«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ҚЫЗЫЛЖАР СК” МАҚСАТЫ – ПРЕМЬЕР-ЛИГАҒА ӨТУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жадыра ЕСЕНГЕЛДІ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғановтың төрағалығымен өткен облыстық футбол федерациясының отырысында былтырғы жылғы маусымның қорытындысы шығарылып, “Қызылжар СК” футбол командасының бас бапкері тағайындалды.

Фархад Қуанғанов өткен жылы жерлес футболшылар біршама тәуір нәтиже көрсеткенін айтып, биыл “Қызылжар СК” футбол командасының алдында Қазақстан біріншілігінде жүлделі орын алу міндеті тұрғанын тілге тиек етті.

Жыл жұмысын қорытындылаған “Қызылжар СК” футбол клубының президенті Марат Оспанов алдағы уақытта команда Тәжікстанда және Түркияда өтетін  оқу-жаттығу жиынына дайындалып жатқанын жеткізді.

– Облыс әкімінің қолдауымен материалдық жағдайымыз жақсарды. Еңбекақы бойыша қарыз жоқ. Балалар және жасөспірімдер футболын қолдау, командаларды қажетті заттармен жарақтандыру мәселесін қолға алып отырмыз. Ал үздіктердің қатарынан көрініп, премьер-лигаға жолдама алуда аяқ доп шеберлерімізді психологиялық тұрғыда дайындап, жеңіске деген ынтасын арттыру қажет, – деді клуб президенті.

Отырыста “Қызылжар СК” командасының бас бапкері қызметіне Эдуард Глазунов ұсынылып, бұл кандидатура бірауыздан қолдауға ие болды. Ол әр жылдары “Жетісу”, “Оқжетпес”, “Қазақмыс”, “Астана – 1964” командаларында бас бапкер болып жұмыс істеген. 2011-2012 жылдары “Қайрат” ФК директорының спорт жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

Отырыс соңында спорт ардагері, Петропавл қаласының Құрметті азаматы Александр Липовой – “Қазақстан футболына 100 жыл” медалімен, спорт ардагері, футболдан Қазақстан құрамасының мүшесі Виктор Малинко естелік медальмен марапатталды.

Суретті түсірген

Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp