«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПОЛИЦИЯ МАЙОРЛАРЫ ПАРАМЕН ҰСТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Үстіміздегі жылдың 12 ақпанында жүргізуші куәлігін алу мақсатындағы емтиханды кедергісіз тапсыру үшін Е. деген азаматтан 92 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікпен Қызылжар аудандық ІІБ Әкімшілік полициясы бөлімшесі бастығының орынбасары мен осы бөлімшенің техникалық қадағалау жөніндегі мемлекеттік автоинспекторы қамауға алынды.

Аталған факті бойынша полицейлердің үстінен ҚР Қылмыстық кодекстің 311- бабының 4-бөлімі, “б” тармағы бойынша (пара алу) қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайды.

СҚО Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp