«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Зейнетақы жасын біріздендіру ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЖИНАҚТАРЫН ҰЛҒАЙТУ ҮШІН ҰСЫНЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бәтима СМАҒҰЛОВА,

“ҚР ЕХӘҚМ Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы” РМҚК Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры.

“Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы” Қазақстан Республикасының №105-V Заңы 2013 жылғы 21 маусымда қабылданды. Бұл заңды қабылдау Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесін жаңғыртудың бірінші кезеңі болып табылады. Заңда төмендегі мәселелер қарастырылады:  

1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын (БЖЗҚ) құру:

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы “МЖЗҚ” АҚ базасында акционерлік қоғам нысанында құрылды. Қазақстан Республикасының Үкіметі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы мен акционері болып табылады.

БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын тартуды жүзеге асыратын жалғыз ұйым болып табылады және де азаматтардың өздерінің таңдауы бойынша ерікті және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын жинақтайды. Қордың функциясы салымшылардың жеке зейнетақы шоттарын есепке алу және зейнетақы жинақтарының есебінен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру болып табылады.

БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқаруды ҚР Ұлттық Банкі және БЖЗҚ арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде ҚР Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Бұл ретте инвестициялық стратегияны БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес әзірлейтін болады.

Зейнетақы активтерін инвестициялауды Кеңес әзірлеген инвестициялық стратегияға сәйкес ҚР Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Бұл ретте Ұлттық Банкке инвестициялық стратегияға сәйкес инвестициялық портфельді басқаратын ұйымды таңдау құқығы беріледі.

Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі ұйым Ұлттық Банктің лицензиясының негізінде инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушысы, не шетелдік мемлекеттің заңнамасына сәйкес осыған ұқсас қызмет түрін жүзеге асыратын шетелдік ұйымдар болуы мүмкін.

Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі ұйымдарды таңдаудың негізгі өлшемі Ұлттық Банк белгілеген инвестициялық табыстылық деңгейін қамтамасыз ету мүмкіндігі, зейнетақы активтерін басқару жөніндегі бұрынғы қызметтің нәтижелері, алынатын комиссия деңгейі мен олардың іскерлік беделі болып табылады.

Зейнетақы активтері зейнетақы активтерін шоғырландыру, оларды орналастыру және инвестициялық табыс алу жөніндегі барлық операцияларды есепке алатын Ұлттық Банкте сақталатын болады. Зейнетақы активтерін Ұлттық Банктің бақылауымен шоғырландыру мен басқару азаматтарымыздың жинақтарын тиімдірек және қауіпсіз басқаруға мүмкіндік береді.

2. Әйелдердің зейнет жасын біріздендіру.

Зейнет жасын кезең-кезеңмен ұзарту:

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – 58,5 жасқа толғанда;

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59 жасқа толғанда;

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59,5 жасқа толғанда;

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60 жасқа толғанда;

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60,5 жасқа толғанда;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61 жасқа толғанда;

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5 жасқа толғанда;

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62 жасқа толғанда;

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62,5 жасқа толғанда;

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 63 жасқа толғанда.

Әйелдердің зейнет жасын арттыру 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек өтілінің азаюына байланысты. 2012 жылы зейнетақы тағайындау үшін өтініш білдірген әйелдердің 12 пайыздан астамы 1998 жылғы 1 қаңтарға жинақталған толық еңбек өтілі жоқ, ал 2018 жылы зейнетке шығатын әйелдердің барлығында толық өтіл болмайды.

Бұл, 2018 жылдан кейін зейнетке шығатын әйелдердің зейнетақысы:

– базалық зейнетақыны;

– 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтіліне сәйкес бюджеттен ынтымақты зейнетақыны қамтитын болады. Бұл ретте, еңбек зейнетақысының мөлшері толық емес еңбек өтіліне байланысты жыл сайын бекітілетін ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен болуы мүмкін;

– зейнетақы жинақтарына сәйкес салыстырмалы түрде аздаған мөлшерде ЖЗҚ жинақтау зейнетақысын қамтитын болады.

Болжау бойынша, әйелдердің алатын зейнетақы мөлшері бұрынғы орташа айлық жалақының 40 пайызынан кем болады.

Зейнетақы жасын біріздендіру бюджет қаражатын үнемдеу үшін емес, әйелдердің жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін және зейнетақы жинақтарының көлемін ұлғайту үшін ұсынылады, бұл тиісінше, ЖЗҚ алынатын зейнетақы мөлшерінің артуына алып келуге тиіс.

Сондай-ақ ЖЗҚ құрылымдық өзгерістер және зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін арттыру нәтижесінде дербес зейнетақы шоттарына аударылатын инвестициялық табыс ұлғаяды.

Бұл:

– біріншіден, зейнетке шығар алдындағы адамдарға ауыртпалық салмай өткізуге мүмкіндік береді. Мәселен, 58-ге келген әйелдер 58,5 жасында зейнетке шыға береді, яғни 6 айдан кейін, ал 57-ге толғандар бір жылдан кейін немесе 59 жасында зейнетке шығады;

– екіншіден, (63 жаста зейнетке шығатын адамдар үшін) психологиялық тұрғыдан дайын болуға және бейімделуге;

– үшіншіден, әйелдердің нәтижелі жұмыспен қамтылу мүмкіндіктерін кеңейту шараларын қабылдауға мүмкіндік береді. Үкімет бала күтімі бойынша демалыстағы әйелдер, өз бетінше жұмыспен айналысатындар мен жұмыссыздар, сондай-ақ зейнеталды жастағы әйелдер үшін арнайы жұмыспен қамту бағдарламасын жоспарлауда.

Себебі, ынтымақты жүйеден зейнетақы тағайындау 2043 жылға дейін жүзеге асырылатын болады, ал зейнетақы жасын біріздендіру ынтымақты да, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысушылары болып табылатын әйелдерге қатысты болады.

Әйелдердің зейнет жасын арттыру мынадай іс-шаралармен сүйемелденетін болады, олар мыналарды қамтиды:

1) жалдамалы әйел жұмыскерлердің біліктілігін өндірістен қол үзіп және қол үзбей арттыруды;

2) “Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасы аясында өз бетінше жұмыспен айналысатын әйелдерді нәтижелі жұмыспен қамтуға тарту;

3) кәсіпкерлікпен айналысатын немесе өз ісін ашуды қалайтын әйелдер үшін микрокредиттердің қолжетімділігін кеңейту;

4) бала күтімі бойынша демалыста жүрген әйелдерді таңдаған кәсібі бойынша оқыту;

5) Еңбек кодексіне жұмыс берушіге зейнеталды жастағы әйелдермен еңбек қатынастарын тоқтату бөлігінде қойылатын талаптарды қатаңдатуды көздейтін өзгерістер енгізу;

6) жүктілігі және босану бойынша, бала күтімі бойынша демалыста жүрген әйелдердің міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялауды қамтиды.

“Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы” ҚР Заңына №156-V 2014 жылғы 10 қаңтарда енгізілген өзгерістерге сәйкес 25-бап 2-1-тармақпен толықтырылған:

11) 25-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

“2-1. Баланың бір жасқа толғанға дейін күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылар үшін бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналары қосымша белгіленеді.

Аталған алушылар үшін міндетті зейнетақы жарналарының жиынтық мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың 10 пайызын құрайды.

Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарының жалпы сомасы бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомаларынан және баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерден ұсталатын міндетті зейнетақы жарналарының сомаларынан тұрады.

Агент міндетті зейнетақы жарналарын аударған кезде бюджет қаражаты есебінен қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау тоқтатылады.”

Мәселен:

Жұмыс істейтін әйел бір жасқа дейін бала күту бойынша демалысты ресімдейді.

– Бір жасқа дейін бала күту бойынша демалыстың алдындағы соңғы 24 айға орташа айлық табыс 80 000 теңгені құрады.

Оның ішінде: 8000 теңге – ол міндетті зейнетақы жарналары;

– бір жасқа дейін бала күту бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін ай сайынғы жәрдемақы 40%-ды құрайды, немесе 80000х40%=32000 теңге.

Оның ішінде: міндетті зейнетақы жарналары 3200 теңгені құрайды.

4800 теңге (8000-3200) – бұл бюджет есебінен субсидиялау. Осылайша бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыс кезінде зейнетақы жарналарының сомасы 8000 теңгені құрайды.

Сонымен қатар, 1998 жылғы 1 қаңтарға кемінде 6 ай еңбек өтілі бар әйелдер үшін зейнетақыға ерте шығу құқығы сақталады:

– 5 және одан көп бала тапқан (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдерге 53 жаста;

– “Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 1949 жылғы тамыздың 29-нан бастап 1963 жылғы шілденің 5-ін қоса алғандағы кезеңге кемінде 5 жыл төтенше және ең жоғары радиациялық қатер аймақтарында тұрған әйелдерге 45 жаста шығуға.

Сондай-ақ еңбек өтіліне сәбилердің күтімімен жұмыс істемейтін аналардың күтім жасаған уақыты, бірақ әрбір баласы 3 жасқа жеткенге дейінгі уақыты, жалпы 12 жас шеңберіндегі уақыт есептеледі.

ЖЗҚ қатысушылары үшін зейнетақы жинақтары жеткілікті болған кезде ЖЗҚ берілетін зейнетақы төлемдерін тағайындау құқығы 50 жаста сақталатын болады.

3. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын енгізу:

“Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы” Қазақстан Республикасының Заңның 1-бабы 3-тармағына сәйкес “міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналары – еңбек жағдайлары зиянды (аса зиянды) жұмыспен айналысатын қызметкерлердің пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары салатын ақша.

Міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесi – зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы табысынан бес пайыздық мөлшерде белгіленген.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары меншікті қаражаты есебінен олардың пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын өндірістердің, жұмыстардың, қызметкерлер кәсіптерінің тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1562 Қаулысымен бекітілген.

Жұмыс беруші міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударған кезде осы тізбені басшылыққа алуы тиіс және МКЗЖ аударуды тек қана жоғарыда көрсетілген тізбеге енгізілген өндірістердің түрлері бойынша және сол өндіріспен айналысатын адамдарға ғана жүргізілуі тиіс. Сонымен бірге аударымдар қызметкер осы жұмысқа уақытша немесе тұрақты түрде ауыстырылған ба, есептік кезеңнің басынан ба немесе жоқ па, оған қарамастан аударылып отыруы тиіс. Осылайша БЖЗҚ-ға еңбек жағдайлары зиянды жұмыспен айналысатын адамдардың шотына жалақыдан ұсталынатын 10% міндетті зейнетақы жарналары және жұмыс берушінің қаражаты есебінен 5% міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары түсетін болады. Сонымен бірге жұмыс берушінің жүктемесі ұлғаймайды, себебі БЖЗҚ сомасы салық төлемдерін жүзеге асыру кезінде ұстап қалуға жатқызылады. Егер Өндірістік объектілердің аттестаттау нәтижелерімен расталып, еңбек жағдайлары зиянды (аса зиянды) жұмыс жоқ деп көрсетілсе, онда міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының төлемін жүзеге асырмайды.

Бесінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламентінің үшінші сессиясында Елбасы зейнетақы жүйесін әрі қарай жаңғыртудың негізгі бағыттарын жариялады:

“Азаматтарды әлеуметтік қамтамасыз етуді, ең алдымен, зейнетақы жүйесін реформалау жұмыстарын жандандыру маңызды. Зейнетақы жүйесі реформасына байланысты қазақстандықтарға Үндеуімде мен Үкіметке азаматтардың зейнетақы жинақтары өсіміне қосымша кепілдіктер туралы бірқатар тапсырмалар бердім.

Атап айтқанда, біріншіден, жұмыс істейтін әйелдердің бала туу және бала күтіміне байланысты демалыста болу кезеңінде міндетті зейнетақы жарналарын бюджет қаражаттары есебінен субсидиялауды қамтамасыз ету қажет.

Екіншіден, жұмыс берушілер қаражатынан өз жұмысшыларының зейнетақы шоттарына 5% міндетті аударымдар енгізу керек.

Үшіншіден, міндетті кәсіптік жарналар мөлшерлемесін тағы 5 пайызға кезеңдік ұлғайтуды қарастыру.

Төртіншіден, зейнетақы активтерін елдің мейлінше перспективалы салаларына инвестициялау тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету”.

Осы тапсырмаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын жүзеге асыруды көздейтін әрі қарай жаңғырту Концепциясы әзірленетін болады:

– жұмыс беруші қаражаты есебінен қосымша 5% міндетті зейнетақы жарналарын енгізу;

– міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерлемесін кезең-кезеңмен 10 пайызға дейін ұлғайту;

– зейнетақы активтерін экономиканың мейлінше перспективалы салаларына тиімді инвестициялау механизмін әзірлеу.

Бұл шаралар мемлекеттің, жұмыс берушінің, сонымен қатар қызметкердің өзінің ынтымақты жауапкершілігін зейнетақымен қамсыздандыру деңгейінен жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp