Мамлют аудандық прокуратурасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі жедел тобына жергілікті мемлекеттік қызметшілердің іс-әрекетіне байланысты “Солтүстік отын компаниясы” ЖШС-нің директоры А.Кочеровтан шағым түсті.
Шағымды тексеру барысында Мамлютка қаласы әкімдігіндегі лауазымды тұлғалардың қолданыстағы заңнаманы бұзғаны анықталды. Яғни, олар кәсіпкердің демеушілік көмегін арнайы бақылау шотына енгізбестен, алуды жоспарлаған. Бұдан қалды, серіктестік директорынан көрсетілген демеушілік көмек туралы есеп беруін талап еткен.
Мамлют ауданы әкімінің атына бұл заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізіліп, Мамлютка қаласының әкімі және оның орынбасары сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Мамлют аудандық прокуратурасы.