«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЫЛЫНАМЫН ДЕП ЖАН ТАПСЫРДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru
Облыс орталығындағы Шухов, 32 “А” мекенжайында орналасқан жылу трассасының жанында от жағып, жылынбақшы болған 1963 жылы туған баспанасыз адамның денесінің 40 пайызын, яғни беті, денесі мен оң қолын екінші дәрежелі күйік шалды. Ауыр хәлде 3-ші қалалық аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілген әйел түнгі сағат төртте көз жұмды.

Құтқарушылар мен полицейлердің болжауынша, отты қолдану барысында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағандықтан, қайғылы оқиға орын алған.
Әр уақытта оттан абай болыңыздар! Жыл басынан бері облыста 100-ден астам өрт оқиғасы тіркеліп, 8 адам ажал құшса, оның 2-еуі – балалар. Өрт қауіпсіздігі ережесін сақтаңыздар! Өрт шыққан кезде “101”, “112” нөмірлеріне қоңырау шалу қажет.
СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp