Александр КУЗЛЯКИН,
“Молсоюз” ЖШС-нің директоры.
Осынау ел өміріндегі жауапты кезеңде Отанына берілген тауар өндірушілер екенімізді танытып, бағаның күрт көтерілуіне жол бермеуіміз керек. Бұл орайда тым болмағанда Үкімет белгілеген инфляциялық дәлізден шықпағанымыз жөн. Бастапқы кезде бұрыннан қолдағы бар материалдар қорын пайдаланып, бағаны ауыздықтап отыруға тиіспіз. Өз мысалымызда айтсақ, біздің “Молсоюз” ЖШС-нің қоймасында 4 мыңға жуық өндіріске қажетті шетелдік материалдар түрі бар, оның 3 мыңы бұрынғы валюта бағамы бойынша жеткізілген. Осы қолда бар материалдармен жарты айдан астам жұмыс істей аламыз. Оған дейін жаңа бағамдағы теңге де тұрақтанып кетуі тиіс.
Біздің кәсіпорын жылына 1 миллиард теңгенің өнімін шығарады. Тауар нарығында біршама бәсекеге қабілеттілігімізді қолдап тұрған – маңызы зор азық-түлік тауарларын өндіруге берілетін жыл сайынғы 40 миллион теңгенің мемлекеттік демеуқаржысы. Алдағы уақытта валюталық шикізатқа тәуелді болмау үшін елдегі сүт өндірісін көтеру қажет. Қазір бізге өзімізбен келісімшартқа тұрған облыстың 7 шаруашылығынан өндіріске қажетті сүттің 20-30 пайызы ғана түседі. Бағаны тұрақтандырудың басты амалы жергілікті өндірісті жандандыру деп білемін.