«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СОТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СПОРТҚА БЕТ БҰРДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жұлдыз ОСПАНОВА,

Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі.

Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Денсаулық күнін өткізді.

Бұл шара республика облыстарында ювеналды соттардың ашылуына орай өткізілді.  

Саламатты өмір салтын қолдап, сот қызметкерлері жарысқа шықты. Іс-шара аясында әйелдер арасында конькимен сырғанаудан, ал ерлер арасында шаңғыдан жарыс өтті. Жеңімпаздарға дипломдар табыс етілді. Конькимен сырғанаудан I орынға – Людмила Афанасьева, II орынға – осы жолдардың авторы, III орынға Сәуле Литфуллина ие болды. Шаңғыдан I орынға Арман Ниган, II-орынға Самат Әлжанов, III орынға Руслан Проскурин ие болды.

Осы шараны өткізу туралы бастаманы сот төрағасы Бақыт Қасейінов көтерді. Ол сот ұжымына Спорт күнін апта сайын өткізу керек деген талап қойып отыр. Сот ұжымы бұл ұсынысты қолдап, әр сейсенбіде жұмыс аяқталған соң спортпен шұғылданбақ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp