“Дельфин” олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жүзу бассейнінде жасөспірімдер арасында ашық ел біріншілігі өтті. Оған республикамыздың әр өңірінен 17 құрама команда, 250 спортшы қатысып, бақтарын сынады. Екі команда Ресейдің Омбы мен Пенза қалаларынан да келді.
Аталмыш сайыста жерлес құрама команда жақсы өнер көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша солтүстік-қазақстандық жүзгіштер 15 жүлделі орын алды. Оның ішінде 6 алтын бар.
Сайыстың жалпыкомандалық есебі бойынша 191 ұпайы бар “Дельфин” олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жеңімпаз атанды. Ал 167 және 109 ұпайлары бар алматылықтар мен қарағандылық жүзгіштер тиісінше екінші және үшінші орындарға табан тіреді.
Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.