Ольга ПЕРЕПЕЧИНА,
облыстық Статистика
департаментінің басшысы.
Өнеркәсіп
2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары қолданыстағы бағамен 152 миллиард теңгенің өнімін өндірді, немесе 2012 жылға 105,1%.
Өңдеу өнеркәсібінде 115 млрд. теңгенің өнімі шығарылды немесе жалпы өнеркәсіп өндірісі көлемінің 75,6%-ы, өсім – 8%.
Өңделген сүт және кілегей (1,9 есе), рапс майы және құс еті (1,6 есе), ірімшік және сүзбе (17,8%), сары май (16,2%), ет және тағамдық қосымша өнімдер (14,7%), жарма (7,6%), торттар және кондитер өнімдері (6%) 2012 жылғыдан артық өндірілді.
Облыста электрондық және оптикалық өнім өндірісі (1,8 есе), металлургия өнеркәсібі (1,5 есе), жеңіл өнеркәсіп (31,5%), машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату жөніндегі қызмет көрсету (28,6%), ағаш бұйымдарын өндіру (16,6%) сияқты салалар жоғары қарқынмен дамуда. Теледидар қабылдағыштары (2,4 есе), радиотаратушы аппаратура (2,3 есе), ерлерге арналған сырт киімдер (1,9 есе), дәнекерленген болат құбырлар (1,8 есе), сорғылар (43,7%), бояулар және лактар (35,6%), өнеркәсіптік газдар (15,6%) шығарылуы ұлғайды.
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда электр энергиясын өндіру мен бөлу 6,2% және газ өндіру мен бөлу 27,5% өсуі есебінен нақты көлем индексі 103,1% құрады.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы облыс экономикасының түйінді саласы болып табылады. Ауыл шаруашылығының облыстағы ІӨӨ үлесі өткен жылғы 9 айда 24,1% құрады.
Біздің облыс республикадағы астықты ірі облыстардың бірі – облыс үлесіне егістік алқаптың 20,5%-ы келеді.
2013 жылы дәнді және бұршақ дәнді дақылдарды (өңделгеннен кейінгі салмақпен) жалпы жинау 4763,8 мың тоннаны құрады (2012 жылғыдан 8,5% артық), картоп 500,9 мың тонна жиналды (5,1%), көкөністер – 189,3 мың тонна (11,9%), майлы дақылдар – 391,3 мың тонна (81,6%).
Дәнді және бұршақ дәнді дақылдар түсімі (өңделгеннен кейінгі салмақпен) 2012 жылғы 11,7 ц/га. қарсы 13,4 ц/га. құрады (11,5%-ға ұлғаю). Майлы дақылдардың түсімі өткен жылмен салыстырғанда 60,8%-ға ұлғайып, 9,2 ц/га. құрады. Картоп (9,2%-ға), көкөністер (11,6%-ға) түсімі ұлғайды.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 277,3 млрд. теңгені құрады. Өсімдік шаруашылығы үлесіне барлық өнімнің 73,1%-ы келеді (202,8 млрд. теңге), мал шаруашылығына – 26,8% (74,3 млрд. теңге).
2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда мал мен құстың барлық түрлері тірідей салмақта союға 97,4 мың тонна (2012 жылға 102%) өткізілді, 458,5 мың тонна (102,4%) сиыр сүті сауылды, 487,2 млн. дана (113,1%) тауық жұмыртқасы алынды.
Құрылыс
Құрылыс жұмыстары 3,6 млрд. теңгеге орындалды немесе 2012 жылға 126,1%.
Тұрғын үй құрылысында 6,7 млрд. теңге игерілді, ол 2012 жылғы қаңтар-желтоқсанға 103%-ды құрады.
Облыс аумағында барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар және тұрғындар жалпы алаңы 115016 шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға берді, ол өткен жылғы сәйкес кезеңге 114,3% құрайды.
Халықтың қаражаты есебінен пайдалануға 55563 шаршы метр тұрғын жай (жалпы көлемнің 48,3%-ы), бюджет қаражаты есебінен 53083 (46,2), кәсіпорындардың өзіндік қаражаты есебінен 6370 шаршы метр (5,5%) пайдалануға берілді.
Инвестициялық қызмет
2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 101,5 млрд. теңгені немесе 2012 жылғы сәйкес кезеңге 100,1% құрады.
Қаржыландыру көздері шаруашылық жүргізетін субъектілер мен халықтың өзіндік қаражаты болып табылады – 72,3%, бюджеттік қаражат – 21,8%, қарыздық қаражат – 5,8%, шетел қаражаты – 0,1%.
Инвестиция көлемінің 59%-ы – машиналар мен жабдық сатып алуға, 36% құрылыс-монтаж жұмыстарына келеді.
Ғимараттар мен имараттарды салу мен күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарға инвестициялық салымдардың 10,2%-ға өсуі байқалады.
Ауыл, орман және балық шаруашылығына инвестициялар көлемінің 44,1%-ы, өнеркәсіпке – 20,4%, көлік және қоймалауға – 16,4%, жылжымайтын мүлікпен операцияларға 6,8% бағытталды.
Сауда
2013 жылғы қаңтар-желтоқсандағы бөлшек сауда айналымы 127,4 млрд. теңгені құрады, ол 2012 жылғы сәйкес кезеңнен 26,1% жоғары.
Сауда жасайтын кәсіпорындарда бөлшек сауда өткізу – 36,6%-ға, базарларда және жеке кәсіпкерлерде 17,5% өсті.
Бөлшек сауда құрылымында азық-түлік емес тауарларды өткізу 70,8% алса, азық-түлік өткізуге 29,2% келеді.
Азық-түлік емес тауарлар айналымында 9,2% – жанармай өткізу, 4,9% – дизельдік отын (газойл), сұйытылған пропан мен бутан және 3,6% автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдары алады.
Көтерме сауда айналымы 281,9 млрд. теңгені құрады (өсім – 4%).
Тұрмыс деңгейі және еңбек нарығы
Облыс экономикасы дамуындағы оң үрдістер халықтың тұрмыс деңгейіне және еңбек нарығындағы жағдайға жағымды әсер тигізеді. Жұмыссыздық деңгейі 1-тоқсандағы 5,3%-дан 3-тоқсандағы 5%-ға дейін төмендеді.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда (кәсіпкерлік қызметімен айналысатын шағын кәсіпорындарсыз) 141 мың адам қамтылған. Білім беруде 39,1 мың адам, немесе 27,7% жұмыс істейді, ауыл, орман және балық шаруашылығында – 21,4 мың адам немесе 15,2%, өнеркәсіпте – 16 мың адам немесе 11,3%, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсетуде – 14,6 мың адам немесе 10,4%.
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде есепте тұрған азаматтар саны 2013 жылғы желтоқсан аяғына 1011 адамды құрады. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санында тіркелген жұмыссыздар үлесі 0,3% құрады. 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда 11491 адам жұмысқа орналастырылды немесе өтініш бергендер санынан 100,1%.
Халықтың атаулы ақшалай табыстары орташа жан басына шаққанда 2013 жылғы 11 айда 49 149 теңгені құрады, 2012 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 9,3%-ға өсім бар.
Үй шаруашылықтарын зерттеу деректері бойынша 2013 жылғы 3-тоқсандағы халық табыстары құрылымында 68,5%-ды еңбек қызметінен түскен табыс құрайды, 26,7% – әлеуметтік трансферттер (зейнетақы, шәкіртақы, мемлекеттік әлеуметтік көмек, атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі), 4,1% – туыстарынан түскен материалдық көмек, алименттер және 0,7%-ды өзге табыстар құрайды (меншіктен түскен табыс, өзге ақшалай түсімдер).
Халықтың ақшалай шығыстары құрылымында ең үлкен үлес салмақты – 38,9%-ды азық-түлік тауарларын сатып алуға арналған шығыстар алады, 28,5% – азық-түлік емес тауарларын сатып алу, 20,6% – ақылы қызметтер төлемі, 12% – туыстарға материалдық көмек, алименттер, салықтар мен төлемдер, кредиттер мен борышты өтеу.
Тамақ өнімдеріне шығыстар құрылымында ең үлкен үлесті ет пен ет өнімдерін (26,6%), нан және жарма өнімдерін (18,7%), қант, кондитер бұйымдарын (10,3%), сүт өнімдерін (9,6%) сатып алу алады.
Азық-түлік емес тауарларын сатып алуға арналған шығыстардан 28,8% киім, мата, аяқкиімге келеді, 22% – сұйытылған газ бен басқа отын түрлеріне,14,2% – жиһаз, үй-іші керек-жарақтары мен тұрмыстық техникаға, 12,6% – автокөлік құралдары мен жеке көлік құралдарына арналған жанар-жағармай материалдарына келеді.
Ақылы қызметтерге арналған шығыстарда коммуналдық қызметтер, тұрғын үй-жай ұстау және жөндеуге төлеуге шығыстар басым – 39,3%, байланыс қызметтері – 20,1%, көлік қызметтері – 14,4%, өзге қызметтер – 7,7%.
Еңбекақы
2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 2012 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 7,9%-ға өсіп, 74 172 теңгені құрады, соның ішінде ірі және орта кәсіпорындарда – 9,8%-ға өсіп, сәйкесінше 77 253 теңгені құрады. Нақты жалақы сәйкесінше 1,9% және 3,7%-ға өсті. Нарықтық валюта айырбастау бағамы бойынша орташа айлық жалақы 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда 487,6 АҚШ долларын немесе 367 евроны құрады.
Ауыл, орман және балық шаруашылығындағы қызметкерлердің жалақысы 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2012 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 18,2%, өнеркәсіпте – 16,4%, құрылыста – 10,6%, көлік және қоймалауда – 8,3%, ақпарат және байланыста 13,6% ұлғайды. Өнеркәсіпте жалақы 75 914 теңгені құрады, құрылыста – 73 279 теңге, саудада – 59 390 теңге, қаржы және сақтандыру қызметінде – 117 711, көлік және қоймалауда – 106 744, ақпарат және байланыста – 110 402 теңге.
Демографиялық жағдай
2013 жылғы 1 желтоқсанға облыстағы халық саны 576 мың адамды құрады, соның ішінде 240,9 мың адам (41,8%) – қалалық, 335 мың адам (58,2%) – ауылдық тұрғындар. Жыл басынан бері халық саны 3,5 адамға немесе 0,6% -ға азайды.
2013 жылғы қаңтар-қарашада облыс халқының табиғи өсімі 935 адамды құрады (2012 жылғы осы уақыт аралығында – 879 адам).
2013 жылғы қаңтар-қарашада 7947 сәби дүние есігін ашты, бұл былтырғы көрсеткіштен 0,5% кем, өлгендер саны 7012 адам, былтырғы көрсеткіштен 1,4% кем.
2013 жылғы қаңтар-қараша айында АХАЖ органдары 4375 неке қиды, бұл 2012 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,6% кеміді, ажырасулар – 1900 (1,3% көбейді) .
Қаңтар-қараша айларында облыста бұрынғыша теріс мәнді көші-қон айырымы сақталуда, ол минус 4449 адамды құрады (2012 жылдың осы уақыт аралығында минус 4649 адам). Қызылжар ауданы мен Петропавл қаласынан басқа облыс аудандарында кетушілер келушілер санынан басым болып отыр. Келушілер саны 8,9%-ға азайып 9472 адамды құраса, кетушілер саны 8,1%-ға кеміп 13921 адамды құрады.
Негізгі көші-қон алмасы ел ішінде орын алып отыр. 2012 жылдың қаңтар-қараша айларындағы теріс мәнді айырым 10,1% кеміді. Басқа өңірлерден 2309 адам келді (2012 жылғы қаңтар-қарашада 2519), кеткендер – 4881 (5380) адам. Облыс ішіндегі қоныс аударған адамдар саны 6514 (2012 жылғы қаңтар-қарашадағыдан 6,7% кем).
Сыртқы көші-қонда теріс айырым байқалады, ол 2012 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 5% өсті. Келушілер саны 34,8%, кетушілер саны 9,3% азайған. ТМД елдерінен келген иммигранттар саны 37,7% қысқарды. ТМД елдеріне эмиграция 11,5% кеміген. Әлемнің басқа елдерінен келгендер саны 6,3%, алыс шетелге кеткендер саны 32,9% көбейді.