30 қаңтардан бері солтүстікқазақстандық әмбебап полицейлер “Бомж” жедел-алдын алу шарасы аясында жұмыс істеуде.
Петропавл қалалық ІІБ-нің Қабылдау-тарату бөлімінің қызметкерлері үйсіз-күйсіз көше кезген жандарды анықтаумен күнделікті іс жүргізеді, аязды күндері, бұл жұмыс қыза түсті. Баспанасыздарды іздестіру кезінде кәріз жүйесі құдықтары, жертөлелер, иесіз қалған ғимараттар мен жылу жолдары тексерілуде.
Жедел-алдын алу шарасының алғашқы күні қабылдау-тарату бөліміне тұрғылықты мекенжайы жоқ 92 адам жеткізілді. Екеуінде жеке басын куәландыратын құжаты болмай шықты, олар, тіпті, өз мекенжайларын дұрыс айта алмаған, ақыры олар қабылдау-тарату бөліміне 40 тәулікке орналастырылды. Жай күндері екі сағат ішінде бұл бөлімге 25 адам жеткізіледі, ал жедел-алдын алу шарасы барысында анықталған көше кезушілер қатары бұдан да көп болды.
Бөлімге жеткізілген баспанасыздар алдымен медициналық тексерістен өтеді, фото-бейне есепке алынып, із-түзсіз жоғалғандар мен қылмыс жасаған тұлғалар базасы бойынша тексеріледі. Былтыр қабылдау-тарату бөлімінің қызметкерлері 11 қылмыстың бетін ашты. Із-түзсіз жоғалған алты адам мен жеті қылмыскерді тапқан.
СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.