«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

3 БАЛАНЫҢ ЖАНСЫЗ ДЕНЕЛЕРІ ТАБЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ғ.Мүсірепов атындағы ауданға қарасты Ставрополка ауылы маңындағы Есіл өзенінің жағасынан 3 баланың өлі денесі табылды.

Үстіміздегі жылдың 15 ақпанында ІІБ кезекші бөліміне бірі 1998 жылғы, екеуі 2002 жылы туған ер балалардың жансыз денелері табылғандығы туралы суыт хабар түсті.

Балалардың сол күні шанамен сырғанау үшін Есіл өзеніне барғандығы белгілі болды. Кешқұрым балалардың ата-аналары жайсыз жағдайдың орын алғанын сезіп, ауыл тұрғындарымен бірге балаларды өзен жағасынан іздейді.

Жасөспірімдердің жансыз денелері кешкі сағат 23.40 минутта ауылдан 2-2,4 шақырым жерде, биіктігі шамамен 10 метр болатын жардың астындағы қар арасынан табылған. Мәйіттер аудан орталығына сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Алдын ала болжам бойынша балалар жар шетінде ойнап жүрген кезде ауыр салмақтан опырылып құлаған қардан тұншығып қалған. Қайғылы оқиғаның нақты себебі сараптама нәтижесі бойынша анықталмақ.

СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp