Коммуналдық қызметтер тарифтерінің қосымша өсуі көзделмейді. Инфляцияға ақылы қызметтердің салымы бұрын бекітілген 1,2% деңгейінде қалады, деді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-нің брифингінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.
«Бұл ретте, биылғы жылы инфляцияның орташа деңгейін 2%-ға өсіру арқылы зейнетақыны 9%-ға, әлеуметтік жәрдемақыларды 7%-ға арттыру көзделеді», – деп айрықша атады ол.
«Тамақ өнімдеріне инфляцияның өсуіне жол бермеу үшін тұрақтандыру қорларының және шекті баға белгілеудің тетігін пайдалана отырып, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуін тежеу бойынша шаралар қабылданатын болады», – деп қайырды министр сөзін.