«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕЛ ҚОРЖЫНЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ МЕДАЛЬ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен қола медальді жеңiп алды.

Алғашқы күнгі қысқа бағдарламада Денистің мұз үстінде құлап қалып, қорытынды бойынша 9-орынға тұрақтаған болатын. Екінші күнгі сайыста екінші топтың алғашқысы болып өнер көрсеткен Денис Тен қысқа бағдарламадағы 84,06 ұпайына, еркiн бағдарламада 171,04 ұпай қосып, жалпы есепте 255,10 ұпаймен үшiншi орынға ие болды. Сочиде ерлер арасында жекелей сырғанауда қола медальді жеңіп алған Денис Тен наградасын өз еліне арнайтынын да қуана жеткізді.

20 жастағы Денис Тен – 2013 жылғы мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 7-ші қысқы Азия ойындарының чемпионы, ISU қамқоршылығымен өткен әртүрлі халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы, Қазақстанның үш мәрте чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, “Астана” кәсіби Президенттік клубының мүшесі.  

Мәнерлеп сырғанаушы Денис бiр ғана қола медалімен Қазақстанды Сочидегi қысқы Олимпиада ойындарында жалпыкомандалық 25-ші орынға жеткізді. Әзірге көш басында 7 алтын, 2 күмiс, 1 қола медальмен Германия келедi. Ал екiншi орында 5 алтын, 1 күмiс, 1 қола жүлдемен Швейцария тұрса, Канада 4 алтын, 5 күмiс және 2 қоламен үздiк үштiктi қорытындылауда.

  (Өз тілшімізден).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp