«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОРАЛМАСЫНА ҚОЙМАҒАН ӨНЕР САЛТАНАТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық бейнелеу өнері мұражайында жергілікті суретші Марат Қожахметовтің “Достарымның жарқын жүздері” атты жеке көрмесі ашылды. 

Гүлбике КУБЕНОВА,
“Солтүстік Қазақстан”.

Көптеген суретшілердің пікірінше, графикалық портрет салу өнері әркімнің қолынан келе бермейді. Бұл бағытта еңбек ету асқан шыдамдылықты да қажет етеді.  

Автор қағазда бейнелеген кейіпкерлерінің өмірдегі барлық қырын, эмоциясын, жан дүниесін дөп басып жеткізе білген. Пастель, тушь және қарындашпен салынған суреттерде оның отбасы мүшелері, достары, әріптестері бейнеленген. “Былтыр бұл істі қайтадан қолға алдым. Негізінен, көрмем ата-анама арналады. Келешекте өзге де стильдерде, пейзаж сынды жанрларда сурет салуды жоспарлап отырмын”, – дейді автор.

Марат Тәшімұлы 1961 жылы Булаево қаласында дүниеге келген. Кішкентай баласының суретке деген ықыласын байқаған әкесі оны балалар көркемсурет мектебіне берген. Жігіт ағасы атанған оның бұл – алғашқы көрмесі. Осыған дейін бірнеше жыл өнерден қол үзіп кеткен екен. Қылқалам шебері 2012 жылы ғана сүйікті ісіне қайтып оралған. Бос уақытында вело- және мотоспортпен шұғылданады. Суретшінің есімі байкершілер арасында да жақсы таныс.

Қала тұрғындары Марат Қожахметовтің көрмесін бір ай бойы тамашалай алады.

Суреттерді түсірген

  Талғат ТӘНІБАЕВ. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp