«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАҒАНЫ НЕГІЗСІЗ КӨТЕРУШІЛЕР әкімшілік жауапкершілікке тартылады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекеновтің төрағалығымен өткен баға мен тарифті тұрақтандыру жөніндегі штабтың кезекті отырысына күнделікті қажетті тауарлармен көтерме сауда жасайтын кәсіпорындардың басшылары қатысты. Онда азық-түлік нарығында қалыптасып отырған баға ахуалы сараланды.

Нұрсайын ШӘРІП,  

“Солтүстік Қазақстан”.

Қайрат Әскербекұлы теңгенің айырбас бағамының өзгеруіне байланысты жедел қолданылып жатқан шаралардың арқасында облыс орталығында ғана емес, аудандарда да отандық күнделікті қажетті тауарлардың, атап айтқанда, ет пен сүт сияқты бақылауға алынған 33 азық-түліктің бағасы бұрынғы күйінде сақталып отырғандығын атап айтып, өзі болып қайтқан Тимирязев ауданынан нақты мысалдар келтірді. Бұл жұмысқа “Нұр Отан” партиясының облыстық және аудандық филиалдары да атсалысып отыр.

Дегенмен, кейбір сауда орындарында қант бағасының ауытқушылығы байқалады. Осы тауар түрімен көтерме сауда жасайтын “СКБ Север” ЖШС директоры Кебек Серікбаев өздері саудаға шығарған тауар бағасында ондай жағдайдың жоқтығына тоқталып, қант жасауға қажетті шикізаттың Бразилиядан шетел валютасына әкелінуіне байланысты оның өзіндік құны қымбаттауы мүмкін деген болжам айтты. “Белова” ЖК директоры Светлана Белова дүкен сөрелеріне түсіп жатқан ірі балық, негізінен, доллар мен еуроға шетелден тасымалданып жатқандығын, сондықтан олардың бағасы 20 пайызға өскендігін алға тартты.

Қайрат Бекенов негізсіз баға көтеретін кәсіпкерлерге заң талаптарын әлі де түсіндіру қажеттігін, ол бұзылған жағдайда айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын тағы да атап айтып, штаб мүшелеріне келесі отырыстарға өз салалары бойынша нақты сараптамалық материалдар әзірлеуді тапсырды. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp