«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ – ЕРЕКШЕ НАЗАРДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Кәсіподақтардың облыстық кеңесінде еңбек дауларын реттеу және жұмысшыларды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша “дөңгелек үстел” өтті.

Жадыра ЕСЕНГЕЛДІ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Жұмыс берушілер, жұмысшылар және еңбек заңнамасының қорғалуын қадағалайтын құрылым қызметкерлерінің қатысуымен өткен жиында мемлекеттiк еңбек инспекторлары анықтаған заң бұзушылықтар сөз болды. Облыстық Мемлекеттік еңбек инспекциясы басшысының орынбасары Арман Жалеловтың айтуынша, еңбек қатынастарын реттеу мәселесі “Қазақстан – 2050” Стратегиясын және “Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: “Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам” бағдарламасын жүзеге асыру жағдайында зор маңызға ие болып отыр.

Облыстық Мемлекеттік еңбек инспекциясы еңбек қатынастары бөлімінің басшысы Абай Құдабаевтың мәлімдеуінше, облыс бойыша 737 кәсiпорын тексеріліп, еңбек заңнамасына қатысты 1968 бұзушылық тіркеліпті. Оның iшiнде еңбек қатынастары бойынша – 1475, еңбек қауiпсiздiгi және оны қорғау бойынша – 484, жұмыспен қамту мәселелерi бойынша 9 заң бұзушылық анықталған. Осыған байланысты 1047 лауазымдық және заңды тұлға 56 103,4 миллион теңге айыппұл төлейтін әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылды. Баяндамашы еңбек дауларын реттеу тетігін ашып көрсету және жұмысшыларды әлеуметтік қорғаудың құқықтық элементтері жайында сөз қозғады.  

Петропавл қаласы прокурорының орынбасары Данияр Мұстафин еңбекақыны уақытында төлемеу сияқты аса күрделі мәселенің түйінін заң жолымен тарқату мәселесі жіті бақылауда екенін жеткізді. Оның айтуынша, бүгінде қызметкерлеріне 13,7 миллион теңге қарыз 4 кәсіпорын бақылауға алынған.

“Дөңгелек үстелде” жұмыс берушілердің құқықтары аяқасты болған жағдайда Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы тарапынан заңды тұрғыда көмек көрсетілетіндігі, сондай-ақ білім саласындағы еңбек заңнамасының орындалуы жайында да әңгіме өрбіді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp