«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өткен жылы облыста 56 бала жол-көлік оқиғасында зардап шеккен. Осыған орай облыстық есту мүшесі зақымданған балаларға арналған мектеп-интернаттың тәрбиеленушілеріне жолда жүру ережелері бойынша ашық сабақ ұйымдастырылды. Тәртіп сақшылары жолда жүру ережелерін, жол реттеушісінің қимылдарын түсіндіріп, жол сақшыларының қызметі туралы баяндады.

Балалар көбіне бейғамдығынан жол апатынан зардап шегеді. Яғни, көлік ағылған жолды белгіленбеген жерден кесіп өтудің салдарынан қайғылы жағдайға тап болады. Жол сақшылары өткізген ашық сабақтың мақсаты – осындай жайттардың алдын алу. “Алдын алу жұмыстары барлық білім мекемелерінде өткізіледі. Әкімшілік полиция басқармасының бастамасымен жолда жүру ережелері бойынша арнайы материалдар дайындалып, оқушыларға таратылды”, – деп хабарлады СҚО ІІД ӘПБ аға инспекторы Әбілсейіт Жолаушин.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp