Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы “Қазақстан – 2050” Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты Қазақстан халқына Жолдауында халық пен мемлекетке қызмет ететін кәсіптік мемлекеттік аппаратты қалыптастыру жөнінде міндет қойды. Елбасы былтыр Астана қаласында өткен “А корпусына іріктеліп алынған мемлекеттік қызметшілермен кеңейтілген кеңесте оларға өздерін “Элита” деп емес, “Халық қызметшісі” деп санауды жүктеді. “Мемлекеттік қызметші” ұғымы мемлекеттік қызметтерді тұтынатын тұрғындарға бағытталған “қоғамға қызмет етуші” ұғымының синонимі болуы тиіс.
Елена СТЕПАНЕНКО,
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бөлім меңгерушісі.
Мемлекеттік қызметті кәсіпқойландыру жөніндегі мақсаттық индикаторлары Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі даму стратегиясында айқындалған болатын. Мемлекеттік қызметті реформалау мемлекеттік қызметкерлерді оқыту жүйесін жетілдіру, мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру және мемлекеттік қызметтегі адам ресурстарын басқаруды жетілдіру арқылы жүзеге асырылып келеді.
Мемлекет басшысының 2011 жылғы 21 шілдедегі №119 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің тұжырымдамасына негізделген елімізде мемлекеттік қызметтің жаңа нұсқасы 2013 жылдан бастап жұмыс істей бастады. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі “Мемлекеттік қызмет туралы” Заңына 2013 жылғы 26 наурызда айтарлықтай өзгерістер енгізілді. Соңғы жылдары Мемлекет басшысының мемлекеттік қызметке қатысты 15 Жарлығы, республика Үкіметінің қаулысы және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 14 нормативтік-құқықтық актілері қабылданды.
Елімізде қолданыстағы заңнамалармен тұңғыш рет мемлекеттік органдарға қызметке орналасуға конкурс өткізгенде бақылаушылар институты енгізілді. Конкурс өткізу рәсіміне бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктер мен басқа да ұйымдардың өкілдері бақылаушы болып қатыса алады. Бақылаушылардың қатысатыны жөніндегі ақпарат конкурс өткізу туралы хабарландыруда міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Мемлекеттік органдардағы конкурстарға байланыссыз азаматтардың өтініштеріне орай кез келген уақытта тестілеу өткізілетін болды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2014 жылғы 11 қаңтардағы №06-7/179 бұйрығына сәйкес 2014 жылғы 1 наурыздан бастап “Электронды Үкіметі” веб-порталы арқылы электронды түрде мемлекеттік қызметке тестілеуден өтуге өтініш беруге болады. Сонымен қатар өтінішті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне келмей-ақ Тұрғындарға қызмет көрсету орталықтары арқылы тапсыру мүмкіндігі қарастырылған.
Автоматтандырылған “Электронды жазылуды” пайдалану жөніндегі нұсқамамен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің http; Iikyzmet.gov.kz сайтының “Агенттік туралы” бөлімінен аумақтық департаменттер Солтүстік Қазақстан облысы тарауынан табуға болады.
Интернет болмаған жағдайда жеке куәлікпен мына мекенжайға хабарласуға болады: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58-үй (облыстық әкімдіктің ғимараты).
“Б” корпусына үміткерлер өздерінің бос уақыттарына сәйкес тестілеуден өту күні мен сағатын белгілейді. Тестілеуден өту кезінде тәртіп нормаларын бұзған тұлғаларға қолданылатын шаралар қатайтылды. Ондай азаматтар тестілеу залынан бірден шығарылады. Әкімші тестілеу Ережесінің бұзылғаны жөнінде акт толтырады. Акт жасалған тұлғалар сол күннен бастап алты ай өткен соң ғана қайтадан тестілеуге қатысу құқығына ие болады.
“Б” корпусындағы әкімшілік мемлекеттік қызметке орналасуға тестілеуден өту үш бағдарламадан тұрады:
1) бірінші бағдарлама А-1, А-2, А-3, А-4, В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, С-О-3, С-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, D-О-3, Е-1, Е-2 санаттарына арналған және оған мыналар кіреді:
мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), “Қазақстан Республикасының Президенті туралы” (15 сұрақ) және “Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы” (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарын; Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік қызмет туралы” (15 сұрақ), “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” (15 сұрақ), “Әкімшілік процедуралар туралы (15 сұрақ), “Нормативтік-құқықтық актілер туралы” (15 сұрақ), “Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы” (15 сұрақ), “Мемлекеттік қызметтер туралы” (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын білу тестілері, барлығы 9 заң, әр заң бойынша он бес сұрақтың кем дегенде онына жауап бергенде оң шешім қабылданады.
2) екінші бағдарлама В-5, С-4, С-5, С-О-4, С-О-5, С-О-6, С-R-2, С-R-3,С-R-4, D-4, D-5, D-О-4, D-О-5, D-О-6, Е-3, Е-R-1, Е-R-2. Е-R-3, Е-G-1, Е-G-2 санаттарына арналған және оған мыналар кіреді.
мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), “Қазақстан Республикасының Президенті туралы” (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын; Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік құжат туралы” (15 сұрақ), “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” (15 сұрақ), “Әкімшілік процедуралар туралы (15 сұрақ), “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” (15 сұрақ), “Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы” (15 сұрақ), “Мемлекеттік қызметтер туралы” (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын білу тестілері, барлығы 8 заң, әр заң бойынша он бес сұрақтың кем дегенде сегізіне жауап бергенде оң шешім қабылданады.
3) үшінші бағдарлама С-R-5, Е-4, Е-5, Е-R-4, Е-R-5, Е-G-3, Е-G-4 санаттарына арналған және оған мыналар кіреді.
мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік қызмет туралы” (15 сұрақ), “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” (15 сұрақ), “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” (15 сұрақ), “Нормативтік-құқықтық актілер туралы” (15 сұрақ), “Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы” (15 сұрақ), “Мемлекеттік қызметтер туралы” (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын білу тестілері, барлығы 6 заң, әр заң бойынша он бес сұрақтың кем дегенде сегізіне жауап бергенде оң шешім қабылданады.
Тестілеудің бірінші бағдарламасы бойынша берілген сертификат тестілеудің екінші және үшінші бағдарламаларына жататын “Б” корпусындағы әкімшілік мемлекеттік қызмет лауазымдарының санаттары үшін жарамды.
Тестілеудің екінші бағдарламасы бойынша берілген сертификат тестілеудің үшінші бағдарламасына жататын “Б” корпусындағы әкімшілік мемлекеттік қызмет лауазымдарының санаттары үшін жарамды.
Шекті бағадан төмен тестілеу нәтижесін алған “Б” корпусындағы әкімшілік мемлекеттік қызметке үміткерлерге белгіленген үлгіде тестілеуден өткені туралы анықтама қағаз беріледі. Олар қайтадан тестілеуден үш айдан кейін ғана өтуге құқылы.
Үстіміздегі жылдың 1 наурызынан бастап күшіне енетін мемлекеттік қызмет мәселелері жөніндегі заңнамаларға енгізілетін негізгі өзгерістер осындай болмақ.