Петропавл қаласындағы “Динамо” стадионында кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 25 жыл толуына орай жергілікті полицейлер арасында шағын футболдан турнир басталды.
Ішкі істер департаментінде алғаш рет өткізіліп отырған жауынгер-интернационалистерге арналған турнирге 8 құрама команда қатысуда. Олар: Әкімшілік, көші-қон полициясы, жедел қызметтер мен арнайы бөлімшелердің қызметкерлері.
Шағын футбол жарыстарының қорытындысы 15 ақпанда белгілі болады.
(Өз тілшімізден.)