«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЗАМАТТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІМІЗ СЫНАЛАР ШАҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Аркадий ВОЗНЮК,

“Казмясопродукт” ЖШС-нің директоры.

Еліміздің Ұлттық Банкінің қаржы нарығы мен экономика тұрақсыздығына жол бермеу үшін теңгенің жаңа айырбас бағамын ұсынуға мәжбүр болғанын жақсы білеміз. Сол себепті біздерге, тауар өндірушілерге жүктелетін азаматтық жауапкершілік жүгін де түсінеміз. Мұндай жағдайды 2009 жылы да бастан өткергенбіз, онда 30 пайызға жуық девальвацияға ұшыраған теңге жылдам еңсесін көтеріп, осы күнге дейін табысты жұмыс істеп келді. Сондықтан бұл жолы да қиындықты жеңіп, экономиканы тұрақтандыруға қол жетеріне үміттіміз.

Енді өз кәсіпорнымыз жайында айтсақ, әзірге өндірілетін өнімдерімізге баға көтеру ойымыз жоқ. Біздің ең алдымен өз сатып алушыларымызды жоғалтқымыз келмейді. Қазір біздің кәсіпорында валюталық шикізаттар мен материалдардың бір айлық қоры бар. Яғни, әзірге бұрынғы бағамен жұмыс істей береміз. Бұған дейін жергілікті нарықта Ресейден жеткізілетін өнімдермен табысты бәсекелесіп келсек, алдағы уақытта да соған ұмтылатын боламыз.

Ел экономикасының тұрақты кезінде көп іс тындырып алғанымыз жақсы болды. Техника паркін жаңартып, бір “КамАЗ” және “Беларусь” тракторын сатып алдық. Енді дәл қазірде шетелдік валюталармен жұмыс істейтіндей қажеттілік туып отырған жоқ. Десе де, бүгінгі қаржы нарығындағы жағдайдың банкілер жұмысына кесірі тимей, төлемдер жасау мерзімдерінің бұзылмауын тілейміз. Негізінен жергілікті ет өндірушілермен жұмыс істейтіндіктен, есеп айырысулардың уақтылы жасалғаны дұрыс. Әрине, бұл күндері шикізат жеткізушілеріміз де нарық жағдайына алаңдап, ет тапсырулары сәл толастап тұр. Оны уақытша құбылысқа санаймыз, валюта бағамына байланысты қобалжу сабасына түсіп, бәрі де өз орнына келуі тиіс.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp