Аққайың аудандық прокуратурасы Астраханка орта мектебінің қызметіне тексеріс жүргізіп, бұл білім ордасында еңбек және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың өрескел бұзылғандығын анықтады.
Гүлбике КУБЕНОВА,
“Солтүстік Қазақстан”.
Мектеп директоры Ж.Сүлейменов Т.Дите есімді хатшысын заңсыз түрде аудармашы етіп қойған. Ал, аталған қызметкер мемлекеттік тілді мүлде білмейтін болып шықты. Сондай-ақ К.Степанов от жағушы ретінде тіркеліп, сонысы үшін еңбекақы алып келгенімен, оның өз міндетін бірде-бір рет орындамағаны белгілі болған. Директордың осындай заңға қайшы әрекетінің салдарынан мемлекетке 103 467 теңге көлемінде залал келтірілген.
Прокурор актісі бойынша мектеп директоры сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның мемлекетке келтірген шығыны толық көлемде өтелді.