Ақпанның он екісінен он үшіне қараған түні Петропавл қаласының Мир көшесіндегі 126-шы көппәтерлі бесқабатты үйдің бірінші подъезіндегі екінші қабатта орналасқан электр есептегіш қондырғыдан өрт шықты.
Өрт байланысының орталық торабына бұл туралы хабар түнгі 3 сағат 49 минутта түсіп, №3 мамандандырылған өрт учаскесінің өртсөндірушілері жалын аймағын шектеп, оны 5 сағат 51 минутта өшірді.
От бесқабаттың бәріндегі электр қондырғыларын, пәтерлердің бірінің есігін өртеп жіберді. Өрт шалған жерден төрт адам құтқарылды. Оның біреуі – тұншықтырғыш газбен уланған 1957 жылы туған ер адам үшінші қалалық ауруханаға жеткізілді. Жиырма адам, оның екеуі бала, тысқа шығарылды.
Өрттің жалпы аумағы – 7 шаршы метр. Жалын электр сымдарының қысқа тұйықталуынан тұтанған деген болжам жасалды.
СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.