«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ОҚЫТУ жаппай жүргізілуде

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

СҚО ІІД-нің жеке құрамы мемлекеттік тілді жаппай үйрене бастады. Оқыту бағдарламасы дәріс алушылардың тілді меңгеру деңгейіне қарай қысқа мерзімді сараланған курстар түрінде жүргізілуде.

Мемлекеттік тілді оқытудағы басты мақсат – іс жүргізуді қазақ тіліне көшіру, қызметкерлер арасында тілдің қолданылу аясын кеңейту, олардың қазақша еркін түрде тілдесе алуларына жол ашу. Осы деңгейлерді бағындырған полицейлер “Қазтест” жүйесі арқылы сынақ тапсырып, арнайы сертификат алады.

Осыған орай Әкімшілік полициясы басқармасында алғашқы ашық сабақ өткізілді. Оған Мемлекеттік тілді оқыту орталығының басшылары мен аудандардағы орталықтарда мемлекеттік тілді үйретіп жүрген әдіскерлер қатысты. Тәртіп сақшылары 21 топқа бөлініп, тіл үйренуде. Оның 9 тобына орталық мамандары дәріс береді. Оқу үдерісі мамыр айына дейін жалғасын таппақ.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp