«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сағындым

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Алтын ИМАНБАЕВА,
Қазақстанның еңбек
сіңірген қайраткері.

Күйкентай бітім, әжімге толы
ақ жүзі,
Жемісін беріп, жеткендей
енді бақ күзі.
Өнеге болып, өсірген өзі ұрпаққа
Артында қалды атқарған талай
жақсы ісі,
Анамды асыл сағындым.


Бесігін тербеп, ұйқысыз таңды
атырған,
Алтынның еді сынығы,
жаны асылдан.
Ғұмырын арнап, біздерге
берген тәрбие,
Мақтаныш етіп жақсымыз
болса асырған,
Анамды асыл сағындым.

Он бала сүйіп, бейнетін көріп
өсірген,
Қатеміз болса, түзетіп өзі,
кешірген.
Бағып та қағып еңбегі
сіңген біз үшін,
Бәрі де менің кетпейді,
ана, есімнен,
Өзіңді, апа, сағындым.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp