«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЭНЕРГЕТИКТЕР ЕСЕП БЕРДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жуырда “СевКазЭнерго” АҚ-да Петропавл ЖЭО-2-нің инвестициялық міндеттемелерін орындауы тақырыбында жыл сайынғы қоғамдық тыңдау өтті.

Бұл шараға облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаментінің директоры Марат Мұстафин, “СевКазЭнерго” АҚ-ның Қаржы және экономика жөніндегі басқарма төрағасының бірінші орынбасары Алла Язовская, Петропавл ЖЭО-2-нің директоры Виктор Бармин және қала жұртшылығы мен БАҚ өкілдері қатысты.  

Есте боларлық жайт, 2013 жылы “СевКазЭнерго” АҚ-ы реттелетін қызметтерге мынадай тарифтер қолданды: 2013 жылдың 1 қаңтарынан 30 маусымына дейін 1377,34 теңге/Гкал, 1 шілдеден бастап 1623,5 теңге/Гкал көлемінде (көрсетілген тарифтерде ҚҚС есепке алынбаған).

Сөйтіп, есепті жылдың қорытындысы бойынша Петропавл ЖЭО-2-де 2,6 млрд. кВт/сағат электр қуаты және 1,8 млн. Гкал жылу қуаты өндірілді. Салыстыру үшін: 2012 жылы 2,4 млрд. кВт/сағат электр қуаты және 1,9 млн. Гкал жылу қуаты өндірілген болатын. 2013 жылы жылу қуатын босатудың 2012 жылмен салыстырғанда төмендеуі 2013 жылғы сыртқы ауа температурасының жоғары болып түзілуіне байланысты, температура айырмашылығы 4,3 градусты құрады.

– Станция жылма-жыл өз көрсеткіштерін арттыра отырып, тұрақты жұмыс істеуі үшін кәсіпорында 610,950 млн. теңгенің инвестициялық бағдарламасы жасалды және бекітілді. Аталмыш бағдарламаның іс жүзінде атқарылу көлемі 612,807 млн. теңгені құрады. Жөндеу науқанын жүргізуге жұмсалғаны – 1113,2 млн. теңге. Сонымен бірге жылу қуаты бойынша тарифтік сметамен қарастырылған қаржыдан басқа негізгі құрал-жабдықтарды қайта жаңарту мен жаңғыртуға 5 645,106 млн. теңге жұмсалды. Ондағы негізгі шаралар электр үнемі мен сенімділігін арттыру мақсатындағы сомасы 2 316,8 млн. теңгенің жылу қазандығы құрал-жабдықтарын және 2 095,9 млн. теңгеге турбина құрал-жабдықтарын жаңғырту болып табылды, – деді Петропавл ЖЭО-2-нің директоры Виктор Бармин қоғамдық тыңдауда жасаған баяндамасында.

Станцияда негізгі құрал-жабдықтарды қайта жаңарту және жаңғырту бойынша жүргізілген шаралардың арқасында жылу қазандықтарының тозуы 2010 жылмен салыстырғанда 21,84 пайызға азайды және бүгінде 70,28 пайызды құрайды. Ал турбиналар тозуы 17,95 пайызға кеміп, жыл қорытындысы бойынша олардың тозу деңгейі 69,12 пайыз болды.

– Петропавл қаласының тұрғындары үшін станцияның біртіндеп жаңарғаны маңызды. Айталық, шекті тариф бойынша инвестициялық бағдарламалар аяқталғаннан кейін станция құрал-жабдықтарының орташа тозуының 50-55 пайыз деңгейіне дейін төмендетілуі болжануда. Облыстың жалғыз жылу-электр орталығы жыл сайын жасара түсуде, яғни қалалықтар жылу-электр қуатымен жабдықтаудың болашағы үшін алаңдамаса болады, – деді кездесуде қорытынды сөз сөйлеген Марат Мұстафин.

“СевКазЭнерго” АҚ-ның жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөлімі. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp