«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЗІРБАЙЖАН ЭТНОБІРЛЕСТІГІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бақыт СӘДУАҚАСОВ,

журналист.

Наурыз мейрамы қарсаңында әзірбайжан мәдениеті этнобірлестігінің бір топ өкілі облыс орталығындағы ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатқа барып, сыйлықтарын тарту етті. Аталмыш қоғамдық бірлестік мүшелері мектеп-интернатқа жиі келіп тұратындықтан, жеткіншектер қамқор жандарды асыға күтеді.  

– Бірлестік ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсетуде. Кәсіпкерлер де жәрдемдесіп тұрады. Осы жолы “Арманшылдар” отбасысына перде әкелдік. Оған қоса, тәрбиеленушілерге арнап дастарқан жайылды, – дейді әзірбайжан мәдениеті этнобірлестігі төрағасының орынбасары Чингиз Курбанов.

Бүгінде “Арманшылдар” отбасысында 8-18 жас аралығындағы 18 бала тәлім-тәрбие алуда.  

– Бізге көмектерін білдіріп жатқан адамдарға алғысымды білдіремін. Олар әрдайым бізді ұмыт қалдырмай, жиі келіп, сыйлық жасап тұрады. Қазір отбасымызда компьютер жетіспейді. Осы жағынан қол ұшын берсе жақсы болар еді, – дейді облыстық жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернат тәрбиеленушісі Ольга Кецкало.

Аталмыш отбасының балалары өнерлі екен. Олар сыйлық әкелген қонақтарға арнап концерттік бағдарлама ұсынды.

  Суретті түсірген Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp