Құрметті солтүстікқазақстандықтар!
Тәжірибе көрсеткеніндей, жыл сайынғы есепті кездесулер біздің жұмысымыздың басты өлшемдерінің біріне айналуда. Билік пен халықтың диалогі жүргізіліп жатқан саясат туралы тұрғындарды дұрыс хабардар етуге, өңіріміздің қазіргі пробле-малары мен мәселелеріне уақтылы шара қолдануға мүмкіндік береді.
Үстіміздегі жылғы 17 қаңтарда Қазақ-стан Республикасының Президенті – Ел-басы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын арнады. “Біз қазақстан-дықтардың ел болашағының тұтқасын нық ұстауы үшін “Қазақстан – 2050” Страте-гиясын қабылдадық. 2050 Стратегиясы айқын шамшырақ секілді басты мақ-сатымыздан көз жазбай, азаматтарымыз-дың күнделікті тіршілігінің мәселелерін ше-шуге мүмкіндік береді. Бұл біздің 30-50 жылда емес, жыл сайын халық тұрмысын жақсартатынымызды білдіреді”, – деді Президент. Соған орай біз бүгінгі таңда өткен 2013 жылдың қорытындысын шыға-рып, 2014 жылға міндеттер қоя аламыз.
Тұтастай алғанда өткен жыл бүкіл ел үшін де, біздің Солтүстік Қазақстан об-лысы үшін де табысты әрі маңызды оқи-ғаларға толы болды.
Жалпы өңірлік өнім
2013 жылдың 9 айында облыстың жалпы өңірлік өнімінің көлемі 517,2 млрд. теңгені құрап, 11,3 пайызға өсті. Ал жан ба-сына шаққанда сомасы 894,6 мың теңгенің тауарлары өндірілді және қызметтері көр-сетілді, мұның өзі алдыңғы жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 20,5 пайызға артық.
ЖӨӨ-нің және жан басына шаққанда ЖӨӨ-нің өсім қарқыны бойынша облы-сымыз ел өңірлері арасында сәйкес түрде 1 және 3- орындарға ие.
Еңбекақы да ұлғайтылды. Өткен жыл-дың қаңтар-желтоқсанында орташа айлық еңбекақы облыс бойынша 7,9 пайыз өсіп, 74,2 мың теңгені құрады.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы, сөз жоқ, өңір эко-номикасының жетекші саласы болып та-былады.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған “Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір бо-лашақ” Жолдауында ауыл шаруашылы-ғын дамытуға айрықша назар аударылып: “Азық-түлікке қажеттілік арта береді. Бұл секторға инвестиция көбірек салынады”, – деп атап көрсетілді. Президенттің идея-лары, жоспарлары іске асырылып жат-қанын өмір көрсетіп отыр.
Солтүстік Қазақстан облысы бұл ба-ғытта алдыңғы орын ала алады және алуға тиіс. Географиялық орны және құнарлы жері ғана емес, сонымен бірге демеуқаржы түріндегі мемлекеттік қолдау да осыған ықпалын тигізеді.
Үстіміздегі жылы өңірдегі ауыл шаруа-шылығы өндірісіне 14,9 млрд. теңге демеу-қаржы бөлінді, мұның өзі өткен жылғыдан 5,6 млрд. теңге артық.
Мемлекет басшысы ІЖӨ-нің жыл са-йынғы өсімін 4 пайыздан кем қылмау мін-детін қойды. Инвестиция көлемін қазіргі 18 пайыздан бүкіл ішкі жалпы өнім көлемінің 30 пайызына дейін ұлғайту керек.
Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына сомасы 44,7 млрд. теңге инвестиция салынды, мұның өзі 2012 жылғыдан 9,5 пайызға көп.
Нәтижесінде ауыл шаруашылығының жалпы өнімін өндірудің жылдық көлемі 277,3 млрд. теңгені құрап, 2012 жылғы деңгейден 13,1 пайыз асып түсті.
2013 жылғы қаңтар-қыркүйек ішінде еңбек өнімділігі жұмыспен қамтылған жан басына шаққанда 15,3 пайызға өсіп, 869,2 мың теңге болды.
2013 жылы ауыл шаруашылық өнімдерін экспортқа шығару көлемі 461,3 млн. АҚШ долларын құрады, мұның өзі соңғы бес жыл ішіндегі орташа жылдық көрсеткіштен 18 пайызға жоғары.
Өсімдік шаруашылығында егіс танаптарын әртараптандыру және баламалы дақылдарды өндіру бағыты таңдалып отыр. Өткен жылғы егіс танаптарының құрылымында дәнді дақылдарға 3572,2 мың гектар бөлінді. Сонымен бірге жемшөптік дақылдар танаптары – 68,5 мың гектарға (319,7 мың гектар), майлы дақылдар 54,2 мың гектарға (437,8 мың гектар) ұлғайтылды. Картоп – 27,5 мың гектарға, көкөніс 5,1 мың гектарға орналастырылды.
2013 жылы 3,45 млн. гектар алқапта ылғал қорын үнемдейтін технология қолданылды, мұның өзі 2012 жылғы деңгейден 50 мың гектарға артық, ал 2014 жылы мұндай танаптарды тағы да 5 мың гектарға ұлғайту жоспарланып отыр.
Осызаманғы жоғары өнімді техниканы қолданбай, егіс жұмыстарын уақытылы да сапалы жүргізу мүмкін емес. 2013 жылы облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдары сомасы 17,3 млрд. теңгеге 1187 замануи техника, соның ішінде 73 жоғары өнімді егіс кешенін, 277 энергияға қаныққан трактор, 290 астық жинаушы комбайн сатып алды.
Артып отырған мемлекеттік қолдау да паркті жаңартуға ықпал жасауда, өткен жылы агролизинг шарты бойынша “ҚазАгроҚаржы” АҚ арқылы 7,4 млрд. теңгенің 397 жаңа техникасы әкелінді, мұның өзі 2012 жылғы деңгейден 25 пайызға артық.
Нәтижесінде 2013 жылы дәнді дақылдардың жалпы түсімі өңдеуден кейінгі салмақпен 4,8 млн. тонна болды, орташа шығымдылық гектарына 13,4 центнерден айналды.
Мал шаруашылығы саласы пәрменді дамып келеді. Қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру жөнінде жүзеге асырылып жатқан 2011-2015 жылдарға арналған жоба шешуші дәрежеде осыған жәрдемдесіп отыр.
2013 жылы осы жобаны жүзеге асыру шеңберінде 815 бас малға арналған 4 асылтұқымды репродуктор, 3,4 мың бас малға арналған бордақылау алаңдары құрылды, облыстың шаруашылықтары 25,4 мың бас, соның ішінде “Сыбаға” бағдарламасы бойынша 2,5 мың бас қара мал сатып алды.
Бұл өз кезегінде агроқұрылымдарда ет өндіруді – 14,6 пайыз, сүтті – 15,5 пайыз арттыруға мүмкіндік берді.
Тұтастай алғанда 2014 жылғы 1 қаңтарда түлік саны мынадай болды: қара мал – 271,1 мың бас, қой мен ешкі – 294,9 мың бас, жылқы – 89,4 мың бас, шошқа – 154,5 мың бас, құс – 3577,7 бас.
Қорытындысында 2013 жылы аграршыларымыз тірідей салмақпен 97 мың тоннадан астам ет өндірді, өсім 2012 жылмен салыстырғанда 2 пайыз, сүт – 458,5 мың тонна немесе 2,4 пайызға артық, жұмыртқа – 487,2 млн. дана немесе 13,1 пайызға көп.
2014 жылы Мемлекет басшысының жеті пайыздық өсімді қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау үшін ауыл шаруашылығы бойынша табиғи көлем индексінің деңгейін 106,6 пайызға, соның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімдерін 108,9 пайызға, мал шаруашылығы өнімдерін 103,4 пайызға жеткізу керек.
2014 жылы өсімдік шаруашылығы саласын дамыту саланы құрылымдық және технологиялық әртараптандыруды жалғастыру есебінен өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін ұлғайтуға бағытталатын болады. Облыс бойынша дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың егіс танаптары 1,4 пайыз азайып, 3,5 млн. гектар болады, майлы дақылдар – 480,0 мың гектар, жемшөптік дақылдар 334,0 мың гектар, ал өсім сәйкес түрде 9,3 және 4,5 пайызды құрайды. Біз ғылыми негізделген егіншілік жүйесіне көшу, заманауи ылғал қорын үнемдеу технологиясын өндіріске енгізу арқылы егіншілік мәдениетін арттыру жолында одан әрі жұмыс жүргізуіміз керек.
Біз бітік егін өсіруді үйрендік, алайда бұл істің жартысы ғана. Бұған қоса, жиналған астықты тиімділікпен өңдеуді және табысты түрде өткізуді үйренуіміз керек. Мемлекет басшысының өнімдерді делдалсыз өткізу жөніндегі тапсырмасын орындау – біздің алдымызда тұрған міндет.
Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында: “Қазақстан ет және сүт өнімдерін экспорттайтын өңірлік ірі елге айналуға тис”, – деп айрықша атап көрсетті.
Мемлекет басшысы облысымызға сапары барысында да осы жайында айтқан болатын.
Бұл мәселені заманауи қоймаларды жабдықтау, ұқсату кәсіпорындарын салу және қолда барын қайта жаңарту есебінен ғана шешуге болады. Бүгінгі таңда біз ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшылары алдына осындай мақсат қойып отырмыз. Және де бұл бағытта қазірдің өзінде көптеген істер тындырылуда.
Мәселен, Петропавл қаласында “ТНС – Экспорт” ЖШС-і кәсіпорны сыйымдылығы 120 мың тонналық жаңа элеватордың құрылысын жүргізуде.
Мал шаруашылығында мал өнімдерін өндіру көлемін ұлғайтуға, малдың тектік әлеуетін арттыруға және осының негізінде ішкі нарықтың қажеттіліктерін сапалы мал өнімдерімен қанағаттандыруға, сондай-ақ оның экспорттық әлеуетін құруға негізгі күш-жігер жұмсалатын болады. 4550 бас малға арналған 78 отбасылық тауарлы-сүт фермасын ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жалғастыру, қуаттарды ұлғайту және 2000 бас мал сыятын қазіргі фермаларды жаңғырту және 2000 бас малға арналған жаңа фермалар салу, “Ірі қара етінің экспорттық әлеуетін дамыту” бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде асылтұқымды репродукторлар, бордақылау алаңдары және фермерлік шаруашылықтар құрылатын шаруашылықтарды айқындау қажет. Облыстың агроқұрылымдары 22750 бас, соның ішінде асылтұқымды репродукторлар салу үшін – 5200 бас, “Сыбаға” бағдарламасы бойынша – 2500 бас, меншікті қаражат және қарыз есебінен 15050 бас қара мал төлдерін сатып алуы керек.
Жоғарыда аталған міндеттерді орындау 2013 жылы қабылданған “Агробизнес – 2020” салалық мемлекеттік бағдарламасының шеңберіндегі мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде қамтамасыз етілетін болады.
Біздің басымдықтарымыздың бірі – ауыл тұрғындары өмірінің сапасы. Адамдар еңбек етуі, бала тәрбиелеуі, дәрігерлік көмек алуы, өзінің демалысын ұйымдастыруға мүмкіндік алуы үшін жақсы еңбекақыға, қалыпты өркениетті жағдайға ие болуы керек. Әрине, бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу деңгейінің төмендігі әділетсіз. Осы мәселені шешу жолында мейлінше пәрменді жұмыс жүргізуіміз қажет.
Өңірлік даму шеңберінде тірек ауылдардың экономикалық әлеуетін арттыруға, демографиялық және әлеуметтік көрсеткіштерді жақсартуға, елді мекендердің тіршілігі үшін қалыпты ахуал туғызуға арналған шаралар жүзеге асырылуда.
2013 жылы 58 тірек елді мекенінде 5,9 млрд. теңгеге 122 жоба жүзеге асырылды, соның ішінде инфрақұрылымды дамытуға және көркейтуге – 2 млрд. теңге, әлеуметтік салаға 3,9 млрд. теңге жұмсалды.
Өнеркәсіп
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында “инновациялық индустрияландыру трендін күшейту” қажеттілігін ел экономикасы дамуының басты басымдықтарының бірі ретінде белгілеп берді.
2010 жылдан бастап республикамызда Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылуда, ол 2015 жылға дейінгі кезеңде экономиканы дамытудың басты бағыттарын айқындап берді. Бұл бағдарламаны жүзеге асыруға облыстың шаруашылық жүргізуші субъектілері де қатысуда.
Бүгіндері облыстың Индустрияландыру картасына жалпы сомасы 38 млрд. теңгеден асатын 31 жоба енгізілген. Жобаны жүзеге асыру барысында құрылыс кезінде 1818 жұмыс орны, ал салынған нысандарды пайдалану кезеңінде 1894 жұмыс орны ашылады. Қазіргі уақытта сомасы 26,6 млрд. теңге болатын 28 жоба пайдалануға берілді, оларда бір мың адам еңбек етуде.
“ЗИКСТО” акционерлік қоғамы республикада тұңғыш рет жүк вагондары өндірісін игерді.
“Мұнаймаш” акционерлік қоғамы “Өнімділік – 2020” бағдарламасы бойынша мемлекеттің қолдауын пайдалана отырып, елімізде алғашқы болып өзінің өндірісін жаңғыртты, ол кәсіпорынның технологиялық мүмкіндігін кеңейтуге және өзінің бәсекеге қабілеттілік деңгейін бірнеше есе арттыруға мүмкіндік берді.
Жаңа технология бойынша сүт өнімдері мен құрамында шырын бар сусындар шығару жөніндегі ең жаңа қондырғымен жарақтандырылған “Молпродукт” ірі сүт зауыты салынды. Бұл кәсіпорын өнімдерінің 30 пайызы экспортқа шығарылады.
2013 жылы сомасы 1 млрд. теңгеге жуық 3 жоба жүзеге асырылып, 68 жұмыс орны ашылды:
– С.Киров атындағы зауытта доңғалақ техникасын жаңғыртуға арналған цех салынды;
– “Зенченко және К” коммандиттік серіктестігі сүт өңдеудің осызаманғы технологиясы негізінде жұмыс істейтін зауытты пайдалануға берді;
– Петропавл құбыр зауыты болат құбырларға тоттануға қарсы жабылғы енгізетін желіні іске қосты.
“Петропавл ауыр машина жасау зауыты” акционерлік қоғамы энергетикалық қазандық қондырғысын шығару жөніндегі жобаны жүзеге асыруға кірісті, осы күнге дейін Қазақстанда мұндай құрылғы шығарылмаған.
Экономиканың басым секторларында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру кезінде мемлекет демеуқаржы бөлу және кредитті кепілдендіру, грант беру, өндірістік инфрақұрылымдар салу және тағы басқалары түрлерінде қолдау көрсетеді. Ол үшін “Өнімділік – 2020”,“Инвестор-2020”, “Экспортер – 2020”, “Бизнестің Жол картасы – 2020”, “Жұмыспен қамтудың Жол картасы – 2020” және басқа да бағдарламалар шеңберінде мемлекеттік қолдау құралдарының тұтастай кешені бар.
ҮИИД мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың төрт жылдығының қорытындысы бойынша облыс экономикасында оң өзгеріске қол жеткізілді. Өнеркәсіп өндірісінің көлемінің орта есеппен жылына 4-5 пайызға тұрақты түрде өсімі қамтамасыз етілді. 2013 жылы сомасы 152 млрд. теңгенің өнеркәсіптік өнімдері өндірілді, бұл 2012 жылдың деңгейімен салыстырғанда 5,1 пайызға көп.
Республика Президентінің тапсырмасы бойынша қазір Үкімет екінші бесжылдыққа арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуде, біздің облыс та бұл үдеріске қатысуда.
Индустриялық-инновациялық дамудың перспективасы машина жасау кешенінде маңызды жобаларды жүзеге асыруға байланысты болмақ.
“Петропавл ауыр машина жасау зауыты” акционерлік қоғамы “Қазгеология” Ұлттық геологиялық барлау компаниясы үшін бұрғылау қондырғыларын шығаруды бірлесіп игеруге қатысады.
“ЗИКСТО” акционерлік қоғамы 500 мың километрге дейінгі жоғары жөндеуаралық ресурсы бар жартылай вагондар мен жүк тіркемелерін шығаруды, жүк вагондарының қалыптамалы дәнекерленген тіркемелері моделін жасауды жоспарлап отыр.
“Мұнаймаш” акционерлік қоғамы ақпараттық терминалдардың көмегімен өндірісті қолдау мен бақылаудың осызаманғы жүйесін енгізбек.
“С. Киров атындағы зауыт” акционерлік қоғамы темір жол, мұнай-газ кешендері мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мұқтаждары үшін радиоэлектронды аппаратураның, сандық теледидарды ұйымдастырудың техникалық құралдары өндірісін дамытпақ.
Бұған қоса минералдық-шикізаттық кешеннің мол әлеуетін пайдалануымыз керек. Жылына құрамында қалайы бар бір миллион тонна кенді өңдеу жөніндегі Сырымбет тау кен-металлургия комбинатын салу бұл бағытта ең ауқымды жоба болмақ. Аталмыш жобаны жүзеге асыруға 70 млн. доллар қаржы жұмсау, 500-ден астам жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. Бүгіндері “Сырымбет” кен орнында геологиялық барлау жұмыстары жүргізілу үстінде.
2014 жылы “Әулие” кен орнында байыту комбинатын салып, алтын шығаруды бастау жоспарланған, онда 100-ден астам адам жұмысқа қабылданады.
Облыста таяу келешекте индустриялық аймақ ұйымдастыру жоспарланып отыр, ол инвестицияның құйылуы және инновациялық өнімдер шығару үшін қосымша жағдайды қамтамасыз етеді.
Бұл жоба өнеркәсіп кәсіпорындарының көп бөлігін жаңа индустриялық аймақта шоғырландыруға мүмкіндік береді.
2014 жылдың жоспарында Үй құрылысы комбинаты мен осы учаскеде кірпіш зауытын салу көзделген.
Тағы бір экономикалық маңызды қадам – Уәлиханов ауданындағы Қызылту станциясынан Ресей Федерациясының Граничная станциясына дейін “Көкшетау-Барнаул” темір жолы учаскесін қалпына келтіру болып табылады, бұл жылына 2,5 млн. тоннадан астам инертті және құрылыс материалдарын Ресейге экспорттауға мүмкіндік береді.
Облыстың өнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі жұмыс мақсаткерлікпен жалғастырылатын болады.
Кәсіпкерлік
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына биылғы Жолдауында шағын және орта бизнесті дамыту мәселесіне ерекше назар аударып, бұл саланы ХХІ ғасырдағы Қазақстанды индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы деп атады.
Мемлекеттің мақсатты қолдауының арқасында бизнес өңір экономикасындағы тұтыну секторының ажырамас бөлігіне айналды. Бұған оның дамуының оң серпіні айғақ болады.
Нарықта белсенді жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5,9 пайызға өсіп, 25,2 мың бірлікке жетті.
Шағын және орта кәсіпкерліктің барлық субъектілері 2013 жылы 294,7 млрд. теңгенің өнімін шығарып, өндіріс көлемін 3,5 пайызға өсірді. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында 103 мың адам еңбек етуде.
Жаңа шағын бизнес субъектілерін ұйымдастыру және жұмыс істеп тұрғандарының өндірісін кеңейту есебінен экономиканың барлық салаларында – 7447, оның ішінде жеке кәсіпкерлікте 4841 қосымша жұмыс орны ашылды.
2013 жылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен мемлекет бюджетіне түскен түсімдер көлемі барлық салық түсімдерінің 62 пайызын құрады немесе 34 млрд. теңге болды.
Шағын бизнестің дамуына ықпал ететін негізгі факторлардың бірі шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау болып табылады, ол шағын бизнестің қаржы ресурстарына қолжетімділігіне қолайлы жағдай жасауға арналған.
Бұл бағытта облыста “Бизнестің Жол картасы – 2020” бағдарламасы белсенді жүзеге асырылуда. Былтыр осы бағдарламаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 1,1 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді, ол 2012 жылдың деңгейінен 22 пайызға көп.
Өткен жылы Өңірлік үйлестіру кеңесі шағын кәсіпкерліктің 120 өтінімін қанағаттандырды, бұл шағын және орта бизнестің дамуына қолайлы ықпал етті. Соның арқасында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері сомасы 5,1 млрд. теңге демеуқаржылық кредит және сомасы 683,6 млн. теңге кредитті кепілдендіру мүмкіндігін алды.
2014 жылы мақсатты трансферттердің көлемі 1,4 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл – бұрынғыдан да көп кәсіпкерлер мемлекеттің қолдауына ие болып, өздерінің перспективалық жоспарларын жүзеге асыра алады деген сөз.
Мемлекеттің ұстанған бағытындағы мақсаттардың бірі жекеменшік институтын заңнамалық тұрғыдан нығайту, шағын бизнесті дамытуға кедергі келтіретін барлық артық құқықтық нормаларды алып тастау болып табылады.
Осыған байланысты қазірдің өзінде бизнесті жүргізуге қатысты кез келген нормативтік-құқықтық актілер кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктері арқылы бизнеспен келісіледі. Кәсіпкерлік саласындағы әкімшілік кедергілерді оңтайландыру жүзеге асырылуда. Тек өткен жылы біздің өңірде лицензияның 6 түрі мен 104 рұқсат құжаты электронды форматқа ауыстырылды.
Кәсіпкерлік субъектілерін қорғау және олардың мүдделерін алға жылжыту мақсатында облысымызда қоғамдық бірлестіктер желісі дамуда, Петропавл қаласы мен аудандар әкімдіктері жанында кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңестер жұмыс істейді.
2013 жылы облыста кәсіпкерлердің өңірлік палатасы, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы құрылды, олардың жәрдемдесуі арқасында Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастамаларды жүзеге асыру және мемлекеттік-жекеменшіктік серіктестікті дамыту үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларды, оның ішінде материалдық-қаржылық және ақпараттық-құқықтық қолдау жолымен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жүйелі негізде жалғастырылатын болады.
Осылардың барлығы және басқа да көптеген істер бір мақсатты көздейді, ол – өңірдегі шағын және орта бизнесті барынша серпінді дамыту үшін қолайлы ахуалға кепілдік беретін жағдай жасау.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев туризм индустриясының бәсекеге қабілеттігін және туристік бағыт ретінде Қазақстанның тартымдылығын арттыру туралы міндеттер қойды.
