«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ҰРПАҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Гүлнәр ТАЛАСБАЕВА,

№7 мектептің директоры.

Білім беруді дамыту мемлекеттік саясаттың басымдылығының бірі болып табылады. Еліміздің экономикалық, әлеуметтік және мәдени үдерісінің қарқыны, сондай-ақ алдағы жылдарда ұлттың бәсекеге қабілеттілік деңгейі бұған шешуші дәрежеде тәуелді болып отыр. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” Жолдауында ХХІ ғасырда дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және дені сау азаматтар, деп атап айтты. Ұлттық білім берудің барлық буындары сапасын жақсарту бойынша бізді үлкен жұмыс күтіп тұр. Білім беру жүйесін реформалауға, оларды заманауи талаптарға бейімдеуге бағытталған, пәрменді шаралар іске асырылады. Бұл үдерістер ұлттық деңгейде оқыту сапасына бақылау жүргізу, мұғалімдердің біліктілігін арттыру жүйесін тұтас өзгерту, электронды оқытуды енгізу, жалпы білім беру мектептерінің жұмыс жүйесіне Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін кең тарату мәселелерін қамтиды.

Бүгінгі Қазақстанның жеткен жетістіктері мен алған шыңдары бірліктің арқасы екені даусыз. Сондықтан қазақтың бірлігі – елдігіміздің кілті, ең басты мәселесі. Ел бірлігі – ең асыл қасиет, деген Елбасы тұжырымы Отанын сүйген әр азаматтың жүрегінен орын табуы керек. “Тілге деген көзқарас – шындап келгенде елге деген көзқарас. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде біз елімізді Қазақ мемлекеті деп айтатын боламыз”, – деп Президент ел бірлігінің басты белгісі – қазақ тілі екенін айтқан болатын. Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің, Интернеттің тіліне айналды. Қазақ тілінде білім алатындардың саны жыл өткен сайын көбейіп келеді. 2007-2008 оқу жылында Петропавл қаласындағы №7 мектепте алғаш рет қазақ сыныбы ашылған болатын. Ал қазіргі уақытта біздің мектепте мемлекеттік тілде білім алушы оқушылардың саны – 250.  

2020 жылы 3 жастан 6 жасқа дейінгі қазақстандық балаларды мектепке дейінгі білім берумен 100 пайыз қамтамасыз ету белгіленіп отыр. Қазіргі уақытта біздің мектепте 4-6 жастағы балаларға арналған шағын орталық жұмыс істейді. Оқыту жаңа мемлекеттік стандарт бойынша жүргізіледі. 5-7 жастағы балалар үшін 4 мектеп-алды даярлық сыныптары ашылған, мұнда 102 бала тәрбие алуда.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көңіл бөлуді күшейту білім беру жүйесінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Мұндай балаларға қамқорлық жасау – біздің борышымыз. “Нұр Отан” партиясының бастамасы бойынша “Кедергісіз келешек” жобасы басталды, инклюзивтік білім беру оның бағыттарының бірі болып табылады. Осы оқу жылында мектепте 8 оқушы үйде оқытылады. Оларға барлық қажетті пәндерді оқыту қарастырылған. 4- сынып оқушысы тірек-қимыл аппараты зақымданған балаларға арналған жабдықтар кешенімен қамтамасыз етілген. Арнайы компьютерлік жабдықтарды үйдегі оқытуға қолдану мүгедек балалардың дидактикалық мүмкіндіктерді, интерактивтілік элементтерін қолданумен оқу материалдарын қабылдауын жақсартады.

Оқушылардың сыни ойлау дағдысын меңгеруі, өзіндік ізденісі және ақпаратты терең талдауы оқушыларды оқыту нәтижесі болуы керек. Біз жаңашыл технологияларды қолданбай, заманауи табысты мемлекетті көз алдымызға елестету мүмкін емес мемлекетте, жаhандық ақпараттық қоғамдастық дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан да жаңашыл технологиялар білім беру саласында белсенді енгізілуде. Ғаламтор технологиялары әлеуметтік, сондай-ақ қоғамның экономикалық саласында да қолданылуда. Бұл орайда білім беру жүйесіне (e-learning) электронды оқыту жүйесін енгізу туралы айтсақ та жеткілікті. Біздің мектеп 2013 жылдың соңында электронды оқыту жүйесіне енгізілді. Осы уақытта электронды жүйе бөлімдері ақпаратпен толтырылды: бұл оқу жұмысын жоспарлау, әкімшілік ету, оқушылар мен қызметкерлердің базасын жасау, әрбір мұғалімнің жеке кабинетін құру. Сондай-ақ e-learning мүмкіндіктерін белсенді үйренуді жалғастыру жұмыстары алда да күтіп тұр.

Білім беру сапасын жетілдіру және рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайту арқылы оқушылардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру оқушылардың ойлауын, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға арналған мектеп жұмысының басым бағыты болып табылады.

Мектеп оқушылары жаңашылдыққа саналы қарайды және олардың көпшілігі өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі тануға күш салуда.

Қазіргі уақытта шығармашыл жұмыс істеуші мұғалімге жұмыс істеу өте қызықты. Елімізде Кембридж университеті бағдарламасының көмегімен өз кәсіби біліктілік деңгейін арттыру мүмкіндігі пайда болды. Біздің мектептің 7 ұстазы деңгейлік курстан өтіп, білім беру үдерісіне жаңа технологияларды енгізуде. Жаңа үлгідегі курсқа мұғалімдер резервінің жоспары құрылды. Физика-техникалық мамандықтар алуға қызығушылық туғызған, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және саралап оқытуға математика, физика бойынша білім алушыларды дайындау жұмысы тереңдетіле жүргізіледі. Физика және математика пәнінің мұғалімдері 12 жылдық оқытуға ауысу барысында бейінді оқытуды ескеріп, физика бойынша есептер жинағы – оқу құралын аяқтады.

Елбасы: “Мен ХХІ ғасыр Қазақстанның “алтын ғасыры” боларына сенемін. Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады. Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық. Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз”, – деп келешектің кемелдігіне нық сенімін білдірді.

Қазақстанның болашағын тәрбиелеп отырған біз, ұстаздар, Елбасының айтқандарын назарға ала отырып, сапалы жұмыс істеуге барлық күш-қуатымызды саламыз.

 Петропавл қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp