Бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-нің брифингінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов осылай деп мәлімдеді.
«Жалпылай алғанда, теңге құнсыздануы қазақстандық өндірісшілер мен экспортшылардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Яғни, жүргізіліп отырған индустрияландыру саясатын ескерер болсақ, мұның жайы осылай», – деді ол.
«Девальвация нәтижесінде отандық тауар өндірушілер өнімдерінің өсуі және неғұрлым қымбат импорттық тауарлардың азаюы күтілуде», – деп атап өтті министр.