Біздің облыста туристік секторды дамытудың әлеуеті зор. Тек өткен жылы көрсетілген туристік қызметтердің жалпы көлемі 25 пайызға өсті және 329,1 миллион теңгені құрады, оларға 52 мыңнан астам адам тартылды.
“Бизнестің Жол картасы – 2020” бағдарламасы шеңберінде Петропавл қаласында жалпы сомасы 18 миллион теңге “Оптимист” ЖШС-нің “Мейманханалық кешенді жаңғырту” инвестициялық жобасы жүзеге асырылды.
Айыртау, Есіл, Қызылжар, Шал ақын аудандарында туризмді дамыту резервтері бар.
2011-2015 жылдарға арналған Аумақтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде Айыртау, Есіл және Шал ақын аудандарында жалпы сомасы 177 миллион теңге 3 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ одан әрі инвесторларды тартумен “Қазақтардың мәдени дамуы” мұражайлық-туристік кешенінің құрылысы”, “Айыртау ауданының аумағында этнографиялық ауылды ұйымдастыру және оның негізінде кең ауқымдағы туризмді дамыту”, “Долматово ауылы жанында ашық аспан астында тарихи-этнографиялық туристік саябақ-мұражайды ұйымдастыру” инвестициялық жобалары жасалды.
Инфляция
2013 жылы облыста инфляция деңгейі 5,3 пайыз болды.
Азық-түлік нарығында тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін көтерме, бөлшек сауда кәсіпорындары мен облыс орталығындағы базарлардың басшыларымен тағам өнімдерімен жабдықтау және әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру мәселелері жөнінде өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.
Жергілікті тауарөндірушілердің (“Казмясопродукт” ЖШС, “Сүт одағы” ЖШС, “МаслоДелПетропавловск” ЖШС, “Зенченко және К” КС және т.б.) ет және сүт өнімдері облыс орталығының базарлары мен сауда кәсіпорындарына тура жеткізіледі.
Көтерме жеміс-көкөніс базарларында “Зенченко және К” КС-іне, “Наурыз – 2030” ЖШС-іне және басқа жергілікті ауыл шаруашылығы құрылымдарына өздері өсірген көкөніс өнімдеріне делдалдарсыз сату үшін орындар беріледі.
Облыс тұрғындарына өнімдерді базарлардың орташа бағасынан төмен бағаға сатып алуға мүмкіндік беретін ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу жалғасуда.
Энергетикалық кешенді жаңғырту
Өткен жылы облыстың энергетикалық кешендерін жаңғыртуға қатысты маңызды оқиғалар атап өтілді. “СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ-дағы ЖЭО-2-ні жаңғыртуға 11,5 миллиард теңге салынды, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 1,3 есе көп, соның ішінде 5,3 миллиард теңге қарыз қаражаты тартылды. 2013 жылдың желтоқсан айында жаңа турбоагрегаттың құрылысы аяқталып, бұл станцияның белгіленген қуаттылығын 380-нен 434 мегаватқа (14,2 пайызға) арттырды. Үстіміздегі жылы құны 4,7 миллиард теңге болатын жаңа қазан агрегатын орнату жөніндегі жобаны жүзеге асыру аяқталмақ. Жүргізілген шаралардың нәтижесінде станцияның негізгі қондырғыларының тозуы соңғы 5 жылда 17 пайызға төмендеді.
Мемлекеттің дамуында басымдыққа ие энергияның баламалы көздерін дамыту жалғасуда. Айталық, 2013 жылы “Зенченко және К” КС-нің жел электр станциясын салуының және көп мөлшерде жауын-шашынның болуының арқасында энергиятұтынудың жалпы көлемінде баламалы энергия көздерін пайдалану үлесі 1,3 пайызды құрады, бұл 2012 жылдың деңгейінен 10 пайызға жоғары.
Бұл жұмыс 2014 жылы да жалғасатын болады. Атап айтқанда, біздің өңірімізде ірі жел паркі құрылысы жөніндегі жобаны жүзеге асыру үшін бірқатар инвесторлар келмекші.
Атқарылатын барлық іс-әрекеттер Президенттің “Қазақстан – 2050” Стратегиясы мен ХХІ ғасырдағы жаһандық тұрақты дамудың энергоэкологиялық стратегиясында белгілеген өңірдің және жалпы еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
ТКШ мәселелері – біздің айрықша бақылауымызда. Міндет – облыстың тұрғындары үшін сапалы және салыстырмалы түрде арзан қызметке қол жеткізу.
2013 жылы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында 2011-2012 жылы бөлінген кредиттің қайтарылған қаржысы есебінен 81 миллион теңгеге 2 үйге жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар, 652 пәтер иесі үй жөндеуге тұрғын үй көмегін алды.
Тұтастай алғанда бағдарлама жүзеге асырылған 3 жылдың ішінде 98 үйге жөндеу жүргізілді.
Облыста абаттандыру жұмысы жалғастырылды. Өткен жылы облыс бойынша 4 мың километр көше мен жол, саябақ пен гүлзарлардың 1,3 мың шаршы метр аумағы, алаңдар, көппәтерлі тұрғын үйлердің 100 мыңға жуық аулалық аумақтары тазартылды.
785 рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын орындар жойылды. 101 мың түп ағаш пен тал көшеттері отырғызылып, 42 мың шаршы метрге гүлбақ жасалды.
2013 жылы “Өңірлерді дамыту” бағдарламасы аясында Айыртау ауданының Саумалкөл ауылында құны 280 миллион теңге болатын, қуаттылығы сағатына 10 Гкал-ды құрайтын қазандық пайдалануға берілді. Қызылжар ауданындағы Бескөл ауылында құны 616,3 миллион теңгені құраған, қуаттылығы сағатына 17,2 Гкал болатын орталық қазандықтың құрылысы аяқталды.
2014 жылы облыстың бірлесіп қаржыландыруымен республикалық бюджеттен Бескөл ауылындағы магистральдық жылу желілерінің құрылысына 555,7 миллион теңге бөлінді.
2013 жылдан бастап республикалық бюджеттен бөлінген трансферттің есебінен Петропавл қаласының кәріздік-тазарту ғимараттарының 4-інші кезеңі басталды. Аталмыш инвестициялық жобаның құны 3,6 миллиард теңгені құрайды (жобаны жүзеге асыру 2016 жылы аяқталады).
Кәріздік-тазарту ғимараттарды қайта құрудың 4 кезеңі қорытындылаушы болмақ және толық биологиялық тазарту әдісімен, үдерістерді басқарудың автоматтық жүйесімен қамтамасыз етіп, Есіл өзенінің ластану қаупін жоюға мүмкіндік береді.
Инвестиция
2013 жылы облыс экономикасының негізгі капиталына 100 миллиард теңгеден астам инвестиция салынды. Оның ішінде республикалық бюджеттен 18,1 миллиард теңге және облыс бюджетінен 4,1 миллиард теңге білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, сумен қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау және тұрғын үй нысандарының құрылысына жұмсалды. Облыстың шаруашылық жүргізуші субъектілерінің меншікті қаражаты және қарыз есебінен түскен инвестиция 73,4 миллиард теңгені құрады. Олар өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, энергетиканы, көлікті, байланысты және тағы басқаларды дамытуға салынды.
Тұрғын үй құрылысы
Облыста “Қолжетімді тұрғын үй – 2020” бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асырылуда. 2013 жылы облыс аумағында барлық қаржыландыру көздері есебінен 115 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2012 жылмен салыстырғанда 114,3 пайыз. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы көлемінің ішінде “Қолжетімді тұрғын үй – 2020” бағдарлама аясында жалпы алаңы 41,6 мың шаршы метр болатын 8 үй (481 пәтер), соның ішінде тұрғындардың әлеуметтік-қорғалған санаты үшін жалпы алаңы 19,2 мың шаршы метр болатын 4 жалгерлік-коммуналдық тұрғын үй (237 пәтер), жас отбасылар үшін жалпы алаңы 8,8 мың шаршы метр болатын 2 үй (99 пәтер), тұрғын үй құрылыс жинағы жүйесі бойынша қатысушыларға жалпы алаңы 13,6 мың шаршы метр болатын 2 үй (145 пәтер) пайдалануға берілді.
Тұрғындардың қаржысы есебінен 55,6 мың шаршы метр (438 пәтер), сондай-ақ жалпы алаңы 5,3 мың шаршы метр болатын (72 пәтер) коммерциялық үй және кәсіпорындардың есебінен 1,1 мың шаршы метр (4 пәтер) үй пайдалануға берілді.
“Жұмыспен қамтудың Жол картасы – 2020” бағдарламасы аясында жалпы алаңы 11,4 мың шаршы метр (148 пәтер) болатын тұрғын үй пайдалануға берілді.
Тұрғын үй құрылысына 6,7 миллиард теңге жұмсалды, бұл 2012 жылға қарағанда 3 пайызға жоғары.
2014 жылы “Қолжетімді тұрғын үй – 2020” бағдарламасын жүзеге асыру аясында тұрғын үйді пайдалануға беру жөніндегі жоспар 107 мың шаршы метрді құрайды. Әлеуметтік-қорғалған тұрғындар санаты үшін жалпы аумағы 18,4 мың шаршы метр болатын 4 жалгерлік-коммуналдық тұрғын үйді (244 пәтер), жас отбасылар үшін жалпы аумағы 13,7 мың шаршы метр болатын 6 үйді (126 пәтер), тұрғын үй құрылыс жинағы жүйесі бойынша қатысушыларға жалпы көлемі 10,5 мың шаршы метр болатын 2 үйді (138 пәтер) пайдалануға беру жоспарланған.
Сонымен қатар “Бизнестің Жол картасы – 2020” бағдарламасы бойынша Петропавл қаласындағы “Береке” шағынауданында 2 жатақхана салынып, 200 отбасының баспана алуына мүмкіндік туғызылмақ.
Тұрғындар үшін баспананың қолжетімділігі ипотеканы жандандыру және қарқындату арқылы да қамтамасыз етілуде. Біз бұл жөніндегі жұмысты жалғастырудамыз.
2014 жылы Солтүстік Қазақстан облысында “Қазақстандық Ипотекалық Компания” ипотекалық ұйымы” АҚ желісі бойынша тұрғын үй құрылысы басталмақ. Үстіміздегі жылы 116 және 96 пәтерлі екі тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Қазіргі кезде құрылыс жөніндегі жұмысты сатып алу бойынша конкурстық рәсімдер жарияланған.
“Қолжетімді тұрғын үй – 2020” бағдарламасын жүзеге асыруға Үй құрылысы комбинаты жақсы демеу болмақ. Үстіміздегі жылы Үй құрылысы комбинаты деңгейіне жеткізілген инновациялық қондырғылармен жаңғыртылған темірбетон өнімдері зауытын іске қосу жоспарланған. Жоспарланған өндірістің қуаттылығы – жылына 100-130 мың шаршы метр тұрғын үй. Пайдаланылатын жаңа технология Астана және Омбы қалаларындағы кәсіпорындармен салыстырғанда шығарылатын өнімнің өзіндік құнын төмендетеді. Жобаның құны 1,2 млрд. теңгені құрайды.
2011-2020 жылдарға арналған “Ақбұлақ” бағдарламасы
Таза ауызсу – заманауи өмір сапасының басты шарттарының бірі.
2013 жылы облыстың елді мекендерін сапалы ауызсумен қамтуға 2,67 миллиард теңге жұмсалды, оның ішінде республикалық бюджеттен мақсатты трансферт – 2,48 миллиард теңге, облыстікінен – 185,3 миллион теңге.
162 км. су құбырының, соның ішінде 3 ауылға баратын ұзындығы 21,4 км. 2 тарату желісі торабының, 6 ауылда 66,4 тарату желісінің, 14 ауылда жерасты суынан ұзындығы 74,2 км. су құбырының, 1 ауылда бір жергілікті су ұңғымасының құрылысы атқарылды.
8 сумен қамту нысаны пайдалануға беріліп, 3,2 мың адам тұратын 5 ауылға ауызсу берілді және 18,6 мың адам тұратын 6 ауылда ауызсумен қамту жақсарды.
2014 жылы 34 сумен қамту нысанының құрылысына және қайта құру жұмысына 2,93 млрд. теңге, соның ішінде республикалық бюджеттен 2,6 млрд. теңге мақсатты трансферт және облыстікінен 306,3 млн. теңге қарастырылған. Республикалық және облыстық бюджеттің трансферттері есебінен 168,25 км. су құбырларының құрылысы және қайта құру жұмысы орындалмақ, соның ішінде:
– 31 ауылға 160,14 км. тарату желісі;
– Уәлиханов ауданында 13 ауылды жерасты суы арқылы сумен қамту үшін ұзындығы 8,11 км. су ағызғы бар.
Жылдың қорытындысы бойынша 1,66 мың адам тұратын 4 ауылға ауызсу беру және 1,65 мың тұрғыны бар 3 ауылдың сумен қамтылуын жақсарту жоспарланып отыр.
Автомобиль жолдары
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған маңызды міндеттердің бірі көлік инфрақұрылымын дамыту болып табылады.
Аграрлы Солтүстік Қазақстан облысы үшін дамыған сапалы автомобиль жолдарының желісі зор маңызға ие.
Өңірдің жол саласындағы жағдайын жақсарту өте маңызды деп есептеймін. Бұл менің атыма жолданған азаматтардың өтініштерінің көбісінің жолдың сапасына көңілі толмайтындығымен айғақталады.
Өңірдің барлық дерлік автожолдар желісі жөндеуді, ал 49 пайызы күрделі жөндеуді қажет етеді. Мен облыстың көптеген жолдарымен жүріп өттім. Алған әсерім қапаландырарлықтай.
Қолданыстағы норматив бойынша бір километр жолды қайта құруға 150 миллион теңге қажет. Біз автомобиль жолдарына бөліп отырған қаржымен оларды біртіндеп қалыпты жағдайға жеткізудеміз.
2011 жылы республикалық маңызы бар “Көкшетау-Петропавл” автомобиль жолын қайта құру басталды. Бүгінде 132 километрдің 26 километрінде қайта құру жұмысы аяқталды. Құны 20 млрд. теңгені құрайтын жоба 2017 жылы толық жүзеге асырылады деп күтілуде.
Бүгінгі таңда өңіріміздегі облыстық және аудандық маңызы бар 7,5 мың километрден асатын автокөлік жолдарына 2013 жылы қайта құруға, жөндеуге және ұстауға алғаш рет 5,5 миллиард теңге бөлінді, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Соның ішінде облыстық бюджеттен 2,6 миллиард теңге бөлінді.
Бұл қаржыға жоспарға сәйкес Тайынша ауданындағы “Лавровка-Келлеровка-Тайынша-Чкалов” автожолының 9,4 километрі қайта құрылып, 124,4 километр автокөлік жолына күрделі және орта, сондай-ақ ағымдағы жөндеу және күту жұмыстары жүргізілді. Бұл 340 мың тұрғыны бар 405 елді мекенді байланыстыратын жолдардың жағдайын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік берді.
Облыстың барлық аудандарында және Петропавл қаласында стандартқа сәйкес жолаушылардың күту орындарын көркейту жүргізілуде. Петропавл қаласының сапаржайына жөндеу жүргізіліп, жолаушыларды отырғызу қосындарына жаппа салынды, электрондық билеттендіру бағдарламасын орнату, ана мен бала бөлмесін жабдықтау жүргізілуде.
3 жаңа автостанцияның (Саумалкөл, Новоишим және Тайынша қ.) және 2 мыңнан аса тұрғыны бар елді мекендерде 7 қосын салу қарастырылған. Бұрынғысынша сапалы қызмет көрсету негізгі бағыт болмақ. Қалалық қоғамдық көліктердің 70 пайызына GPS-навигатор орнатылған, бұл 90 пайыздан астам бағыт бойынша олардың жұмысын қадағалау мен жүйелілікті жақсартуға мүмкіндік берді. Қызмет көрсету сапасына оң нәтиже беретін спутниктік байланыс арқылы аялдамаларды автоматты хабарлау орнатылды.
Облыстың елді мекендерін автобус қатынасымен қамту мақсатында 29 ауданішілік бағытқа 12,7 млн. теңге демеуқаржы бөлінді, өсім 19 пайыз..
2013 жылы республикалық бюджеттен әуе қатынастарына демеуқаржыға 142,2 млн. теңге “Астана-Петропавл-Астана” мен “Алматы-Петропавл-Алматы” әуе бағыттарына сәйкесінше 241,5 млн.теңге бөлінді. Жергілікті әуе жолдарын дамыту мақсатында облыс аудандарында 3 аэродром салу жоспарланып отыр.
2014 жылы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарына 4 млрд. 891 млн.теңге бөлінген. КТ-68 “Лавровка-Келлеровка-Тайынша-Чкалов” автомобиль жолының 6,6 километрін қайта құруды жалғастыру, 1млрд. 423 млн. теңгеге 5 автожолға және 2 апатты көпірге күрделі жөндеу жұмысын жүргізу жоспарланған.
1 млрд.83 млн. теңгеге 169,1 километр жол орташа жөндеумен қамтылатын болады. Ағымдағы жөндеу мен ұстауға 1 млрд. 385 млн. теңге жұмсалады.
Біз өңір үшін әлеуметтік маңызы бар жол құрылысы нысандарына мейлінше көп күш-жігер жұмсап отырмыз. Қаржыны тиімді жұмсау, шығынды төмендету – бұл жұмыста басымдыққа ие болуы тиіс аспектілер.
Бюджет
Барлық атқарушы органдар мен салық қызметінің мақсатты және жүйелі жұмысы 2013 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті бюджет жоспарын (республикалық бюджеттен бөлінген трансферттерді, жекешелендіруді және қарызды ескере отырып) 100,2 пайызға орындауға мүмкіндік берді немесе 113,7 миллиард теңге түсті.
Атқарылған жұмыстың тиімділігінің көрсеткіші – облыс бюджетіне түскен өзіндік кірісіміздің 25,8 миллиард теңгеден астам болғандығы, бұл 2011 жылдың деңгейінен 1,2 есе көп.
Сондай-ақ 2013 жылы тиімді жұмыстың нәтижесі салық және бюджетке төлем бойынша берешектің өткен жылмен салыстырғанда 1,0 миллиард теңгеге төмендеуі болды.
Оң үрдіске қарамастан, көптеген аудандарда бюджеттің жалпы көлемінде өзіндік кірісінің үлесі ( 6,8-ден 21,5 пайызға дейін) төмен қалпында қалып отыр. Кірістің негізгі көзі қосалқы және әлеуметтік салық болып табылады, олардың 2013 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті бюджеттің өзіндік кірісіндегі үлесі 65,5 пайызды құрап отыр. Аталмыш көздер бойынша кірістер еңбекақы қорына тікелей тәуелді екенін ескерсек, онда үстіміздегі жылы еңбекақыны уақытында төлеу мен экономиканың нақты секторында оны көбейту жөніндегі жұмысты жалғастыру керек, жұмыс істейтін кәсіпорындарда жұмысшыларды босатуды және оларды толық емес жұмыс күніне ауыстыруды болдырмау қажет.
2013 жылдың қорытындысы бойынша облыс бюджетінің шығысы 98,8 пайызға орындалды.
Соңғы үш жылда шығыстар бойынша облыс бюджеті көлемінің едәуір артқанын атап өту керек. Егер 2011 жылы шығыстар бойынша облыс бюджетінің көлемі 92,1 млрд. теңгені құраса, 2013 жылы 114,6 млрд. теңгеге жетіп, 1,2 есе артты.
Былтырғы жылдың сәйкес кезеңінде шығыстар бойынша бюджеттің орындалуы 98,1%-ды құрады, 2066,0 млн. теңге игерілген жоқ.
Облыстық бюджет есепті кезеңде жоспар бойынша 61,6 млрд. теңге болса, ол 98,9%-ға орындалды, кассалық шығыстар 60,9 млрд. теңгені құрады, 655,1 млн. теңге игерілген жоқ.
Орындаудың орташа аудандық пайызы – 99,3.
2014 жылы барлық деңгейдегі әкімдер мен тиісті облыстық және аудандық органдардың басшылары үшін ең басты міндет бұрынғысынша жергілікті бюджеттің кіріс бөлігі түсімінің жоспарын толық және сапалы орындау, сондай-ақ бюджет қаржысын толық игеруді қамтамасыз ету, бюджеттің шығыс бөлігін барынша тиімді орындау және түпкі нәтижелерге қол жеткізу болып табылады. Барлық жұмыс осы бағытта жүргізілуі тиіс.
Банк саласы
Экономикалық саясаттың негізгі мақсаттарының бірі өңірдің банк жүйесін дамыту болып табылады.
Облыстың банк жүйесін екінші деңгейлі 19 банк филиалы мен олардың 63 құрылымдық бөлімшесі құрайды.
Банк филиалдарының тұрғындардан және заңды тұлғалардан салымдарға тартқан қаржысының көлемі 2013 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2014 жылы 1 қаңтарда 19,4%-ға артып, 63,5 млрд. теңгені құрады. Облыс экономикасына несие салымдарының көлемі 2012 жылғымен салыстырғанда 2013 жылы 17,6%-ға өсіп, 106,3 млрд. теңгені құрады. Бұған қоса екінші деңгейлі банк филиалдары берген несие көлемі 24,0 пайызға артып, 112,8 млрд. теңге болды.
Банктердің шағын бизнесті несиелік қолдауы – 20,3 млрд. теңге.
2013 жылы банктер 7,1 млрд. теңгенің ипотекалық несиесін берді, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп, тұтыну несиесінің көлемі 1,4 есе артып, 30,6 млрд. теңге сомасында болды.
Облыс тұрғындарына екінші деңгейлі банктер орналастырған 272 банкомат қызмет көрсетеді, сондай-ақ 1184 pos-терминал жұмыс істейді. Облыс тұрғындарына карточка бойынша қызмет көрсететін 567 сауда және сервистік қызмет көрсету орны бар.
Тұрғындарды әлеуметтік қорғау
Тұрғындарды жұмыспен қамту
Жалпыға Бірдей Еңбек Қоғамын құруға бағдарланған әлеуметтік жаңғырту қағидаттарына сәйкес облыста кадрларды еңбекке орналастыру және даярлау үшін мүмкіндік туғызылуда.
2013 жылы 29 мың адам жұмыспен қамтылды, соның ішінде 16,7 мыңы – жұмыспен қамту органдары арқылы, олардың 75 пайызы – тұрғындардың мақсатты топтарынан. Облыс бойынша жұмыспен қамту пайызы – 100 пайыз (2012 жылы – 99,0%).
13602 жаңа жұмыс орны ашылды, соның 9358-і ауылдарда (68,8%). Шағын және орта бизнес кәсіпорындарын қолдау 7,4 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес өңірдегі жұмыссыздық деңгейі 5,2%-дан (2012 жылы) 5,0%-ға (2013 жылдың 3 тоқсаны) төмендеді. Бүгін біздің облыста экономикалық тұрғыдан – белсенді тұрғындардың 95 пайызы экономика саласында жұмыспен қамтылған (2012 жылы – 94,7%).
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген негізгі міндеттерді жүзеге асыру үшін тұрғындарды жұмыспен қамту жөніндегі жұмыс Облыс аумағын дамыту бағдарламасы шеңберінде жалғасын табады.
Осы бағдарламаға сәйкес жұмыспен қамту органдары аудандар және Петропавл қаласы әкімдерімен бірлесіп, 12,2 мың адамды жұмыспен қамтуды көздеп отыр. 9 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. Облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарының квоталары бойынша мүгедектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге айрықша көңіл бөлінеді.
Жергілікті жерлердегі атқарушы билік органдары жұмысының басым бағыттарының бірі Елбасы тапсырмасы бойынша тұрақты және өнімді жұмыспен қамтуды ұйымдастыру мақсатымен әзірленген “Жұмыспен қамтудың Жол картасы – 2020” бағдарламасын жүзеге асыру болып табылады.
2013 жылы оның жүзеге асырылуына 4,2 млрд. теңге жұмсалды. 2013 жылдың қорытындысы бойынша жұмыссыз, аз қамтылған, өз бетімен жұмысқа тұрған азаматтар қатарынан 4426 адам бағдарлама қатысушысы болып табылды. Олардың 76,9 пайызы – ауылдық жерлердің тұрғындары.
“Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” бағдарламасының шараларын жүзеге асыру тиімділігінің негізгі өлшемі тұрғындардың тұрақты және өнімді жұмыспен қамтылуы болып табылады. 2013 жылы бағдарлама шеңберінде барлығы 6,8 мың адам жұмыспен қамтылды.
Бағдарламаның бірінші бағыты аясында әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарын күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша 99 жоба жүзеге асырылды. Жобаларды жүзеге асыру кезінде 1300 адам жұмысқа тұрғызылды, олардың 53,8 пайызы бағдарлама қатысушысы (699 адам) болып табылады.
Жеке істі құруға және кеңейтуге деген кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында 291 қарыз алушыға жалпы сомасы 600,0 млн. теңге несие берілді. Шағын несиелеу қатысушыларына кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, бизнесжоспарды әзірлеуде, жол жүру мен жатын орынға материалдық көмек көрсету қарастырылған. 2013 жылы бағдарламаның 100 қатысушысына осындай көмек көрсетілді. Бұдан басқа, несие алушылардың 7 өтініші бойынша жетпей тұрған инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы жөнге келтірілді. Несие алушылар қосымша 136 жұмыс орнын ашты.
Жұмыс берушілердің сұранысы шеңберінде еңбек әлеуетін дамыту мақсатында 2013 жылы бағдарламаның 1051 қатысушысы кәсіптік оқуға тартылды, 952 адам әлеуметтік жұмыспен қамтылды, 1058 жас маман жастар тәжірибесіне жіберілді. Жұмыс берушілер ұсынған бос орындарға 791 адам тартылды.
2013 жылы қанатқақты режімде облыстың жеті ауданында 10 пайыздан төмен емес көлемде қоса қаржыландыру арқылы жұмыс беруші тарапынан 82 пәтерлік 60 үйдің құрылысы жүргізілді. 2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 38 пәтерлік 31 үйдің құрылысы аяқталды. Биыл 44 пәтерлік 29 үйдің құрылысын аяқтау жоспарланған.
2013 жыл ішінде жалпы саны 427 адамды құрайтын 113 отбасы жаңа қонысқа көшірілді, олардың ішінде жұмыс істеуге қабілеті бар 268 адам жұмыспен қамтылды.
Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың кедейшілік деңгейін кеміту және тұрғындардың әлеуметтік әлжуаз топтарына қолдау көрсету жөніндегі тапсырмасына сәйкес облыста “Кедейсіз аумақты” құру туралы шаралар жоспарын жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізілуде.
194 ауылдық округтің 91-інде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар жоқ.
Күнкөріс минимумынан төмен табысқа ие тұрғындар үлесі 2012 жылғы 5,7 пайыздан 4,2 пайызға (2013 жылдың тоғыз айындағы қорытынды бойынша) немесе 1,5 пайыздық пунктке төмендеді.
Аталмыш шаралар балалар жәрдемақысын алушылар қатарын 2012 жылдағы 15,0 мың баладан 2013 жылы 10,5 мың балаға дейін төмендетуге немесе 30 пайызға азайтуға мүмкіндік берді.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатары 2013 жылы 2012 жылғы 6,1 мың адамнан 3,1 мыңға дейін азайды немесе 49,2%.
Елбасының кедейшілік деңгейін кеміту бойынша тапсырмасын орындау үшін мынаны жүзеге асыру қажет:
– мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатындар қатарынан еңбекке қабілетті азаматтарды “Жұмыспен қамтудың Жол картасы – 2020” және аумақты дамыту бағдарламасына тарту жөніндегі жұмысты жалғастыру.
Елбасы биылғы Жолдауында мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек назар аудару керектігін атап өткен болатын. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы тиіс.
Осы мақсатта облыста мүгедектердің қоршаған ортаға қолжетімділігін қамтамасыз ету жөнінде белсенді шаралар қолданылуда, соның ішінде қоғамның барлық мүшелеріне ұсынылатын нысандарға, көлікке, ақпарат пен қызмет көрсетуге де.
Мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына қолжетімділігі деңгейін бағалау үшін 2012-2013 жылдары облыста 2585 нысанды төлқұжаттау жүргізілді.
Тексерілген нысандардың мемлекеттік меншіктегі 455-сі барлық топтағы мүгедектер үшін қол жетімсіз болып отыр. Аталған нысандарды мүгедектер үшін бейімдеу бойынша жұмыс атқару аясында 2014 жылы 68 нысанды, 2015 жылы 90 нысанды қайта құру жоспарланған.
Аталған тапсырмаларды орындау үшін мүгедектердің жеке секторға кедергісіз қолжетімділігін ұйымдастыру бойынша жұмысты күшейту қажет.
Мүгедектерді қоғамға кіріктіру мақсатында мұқтаж жандар жаңа технологияларды пайдалану арқылы дайындалатын оңалту құралдарымен қамтамасыз етілуде.
Мәселен, 2013 жылы бұл мақсатқа барлық деңгейдегі бюджеттерден 242,3 млн. теңге, оның ішінде техникалық құралдарды және протездеу-ортопедиялық көмек алуға облыстық бюджеттен –148 млн. теңге, сондай-ақ гигиеналық құралдарды, жеке көмекші қызметін және ымдау тілі маманын алу үшін аудандық және қалалық бюджеттерден 94,3 млн. теңге бөлінді. Барлығы 4253 адам оңалту құралдарымен қамтамасыз етілді.
Бұған қоса, жол белгілері мен көрсеткіштерін орнатуға, жаяу жүргіншілер жолын көркейтуге және жаңалықтар телехабарларының сурдоаудармасын ұйымдастыруға 2014 жылы жергілікті бюджеттен 43,5 млн. теңге бөлінді.
Петропавл қаласында көлік қызметін ұйымдастыру мақсатында “Әлеуметтік такси” қызметі жұмыс істейді. 2013 жылы есепті кездесу кезінде тұрғындардан түскен ұсыныстарға сәйкес “Әлеуметтік такси” автопаркі мамандандырылған екі көлікпен толықтырылды, темір жол вокзалында кресло-қол арбамен жүретін мүгедектерді поезға мінгізу және түсіру үшін көтергіш сатып алынды.
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру жұмысы жүргізілуде. Өткен жылы 514 адамға тұрақты жұмыс тауып берілді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мүгедектерге квота беретін кәсіпорындар тізімін кеңейту бойынша жұмыс тауып берілді. Жұмысқа орналастыру бойынша жұмыспен қамтудың жеке агенттіктерімен 3 меморандумға қол қойылды.
Білім беру
Ел Президентінің “Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” Жолдауы – елдің жаңа саяси бағытын айқындайтын құжат. Елбасы өз Жолдауында Қазақстанның игілігін білім беруді жаңғыртумен байланыстырғаны назар аударарлықтай.
“Білім беру” саласын дамытуға 2013 жылы 36,5 млрд. теңге бөлінді, бұл 2012 жылмен салыстырғанда (35,5 млрд. теңге) 2,8 пайызға көп.
Мектепке дейінгі білім және тәрбиемен 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндердің 89 пайызы қамтылған. Петропавл қаласында мектепке дейінгі орындармен қамтамасыз ету мәселесі өзектілігін жойған жоқ. Бүгінгі таңда балабақша кезегіне 9 мыңнан астам ата-ана өтініш берген.
Бұл мәселені біртіндеп шешудеміз. 2013 жылы Петропавл қаласында 3 балабақша, облыс аудандарында 175 жаңа орынмен қамтамасыз еткен 5 шағын орталық пайдалануға берілді.
Қолданыстағы мектепке дейінгі білім беру мекемелерін кеңейту арқылы 707 жаңа орын ашылды.
2014 жылы бұл мәселе барлық аудандарда оңтайлы шешімін тауып, облыс орталығында мемлекеттік-жекеменшіктік серіктестік негізінде мекемелер ашу бойынша жұмыс жалғасатын болады.
Негізгі мақсат мектепке дейінгі тәрбие және білім беру мазмұнын жақсарту болуы тиіс.
Жалпы білім беретін мектептер жүйесі дамып, жетілдірілуде. 2013-2014 оқу жылының басында Жамбыл ауданының Айтуар ауылында 80 орындық мектеп пайдалануға берілді.
Бүгінгі таңда республикалық бюджеттің есебінен апатты жағдайдағы ғимараттың орнына Мамлют ауданының Мамлютка қаласында 300 орындық орта мектептің құрылысы жүргізілуде.
Бірнеше жыл қатарынан Ғ.Мүсірепов атындағы ауданға қарасты Буденное ауылында апатты жағдайдағы мектептің орнына жаңасының құрылысын жүргізу мәселесі өткір тұрған болатын. 2014 жылы аталған елді мекенде мектеп ғимаратының құрылысын бастауға облыс бюджетінен 100 млн. теңгенің қаражаты бөлінді.
Үстіміздегі жылы апатты жағдайдағы мектептер мәселесі толық шешіледі.
Мемлекет басшысы білім беру жүйесінің алдына бірегей сапалы білім беру жүйесін енгізу міндетін қойды. Осыған байланысты 2014-2016 жылдарға арналған білім берудің мазмұнын жаңартудың басым бағыттары анықталды. 2015 жылдан бастап бірінші сыып оқушылары осы жүйе бойынша оқытылмақ. Сонымен бірге Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі енгізілетін болады.
120 орындық жатақханасы бар 720 орынға шақталған химия-биологиялық бағыттағы “Назарбаев Зияткерлік мектебінің” құрылысы 2014 жылдың екінші жартысында пайдалануға берілмек.
2013 жылғы ҰБТ нәтижесі бойынша өңір түлектері республика бойынша Астана, Алматы қалаларындағы, Ақтөбе облысындағы құрдастарынан кейінгі 4-ші көрсеткішке ие болды. Солтүстікқазақстандық түлектер екі жыл қатарынан математика, биология, ағылшын тілі пәндері бойынша ҰБТ-ның республикалық көрсеткіштерінен жоғары нәтиже көрсетуде. Осы көрсеткішті биылғы жылы да сақтауымыз қажет. Мектеп түлектеріне жоғары оқу орындарында білімдерін жалғастыруға мүмкіндік беру керек.
Оқушыларды әлеуметтік қолдау, яғни, мектептегі тамақтануды ұйымдастыру, оқушыларды мектепке және мектептен үйге жеткізу, жазғы демалысты ұйымдастыру мәселелері білім беру органдарының үнемі бақылауында болуы керек.
Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру үшін 211,6 млн. теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде жазғы лагерьлерді ағымдағы жөндеуге бюджеттен 14,8 млн. теңгенің, тегін сауықтыруға мұқтаж балаларға жолдама алуға – 31 млн. теңгенің, сауықтыру лагерьлерін жабдықтауға –10,6 млн. теңгенің, жазғы алаңдар жұмысын ұйымдастыруға 8 млн. теңгенің қаражаты бөлінді.
Облыста жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 1805 баланың 108-інің өздеріне бекітілген пәтерлері бар.
Мемлекеттік қордан тұрғын үй алуға аталған санаттағы 1257 бала кезекке тұрғызылды.
2013 жылы ұзақ жылдан соң алғаш рет жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 29 бала пәтерлерге қол жеткізді (Айыртау ауданынан – 5, Ақжар ауданынан – 1, Жамбыл ауданынан – 1, Қызылжар ауданынан – 3, Ғ.Мүсірепов атындағы ауданнан – 6, Шал ақын ауданынан – 3, Петропавл қаласынан –10).
Үстіміздегі жылдың өткен мерзімінде Тайынша ауданында “Қолжетімді тұрғын үй– 2020” мемлекеттік бағдарламасы бойынша аталған санаттағы тағы да 18 адам пәтерге ие болды.
Техникалық және кәсіптік білім беру саласында экономиканың мамандарға деген ағымдағы және болашақтағы сұранысын қанағаттандыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл мақсатта 5070 білікті кадр даярланып, олардың 55,7 пайызы, яғни 2882 адам мемлекеттік тапсырыс бойынша өз білімдерін жетілдірді. Түлектердің 77,5 пайызы жұмысқа орналастырылды.
Колледждерде кадрларды даярлаудың сапасы түлектердің кәсіптік дайындық деңгейін тәуелсіз бағалау нәтижесімен расталады. Алғаш рет сырттай оқу үлгісі бойынша 252 түлек кәсіптік дайындық деңгейін тәуелсіз бағалаумен қамтамасыз етілді. Олардың 251-і, яғни 99,6 пайызы шекті деңгейден өтті.
Халықаралық даму банкінен қарыз алу есебінен, жаңғырту аясында 168 млн. теңгенің қаражатына 3 колледждің оқыту-материалдық базасы нығайтылып, 7 колледж республикалық бюджеттен 175 млн. теңгенің қаржысына арнайы техника, құрал-жабдық сатып алды.
ҚР Үкіметі құрған “Кәсіпқор” холдингі” коммерциялық емес акционерлік қоғамы жүзеге асыратын “Техникалық және кәсіптік білімді жаңғырту” жобасын іске асыру аясында облыс колледждеріндегі 17 қызметкер Ресей, Түркия, Франция, Финляндия, Германия, Норвегия елдерінің білім беру мекемелерінде өз біліктіліктерін арттыру мүмкіндігіне ие болды.
Колледждерде әлеуметтік серіктестермен өзара іс-қимыл жасау жөнінде тұрақты жұмыс жүргізіледі. Облыстың колледждері мен кәсіпорындары арасында 742 келісім мен шарт жасалған. Олардың 116-сы– үшжақты, 626-сы – екіжақты.
Мемлекет басшысының Жолдауында дуальдік техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің өзегін қалыптастыру міндеті қойылды.
Өткен жылдан бастап облыстың 6 колледжінде кадрлар даярлаудың дуальдік жүйесінің халықаралық тәжірибесін енгізу бойынша алаңдар жұмыс істеуде.
2014-2015 оқу жылында 1505 студентті қамтитын 16 мамандық бойынша 10 колледжді дуальдік оқытуға ауыстыру көзделіп отыр. Облыстың еңбек нарығы мен экономикалық сұранысын ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту жалғасатын болады.
Денсаулық сақтау
Мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің жаһандық индексінің негізгі критерийлерінің бірі өмір сүру ұзақтығын арттыру болып табылады.
Мемлекет басшысы өзінің жылсайынғы Жолдауында денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің алдына аса маңызды міндеттердің бірі – қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа дейін және одан жоғары арттыру міндетін қойды.
Қазіргі Жолдау, сол сияқты денсаулықты сақтауды дамытуға арналған ”Саламатты Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылатын басты басымдықтардың бірі азаматтардың денсаулығын қорғау болып табылады.
Облыстың денсаулық сақтау жүйесін 4329 жатын орны бар 30 аурухана ұйымдарынан тұратын медицина ұйымдарының желісі құрайды, оның 4274 орынды 28-і – мемлекеттік, 30 орынды 1-уі – ведомстволық, 25 орынды 1-уі – жекеменшік; Бұдан басқа 132 амбулаторлық-емханалық ұйым, 471 медициналық және 53 фельдшерлік-акушерлік қосын бар.
Дәрігер кадрларымен қамтамасыз етілу көрсеткіші 2,4 %-ға өсті, 10000 адамға шаққанда 25,2-ден 25,8-ге дейін (ҚР бойынша 2013 ж. 12 айында – 37,3), орта арнаулы медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етілу көрсеткіші 0,2%-ға, 10000 адамға шаққанда 90,5-тен 90,7-ге дейін (ҚР бойынша 2013 ж. 12 айында – 88,2).
Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру жыл сайын артып келеді, 2013 жылы оны дамытуға 23,6 млрд. теңге жұмсалды немесе 2012 жылға қарағанда 31,8%-ға көп (2012 жылы – 17,9 млрд. теңге).
Өткен жылы облыс пен қаланың медициналық ұйымдарына республикалық бюджет есебінен медициналық техника сатып алу үшін 872,6 млн. теңге бөлінді.
Облыстың медициналық ұйымдары үшін ең жаңа құрал-жабдықтар, атап айтқанда, бауырды фиброкөшіру аппараты, эндобейнетағандары, суреттерді цифрлауға арналған аппарат, рентген аппараттары, 9 реанимобиль, компьютерлік томографтар сатып алынды.
Материалдық-техникалық базаны жақсарту медициналық қызмет көрсету жүйесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді.
Есіл ауданындағы Явленка ауылында, Аққайың ауданындағы Смирново ауылында, М.Жұмабаев ауданындағы Булаево қаласында, Шал ақын ауданындағы Сергеевка қаласында 2012 жылдан бері бір ауысымда 250 адам қабылдайтын 4 аудандық емхананың құрылысы жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Үкіметі, жергілікті атқарушы органдар жүргізген іс-шаралар тұрғындар денсаулығының негізгі көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік берді.
Өткен жылмен салыстырғанда жалпы адам өлімінің 0,6%-ға, ана өлімінің 2 есе, туберкулезбен ауыру 2%-ға, туберкулезден қайтыс болу 19,5%-ға азайды – 100000 адамға шаққанда 8,2-ден 6,6-ға дейін (45-тен 38 жағдайға).
Балалар арасында туберкулезден қайтыс болу жағдайы тіркелген жоқ.
Облыстағы жұқпалы ауру бойынша эпидемиологиялық ахуал аса қауіпті ауру жағдайы болмағандықтан және жекелеген аурулардың азаюынан тұрақты болып отыр.
Қан айналымы жүйесі ауруларынан қайтыс болуды азайту мақсатында облыста 2013 жылы жүрекке 600-ден астам ота жасалды.
2013 жылы Астана қаласының кардиохирургтері облыстық балалар ауруханасы базасында жүрегінің туабітті ақауы бар 14 балаға ота жасады, оның 3-уі – бір жасқа дейінгі сәбилер. Барлық балалар қанағаттанарлық жағдайда үйлеріне қайтарылды.
Облыстың алты ірі ауруханасында жоғары технологиялы оталар жасалуда.
Үшінші қалалық ауруханада 2012 жылдан бері репродукция бөлімшесі жұмыс істейді. 2013 жылы 9 бала туды, оның 4-уі – егіздер. 2013 жылы 57 экстракорпоралды ұрықтандыру бағдарламасы жүргізілді. Қазіргі уақытта 15 әйелде оң нәтиже бар.
Облыстық балалар ауруханасында сурдология кабинеті ашылды. Оған жаңа құрал-сайман сатып алынды. Есту қабілеті зақымданған балаларды электронды тіркеуді қалыптастыру жөніндегі жұмыс жалғасуда.
Біздің облыстың медицина қызметкерлері тұрақты түрде біліктіліктерін арттырады. 2011 жылдан бері облыстық перинаталдық орталық пен облыстық балалар ауруханасында ұйымдастырылған тиімді перинаталдық көмекке үздіксіз оқытуға және сәбиді емізу саясатын қолдауға, бала жасындағы ауруды интегралды жүргізуге арналған оқыту орталықтары белсенді жұмыс істейді. 2013 жылы облыстық балалар ауруханасы мен облыстық перианаталдық орталықта 783 дәрігер мен орта арнаулы медицина қызметкері оқудан өтті.
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету аясында автоматты ақпараттық жүйе енгізілді, сол сияқты пациенттердің дәрі-дәрмек құралдарын алуының нақты көрінісін көрсету үшін диспансерлік аурулардың регистрі құрылды. Онлайн режімінде жұмыс істейтін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің автоматты ақпараттық жүйесінің арқасында (ДҚАЖ) әртүрлі аурулар бойынша тұрғындарды тегін рецептермен қамтамасыз етуге арналған мониторинг жүргізіледі.
2013 жылы 116724 адам амбулаторлық деңгейде сомасы 1 млрд. 249 млн. теңгенің 300-ден астам атаулы тегін дәрі препараттарын алды.
Облыс орталығында және 12 ауданда телемедицина желісі орнатылған. Соның арқасында республиканың жетекші клиникаларымен телемедициналық консультациялар өткізуге мүмкіндік туды. 2013 жылы жоғары маманданған мамандар 270 консультация өткізді, соның ішінде – шалғай аудандардың пациенттері үшін де.
Алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметінің тиімділігін арттыру үшін 2014 жылдан бастап кешенді адам саны тарифі бойынша амбулаторлық-емханалық көмекке ақы төлеу тетігі енгізілді. Бұл тетік алғашқы медициналық-санитарлық көмек пен бейімді мамандардың өзара әрекет етуін жақсартуға, алдын алу сапасы арқылы консультативтік-дигностикалық көмектің негізсіз өсуін тоқтатуға бағытталған.
2014 жылы ана мен баланың өлімін, қан айналымы жүйесі ауруынан, онкологиялық аурулардан, жарақаттанудан, туберкулезден шетінеуді азайтуға арналған шараларды жүзеге асыру жалғасады, алғашқы медициналық-санитарлық көмектің әлеуметті-бағытталған үлгісі әрі қарай дамитын болады.
Мәдениет
Мәдениет саласында таяу болашақта дамудың негізгі векторын мәдени саясаттың ұзақмерзімді тұжырымдамасы айқындайтын болады. Онда қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті мәдени ментальдігін қалыптастыруға, заманауи мәдениет кластерлерін дамытуға бағытталған шаралар белгіленеді.
Мәдениет саласы демократиялық қоғамның жаңа мәдени саясатының кеңістігі ретінде қарастырылады. Азаматтарды мәдени өмір саласына тарту және тұрғындардың барлық топтарына қызметтің қолжетімділігі үшін барлық жағдай жасалады.
Бүгінгі күні тұтастай алғанда облыс бойынша 551 мәдениет нысаны жұмыс істейді, оның ішінде: 3 театр, филармония, 220 клуб (131-і – мемлекеттік), 313 кітапхана (308-і – мемлекеттік), 12 мұражай, кинобейнеқорды сақтау мен пайдалануға арналған орталық, 1 киноқондырғы. 456 мәдениет ұйымы мемлекет меншігінде.
Есепті жыл ішінде 6 кітапхана мен 5 клуб ашылды.
Саланы қаржыландыру көлемі 2,230 млрд. теңгені құрады, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 10,3%-ға көп (2,001 млрд. теңге).
Мемлекеттік кітапханалар қоры 2014 жылы 1 ақпанда жалпы сомасы 518 725,4 мың теңге болатын 3 673 659 дана құжатты құрады, оның 811229 данасы – мемлекеттік тілде (жалпы қордың 22%-ы). 99 кітапхана компьютерлендірілді, оның 93-і – облыстың аудандарында және 6-уы Петропавл қаласында.
Есепті кезеңде облыс театрлары 603 спектакль көрсетті, оның 15-і – жаңа қойылымдар. Олар Екатеринбург, Қазан, Ақтөбе, Астана, Қостанай, Көкшетау, Алматы қалаларындағы халықаралық және республикалық театр фестивальдеріне қатысты.
2013 жылы әлемдік деңгейдегі жетекші музыканттармен және ұжымдармен бірлескен шығармашылық концерттер өткізілді: халықаралық конкурстардың лауреаты Е.Кулибаевтың қатысуымен (Испания, скрипка), Денис Шаповаловтың (Россия, виолончель) және В.Афанасьевтің (Грекия) қатысуымен, Танеланың (рояль) және Лассе Йоаметстің (Эстония, скрипка) қатысуымен эстрада оркестрі мен джаз музыкасының концерттері. Облыс орталығында халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары М.Башайдың, Е.Бақтыгерейдің (Қарағанды) қатысуымен “Есіл” қазақ ұлттық аспаптары оркестрінің концерті өтті. Ақпан айында оркестрге белгілі жерлес ақын Сегіз серінің есімі берілді.
“Туған жер” би ансамблі Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясының концерттік бағдарламасына және Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты концертке қатысты. Эстрада және джаз музыкасы оркестрі Қорған қаласында (Ресей) Джаз музыкасының фестивалінде өнер көрсетті, “Әлқисса” фольклорлық ансамблі Ақтөбе қаласында өткен “Жұбанов көктемі – 2013” Халық аспаптары ансамбльдерінің халықаралық фестивалінде лауреат атанды, сол сияқты Италия мен Түркиядағы Халықаралық фестивальдерге қатысып оралды.
Салехард қаласында (Ямал-Ненец округі) Солтүстік Қазақстан облысының Мәдени күндерін мерекелеуге облыстық мұражай бірлестігі мұражай қорынан “Ұлы даланың тынысы” атты кең ауқымды көрме әзірледі. Көрмеге қазақ этнографиясының жәдігерлері қойылды, олар – қазақтың ұлттық кілемдері – текеметтер, сырмақтар, қазақтың ұлттық киімдері мен аяқкиімдері, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдары.
2014 жылы біздің алдымызда қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу және облысымыздың тұрғындарын рухани дамуға насихаттау мақсатында тұрғындарға бұдан да сапалы деңгейде қызмет көрсету міндеті тұр.
Спорт
Дене тәрбиесі мен спортты дамыту, саламатты өмір салтын насихаттау Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатындағы басым бағыттардың бірі болып табылады. Ел Президенті біздің алдымызға 2020 жылға дейін қазақстандықтардың 30 пайызы дене тәрбиесімен және спортпен айналысуы міндетін қойды.
2013 жылдың қорытындысы бойынша облыста 143 808 адам немесе өңірдің жалпы тұрғындарының төрттен бірі дене тәрбиесімен және спортпен айналысады. 2012 жылмен салыстырғанда саламатты өмір салтын ұстанатындар саны 3 685 адамға артты.
Инфрақұрылымды дамыту үшін біршама жұмыс атқарылуда. 2013 жылы өңірдің ғимараттар желісі 14 бірлікке көбейді. Бүгінгі күні облыс аумағында 2277 спорт ғимараты, оның ішінде 1849-ы ауылда жұмыс істейді. Әрбір аудандағы спорт залдары ұйымдар мен мекемелерге бекітіліп берілген, білім мекемелеріндегі спорт залдарының жұмыс кестесі бекітілген.
Облыста балалар мен жасөспірімдердің 26 спорт мектебі, спортқа дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернат, олимпиада резервін даярлау орталығы, 2 жоғары спорт шеберлігі мектебі, 4 спорт клубы жұмыс істейді. Жоғарыда аталған ұйымдарда 12 мыңнан астам адам спортпен айналысады.
Өңірде спорттың 61 түрі тараған. 2013 жылы саламатты өмір салтын кеңінен танымал ету мақсатында 1300 шара өткізілді, олардың ішінде ең бұқаралық сипатқа иелері – “Солтүстік” қысқы спорт мерекесі, спорттың ұлттық түрлеріне арналған облыстық спартакиада,“Ақ бидай” жазғы спорт мерекесі, облыстық әйелдер спартакиадасы мен облыстық Денсаулық күндері, оларға 300 мың-нан астам адам қатысты.
Бұқаралық спортты дамытуға жүйелі көзқарас жоғары жетістіктер спортында жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. 2013 жылдың қорытындысы бойынша 295 солтүстікқазақстандық спорт түрлері бойынша ҚР құрама командаларының құрамына енді. 2012 жылдың сәйкес кезеңінде 285 солтүстікқазақстандық ҚР құрама командаларының құрамына енген болатын.
Облыс жаттықтырушылары 1 ҚР-ның еңбек сіңірген спорт шеберін, 8 халықаралық дәрежедегі спорт шеберін, 36 спорт шеберін даярлады.
Республикалық және халықаралық жарыстарда олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша 553 медаль жеңіп алып, оның 216-сы – алтын. Өткен жылдың негізгі жеңістері:
– Маргарита Мукашеваның Қазандағы Бүкіләлемдік жазғы Универсиадада 800 метр қашықтықта ұлттық рекордпен алған алтын медалі;
– Ақан Баймағанбетовтың грек-рим күресі бойынша Болгарияда жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында алған қола медалі;
– велошабандоз Артем Захаровтың Азия кубогындағы жеңісі;
– Владимир Эрман Голландиядағы мүгедектердің Бүкіләлемдік ойындарында екінші рет чемпион атанды.
Екі солтүстікқазақстандық қысқы Олимпиадада Қазақстан Республикасы атынан сынға түсуде, олар – конькимен сырғанаушылар, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Дмитрий Бабенко мен Роман Креч.
Сол сияқты біздің екі жерлесіміз – шаңғышылар Қайрат Қанафин және Елена Мазуренко Сочидағы Паралимпиадалық ойындарға қатысу нормативін орындады.
Спорт саласының сапалық көрсеткіштерін бұдан әрі жақсарту үшін 2014 жылға жаңа міндеттер қоямыз:
1. XVIII облыстық Халық спорты ойындарын өткізу.
2. Біздің спортшыларымыздың халықаралық спорттық жарыстарға (Сочи қаласындағы қысқы Олимпиада, Ингхон қаласындағы (Оңтүстік Корея) 2014 жылғы XVII Азиада ойындары, Нанкин қаласындағы (Қытай) 2014 жылғы ІІ жазғы жасөспірімдер олимпиадасы) қатысуы.
3. Құрылыс жүргізу есебінен спорт алаңдарының жетімсіздігін азайту:
– Петропавл қаласында мұз айдыны бар Спорт сарайы.
– Қызылжар және Ғ. Мүсірепов атындағы аудандардың орталығында 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, оларды қаржыландыру тетіктерінің 70 пайызы республикалық бюджеттің және 30 пайызы жергілікті бюджеттің қаржысынан.
Осылардың бәрі дене шынықтыру және спортпен айналысатын азаматтар санын арттыруға мүмкіндік береді.
Жастар саясаты
Облыс жастарын қолдау үшін менің және аудандар мен Петропавл қаласы әкімдерінің басшылығымен жастар саясаты жөніндегі кеңестер жұмыс істейді. Жастардың студенттік еңбек биржасы ұйымдастырылды, 3,3 мың жас адам жұмысқа орналастырылды. Облыс орталығында және облыстың барлық аудандарында жастар бастамасы орталықтары құрылды.
Біздің облыс елде бірінші болып “Жас депутаттардың шекаралас форумын” өткізді, оған Ресейдің Омбы мен Түмен облыстарының және еліміз өңірлерінің өкілдері қатысты.
“Қолжетімді тұрғын үй – 2020” бағдарламасы бойынша жас отбасылар үшін Петропавл қаласында жалпы 126 пәтерлік 6 жалгерлік тұрғын үй құрылысы жүргізілуде, облыс орталығында 75 пәтерлік үй және Тайынша қаласында 24 пәтерлік үй пайдалануға берілді.
“Дипломмен – ауылға!” жобасының аясында 2013 жылы облыстың ауылдық жерлеріне 375 маман келді, оларға 45,4 миллион теңге көтерме жәрдемақы және 247 маманға тұрғын үй сатып алуға сомасы 571,7 миллион теңгенің кредиттері берілді.
Жастарды жұмысқа орналастыруды мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде облыстағы жастар жұмыссыздығының деңгейі 2013 жылдың 3-ші тоқсанында 3,6 пайыз құрады (2012 жылдың 3-ші тоқсанында – 4,3 пайыз болған).
Біздің өңір 2013 жылы наурызда алғаш рет құрылған электрондық еңбек биржасына енгізілген, оның қызметі қазірдің өзінде Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының жастары пайдаланады.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жастардың студенттік еңбек биржасының қызметі ұйымдастырылған. Оның жұмысы нәтижесінде 2051 адам жұмысқа орналастырылды.
Студенттік құрылыс және жастар еңбек отрядтары мен “Жасыл ел” отрядтарының қозғалысы дамуда.
2013 жылғы жазғы кезеңде 327 жасақшы жұмысқа орналастырылды, олардың еңбек-ақыларына бюджеттен 9,5 миллион теңге бөлінді.
Әлеуметтік саланың 375 жас маманына 45,4 миллион теңгенің көтерме жәрдемақысы төленді. 247 білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт маманына 571,7 миллион теңгенің бюджеттік кредиті берілді.
Еңбек өтілі жоқ жастар үшін бастапқы жұмыс тәжірибесін алу мақсатында “Жұмыспен қамтудың Жол картасы – 2020” үшінші бағытының аясында жастар тәжірибесі қарастырылған. 2013 жылдың қорытындысы бойынша жастар тәжірибесі бойынша 1058 жас маман жұмысқа орналастырылды.
Ресей өңірлерімен ынтымақтастық
Облыстың сыртқы экономикалық қызметін дамыту соңғы жылдары негізінен Кеден одағының құрылуы мен нығаюы есебінен оң серпінмен сипатталады. Кеден одағына қатысушы елдердің тауар айналымындағы облыстың жалпы тауар айналымы көлемі үлесі 75 пайызға жуық. Облыс сол сияқты 60-тан астам алыс және жақын шетелдермен ынтымақтасады. Бұл ретте Солтүстік Қазақстан облысының көп жылдан бергі басты сауда- экономикалық әріптесі Ресей Федерациясы болып қалып отыр.
Ресейдің шекаралас Омбы, Түмен және Қорған облыстарымен ынтымақтастық сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық және басқа салалар туралы жасалған ынтымақтастық туралы келісімдер негізінде жүргізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының және Ресей Федерациясының кәсіпорындары арасында қол қойылған құжаттар аясында өзара тиімді тауарлар жеткізуге және қызметтер көрсетуге шарттар жасалады және жүзеге асырылады.
Ресеймен тауар айналымы 2013 жылдың 11 айының ішінде 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5 пайызға өсті және 702 миллион АҚШ долларын құрады, бұл ретте экспорт 36 пайызға өсті және 66 миллион АҚШ долларын құрады, импорт 2 пайызға өсті және 636 миллион АҚШ долларын құрады. Кеден одағы елдерімен тауар айналымы 715 миллион АҚШ долларын құрады, бұл 2012 жылға қарағанда 4,4 пайызға көп (2012 жылы – 685,2 миллион АҚШ доллары).
Облыстан Ресейге, негізінен, бидай және ұн экспортталады, бұл ретте олардың экспорт өсімі байқалуда (2013 жылдың 11 айында бидай экспорты 12,5 пайызға артты және 33,4 миллион АҚШ долларын құрады, ұн – 40 есе артты және 2,8 миллион АҚШ долларын құрады).
Ресейден машиналар, құрал-жабдықтар және көлік құралдары, химия өнеркәсібінің өнімдері импортталуда. Кеден одағы елдерімен тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 2013 жылдың қаңтар-қазанында 6,6 пайызға көп. Алдын ала деректер бойынша 2013 жылдың қаңтар-қазанында Солтүстік Қазақстан облысының өзара сауда тауар айналымы 648,1 миллион АҚШ долларын құрады.
Қылмысқа, заңсыз есірткі айналымына, көші-қонға, қару-жарақ контрабандасына қарсы, барлық көлік түрлері қозғалысының қауіпсіздігі үшін күресте өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі құқық қорғау органдарының ынтымақтастығы жалғасуда. 2013 жылғы қаңтарда Ресей Федерациясының Ішкі істер министрлігінің Қорған облысы бойынша басқармасы мен Қазақстан Республикасының Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің арасында 2013-2014 жылдарға арналған бірыңғай кедендік аумақтар жағдайындағы ынтымақтастық жоспарына қол қойылды.
Солтүстік Қазақстан облысы мен Ресей облыстарының ресми делегациялармен алмасу тәжірибесі жалғасын табуда.
2013 жылғы наурызда Солтүстік Қазақстан облысында Қорған облысы губернаторының орынбасары В.А.Романов бастаған жұмыс тобы болды.
Сәуір айында Түмен облысының бизнес делегациясы Солтүстік Қазақстан облысында сапармен болып қайтты. Сапар аясында Түмен облысы өкілдерінің және біздің облыстың ықтимал серіктестері арасында байланыс биржасы ұйымдастырылды.
Сол сияқты қазан айында Солтүстік Қазақстан облысы іскерлік топтарының Ресей Федерациясының Калуга қаласына сауда- экономикалық миссиясы жүзеге асырылды.
Қол қойылған құжаттар аясында Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпорындары Ресей кәсіпорындарымен ынтымақтасуда, атап айтқанда, “Қазмұнайгазмаш” АҚ-ы мұнай және газ тасымалы үшін жинақталымдарын жеткізу және ұңғыма аузының құрал-жабдықтары мен құбыр арматураларын өндіру жөнінде Қорған қаласының “АК “Корвет” ААҚ-мен, мұнай және газ тасымалы үшін құбыр арматураларын жеткізу жөнінде Түмен қаласының “Нефтемаш” ААҚ-мен ынтымақтастық орнатып отыр.
“Петропавл құрылыс материалдары зауыты” АҚ-ы Омбы, Қорған және Түмен облысының Ишим қалаларына полиэтилен және қысымды су құбырларын экспортқа шығарады.
Облыстың Ресеймен серіктестік қатынастарын дамыту одан әрі жалғасатын болады.
Ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету
Ішкі саяси тұрақтылық аясында облыс әкімдігі ұдайы мақсатты жұмыс жүргізеді. Бұрнағы жылдардағы сияқты, 2013 жылдың негізгі бағыты қоғамдық-саяси тұрақтылықты, қоғамды демократияландыруды және топтастыруды қамтамасыз етуге бағытталған жалпымемлекеттік бағытты жүзеге асыру болды.
Бәрінен бұрын 2013 жылы мемлекеттік органдардың қызметі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауы қағидаларын жүзеге асыруға бағытталды.
Осыған байланысты облыс аумағында 15 ақпараттық-насихаттық топ құрылды, олардың құрамына 689 адам енді.
Өңірлік ақпараттық-насихаттық топтар есепті кезеңде жалпы 280 мыңнан астам адамды қамтыған 4 мыңнан артық шара өткізді.
Әлеуметтік-экономикалық және саяси дамудың ажырамас шарты ретінде өңірдің тыныштығы мен тұрақтылығын қолдау мақсатында облыс әкімдігі азаматтық қоғам институттарының бәрімен де өзара іс-қимыл жасайды. Бүгінде өңірде 290 азаматтық қоғам институты тіркелген, олардың 22-сі – этно-мәдени бірлестіктер.
Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңес жұмыс істейді.
Әртүрлі шаралар түрлерін – кездесулерді, үнқатысу алаңдарын, пікірталастарын оқытатын семинар-тренингтерді, қоғамдық тыңдауларды, форумдарды, акцияларды пайдалана отырып, жастар саясатын және балалар бастамаларын, гендерлік саясатты; насихатты, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, қуат үнемі және ТКШ-ны жаңғырту; азаматтардың құқын және заңды мүдделерін қорғау; қоршаған ортаны қорғау; азаматтардың денсаулығын қорғау; дене тәрбиесі мен спортты насихаттау және тағы басқаларының аясында 93 әлеуметтік маңыздағы жоба жүзеге асырылды. Бұл мақсаттарға 91 миллион теңге, соның ішінде облыстың жергілікті бюджетінен – 78,6 миллион теңге, республикалық бюджеттен 12,4 миллион теңге бөлінді.
Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында ауылдық округтер, аудандық маңызы бар қалалар әкімдерінің дербестігін кезең-кезеңімен және дәйектілікпен нығайту жөнінде жұмыс жүргізілуде.
Өткен жылы ауылдық округтердің 194 әкімі сайланды.
Берілген міндеттер мен өкілеттіліктерді тиімді жүзеге асыру мақсатында ауылдық округтердің әкімдері аппараттары оларды ұстауға қаржы бөліне отырып, 198 мемлекеттік қызметшімен нығайтылды.
Жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындардың арасында ұдайы диалог бар.
Барлық деңгейдегі әкімдердің есепті кездесулері барысында солтүстікқазақстандықтардан көптеген хаттар мен өтініштер түсуде.
2013 жылы 1579 есепті кездесу өткізілді, оларға 150 мыңнан астам адам қатысты. 2709 ұсыныс енгізілді, оның 99 пайызы әлеуметтік сипатта, соның ішінде 1160-ы бақылауға алынды. Қалғандары сол арада бірден шешілді және олар бойынша тиісті түсініктемелер берілді. 1160-тан жүзеге асырылғаны –1092 мәселе. 68 өтінішті орындау жөнінде жұмыс жүргізілуде.
2013 жылы облыстағы жедел жағдай тұрақтылықпен және криминалдық шиеленістің жоқтығымен сипатталады.
Қылмыс туралы 18677 шағым, хабар мен басқа да ақпарат тіркелді.
Облыста құқық қорғау жүйесін дамыту жөніндегі жұмыс жалғасуда. 2013 жылы бюджеттен 4,4 миллиард теңгеден астам бөлінді.
215 миллион теңгеге 21 автокөлік, 34 скутер, теміржол вокзалы, автовокзал және әуежайының орталық кіреберістері үшін алты бақылау шебі, 13 дабыл беру жүйесі сатып алынды.
Өткен жылдың 1 қарашасынан бастап жол және патрульдік полицияларды біріктірген жаңа құрылым енгізілді. Бұл саптық бөлімшелер нарядтарының тығыздығын арттыруға, әртүрлі құрылымдардың арасындағы міндеттер қайталанымын болдырмауға мүмкіндік берді. Барлығы тұрғындарға 343 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Бүгінде “Әмбебап полицейлердің” жұмыс әдісі өз тиімділігін байқатуда.
Жүргізілген шараларға байланысты қарақшылық, кісі өлтіру және бопсалау саны азайды.
Жасөспірімдер, бұрын сотталғандар жасаған және қару қолданылған қылмыстар саны кеміді. Жол-көлік оқиғаларының саны 3 пайызға азайды, оларда қаза тапқандар – 29 пайызға, жаяу жүргіншілердің кінәсінен жол берілгені 13 пайызға кеміді.
Мемлекет басшысының тапсырысы бойынша Астана қаласында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы бірінші басшылардың ақпарат берген баспасөз конференциялары өтті.
Біздің облыста алғаш рет аудандардың және Петропавл қаласының әкімдері тікелей эфирде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті және оларды қызықтыратын сұрақтарға жауап берді.
2013 жылы облыстың өзекті даму мәселелерін сөз еткен 130 брифинг, баспасөз конференциясы және кеңес өткізілді.
Елбасы өзінің үстіміздегі жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында республиканың әлемнің ең озық 30 елінің қатарына ену жоспарын ұсынды. Ол үшін басты бағдар болатын ІЖӨ, ІЖӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесін арттыру, инвестициялар, еңбек өнімділігі сияқты макроэкономикалық көрсеткіштер айқындалған. Тұтас ел бойынша оларға қол жеткізу әрбір өңірдің жұмысына байланысты. Осыған байланысты облысымызда өңірді дамытудың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін өсіру мақсатында қажетті шаралар қолданылатын болады. Ол үшін бізде барлық жағдай мен резервтер бар. Барлық жоспарларды біздің барлығымыз бірлесе жүзеге асыратынымызға сенімдімін.