«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАНАС ӘБУОВ – “ИНСТИТУТ БАРЫСЫ”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласындағы Әскери институтта “Институт барысы – 2014” турнирі өтті. Аталған жүлдені жеңіп алу үшін ортаға 16 балуан шықты. Балуандарды бастарына бөрік, иықтарына шапан жамылып, қолдарына қамшы алған батальон жетекшілері бастап шықты. 

Ғалым ӨРКЕШОВ,

облыстық Балалар мен жасөспірімдер күрес спорт мектебінің директоры.

Сайыстың тағы бір ерекшелігі – балуандар “Қазақстан барысы” турниріндегідей боз кілемге лақап атпен шығып отырды.

Сайыстың қорытындысы бойынша “Қапал батыр” лақап атын алған бірінші ротаның курсанты Нұржігіт Әміров жеңіс тұғырының үшінші сатысына табан тіресе, жетінші ротаны, балуаны Қайнар Әділқанов (“Көк бөрі”) екінші орыннан көріне білді. Ал “Институт барысы – 2014” атағына “Жас батыр” лақап атымен белдескен бесінші ротаның курсанты Манас Әбуов лайық деп танылды.

Жарыс жеңімпазы мен жүлдегерлерді институт бастығы, полковник Жұмабек Ахметов марапаттады. Сайыс жүлдегерлері атанған Нұржігіт пен Қайнар диплом мен медальге ие болса, “Институт барысы – 2014” атағын жеңіп алған Манасқа кубокка қоса иығына әскери оқу орны бастығының арнайы сыйлығы – шапан жабылды. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp