Бұрнағы күні облыс орталығындағы “Кентрон” армян этно-мәдени бірлестігі қайырымдылық шарасын өткізді. Облыстық жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатқа барған бірлестік мүшелері 11 “б” сыныбында оқитын балалардың көңілдерін көтерді. Аталмыш мектеп-интернаттың ұйымдастырушысы Татьяна Сергееваның айтуынша, “Кентрон” армян этно-мәдени бірлестігі 4-ші отбасын өз қамқорлықтарына алған. Жылына екі-үш мәрте келіп, балаларға жан жылуын сыйлап, бағалы сыйлықтар тарататын көрінеді. Ал бұл жолы этнобірлестік 11 “б” сыныбының оқушыларына дастарқан жайып, қыздарға – жұмсақ ойыншықтар, ал ер балаларға МР3 плеер сыйлады. “Кентрон” этно-мәдени бірлестігінің жастар қанатының мүшелері би орындаса, мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері концерттік бағдарламасын ұсынды.
(Өз тілшімізден).