ҮМІТПЕН ҚАРАЙДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” Жолдауын талқылауға орай Отбасылық үлгідегі балалар ауылында “дөңгелек үстел” ұйымдастырылды. Онда тәрбиеленушілер мен балалар Елбасы меңзеген әр міндетті жекелей талқылап, өздеріне тиістісі турасында әңгіме өрбітті. 

Роза БЕКМАҒАМБЕТОВА,

Отбасылық үлгідегі балалар үйінің тәрбиешісі.

Жолдауды талдау үстінде біз балаларға қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру жастардың қолында екендігін, ол үшін сапалы білім мен тәрбие алуға талпыну керектігін ұғындыруға тырыстық. Бұл бағытта балалар ауылында біраз шаралар атқарылуда. Ана тәрбиешілер мен көмекші тәрбиешілер әр баланың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру үшін жұмыс істейді. Тәрбиеленушілеріміздің өзара тек қазақ тілінде сөйлесулерін қадағалаймыз. Салт-дәстүрімізді бойларына сіңіріп, адами қасиеттерге баулуға көңіл бөлеміз. 2 отбасы орыстілді шаңырақ болып есептелгенімен, онда тұратын балалар да қазақ отбасыларындағы қатарластарындай қазақшаға судай. Жолдауды талдағанда тәрбиеленушілеріміз тек қазақ тілінде сөйлеуге тырысты. Елбасы да бұл тақырыпты өз Жолдауында тегіннентегін қозғаған жоқ. Мәңгілік Ел мұратына жету үшін әр қазақстандық, ең алдымен, мемлекеттік тілді жетік білуі тиіс. 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp