«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“АҚ БОТАНЫҢ” ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ Мәскеу мен Алматыға саяхат жасады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Әйгерім ОМАРОВА,

журналист.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы 3-10-сынып оқушылары арасында өткізген “Ақ бота – 2013” зияткерлік марафонының жеңімпаздарына арналған мәдени-танымдық шара ұйымдастырды. Оған Айыртау ауданының екі оқушысы да қатысып келді.  

Оқушыларды оқу-танымдық әрекеттерге ынталандыру, олардың арасынан дарынды балаларды анықтау және қолдау көрсету мақсатында өткізілетін “Ақ бота” зияткерлік марафонында Айыртау ауданынан 9-сынып оқушылары Жүрсін Өмірзақ пен Аңсат Есләмбек өздерінің білімдерімен көзге түсіп, жүлдемен оралған еді. Таяуда ҚР Білім және ғылым министрлігінің “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы жеңімпаздар мен жүлдегерлер үшін Мәскеу және Алматы қалаларына танымдық саяхат ұйымдастырды. Оған жолдама алған солтүстікқазақстандық 5 оқушының екеуі Айыртау ауданынан болды. Жүрсін Өмірзақ – Мәскеу қаласына, Аңсат Есләмбек Алматы қаласына сапар шегіп оралды.

Мәскеуге саяхаттан Жүрсін Өмірзақ көп әсермен оралды. Ол Мәскеу қаласының сәулет өнері ерекше ұнағанын айтады. Сапар барысында оқушыларға қаланың мәдени орындарын аралатып, Мәскеу қаласының көрікті жерлері туралы кітап естелік ретінде сыйға тартылған.  

Осы уақыт аралығында Алматыға сапар шеккен Аңсат Есләмбек те қаланың ең көрікті жерлерін аралаған. Оқушылар арасында қызықты сайыстар өткізіліп, мәдени шаралар ұйымдастырылған, тарих, география пәндері бойынша тақырыптық кештер өткен. Бағдарламаға сәйкес Алматы қаласының мәдени орындарына саяхат жасаған. Сапарға барып келген балалар бұл саяхаттың олардың білімдерін толықтырумен қатар, тәрбиелік және танымдық ықпалы мол болғанын айтты.

Айыртау ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp