«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМДЕРДІҢ БАҒАСЫ жөніндегі меморандумға қол қойылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық әкімдік пен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер арасында өзімізде өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдері бағасының тұрақтылығын сақтау жөніндегі меморандумға қол қойылды. Енді жергілікті әкімдік тауар қорына қатысты мониторинг жүргізіп, тасымалдаушылардың мәселелерін шешуге көмектеспек.

Мағжан АХМАДИНА,

журналист.

“Зенченко және К” коммандиттік серіктестігінің директоры Геннадий Зенченконың айтуынша, серіктестікте құрал-жабдықтар жеткілікті. Тек шикізаттың 30 пайызы Ресей, Германия және Голландия елдерінен алынады. Серіктестік басшысы нарықты сапалы әрі оңтайлы бағада ұсынылатын тауарлармен қамтамасыз ету жөніндегі өтінішті қабылдайтынын айтты.

Меморандумға қол қойғандардың арасында ет, сүт, макарон, көкөніс, май және жұмыртқа өнімдерін өндіретін кәсіпорындар бар. Тауар қорын мониторинг жүргізіп, тасымалдаушылардың мәселелерін шешуге көмектесетін билік өкілдері бағаның негізсіз шарықтамауын да қадағалайтын болады.  

Штаб отырысында жергілікті тауар өндірушілердің бағаны қалыпты ұстау жөнінде ойларын білген облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов меморандум бойынша тауар құны өзгермейтінін айтты. Бұл істі Ауыл шаруашылығы мен Кәсіпкерлік және туризм басқармалары қадағаламақ.

Меморандум аясындағы жұмыс нәтижелері апта сайын облыстық штабтың отырысында сарапталады.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp