«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАРЫЗДАН ЖАЛТАРҒАНДАР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

ІІД-нің Көші-қон полициясы басқармасының қызметкерлері алимент төлеуден және қарызды қайтарудан жалтарған борышкерлерді іздеу шарасын өткізді. 4 күндік акция аясында 50 қашқын әке мен 386 борышкердің мекенжайын анықтау қажет болатын.

Ольга ШИЯН,

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

СҚО ІІД Көші-қон полициясы басқармасының бастығы Еркетай Тұтқышевтың мәлімдеуінше, акция басында 436 іздеу ісі болған. Полицейлер ондағы көрсетілген мекен-жайларды аралап, үйсіз жүрген жандарды тексерді. Шара барысында тәртіп сақшылары 20-шы шағынауданнан облыс орталығының іздеуде жүрген 49 жастағы тұрғынын ұстады. Қоғамдық орындарда алкоголь өнімін ішкені үшін салынған айыппұлды екі жыл төлемей келген ер адам құжаттары өрт кезінде күйіп кеткендіктен, жұмысқа тұра алмағанын, сол себепті де борышты өтей алмай жүргенін айтып ақталды.

Рейдтік шара барысында полиция қызметкерлері алимент төлемей келген тағы да екі адамды ұстады. Жарты миллион теңге қарызы бар қашқын әке Шал ақын ауданынан табылды. Ол жазбаша түрінде түсініктеме беріп, алимент бойынша қарызды төлеу туралы міндеттемеге қол қойды.

4 күннің ішінде тәртіп сақшылары 104 борышкердің мекенжайын анықтады. Шара жыл бойы жалғаспақ. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp