“СевКазЭнергосбыт” ЖШС-і кәсіпорны 2013 жылдың қорытындысы бойынша есеп берді. Тұрғындарға қызмет көрсету сапасының басымдығы сөз болған қоғамдық тыңдауға облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаментінің директоры Марат Мұстафин, “СевКазЭнергосбыт” ЖШС-нің бас директоры Мағауия Сағындықов, қуатпен жабдықтаушы ұйымның бас директорының орынбасары Тамара Пашкова, қала жұртшылығы мен БАҚ өкілдері қатысты.
Өзінің кіріспе сөзінде Марат Мұстафин “СевКазЭнергосбыт” ЖШС-і қызметінің “СевКазЭнерго” компаниясы тобындағы өзге кәсіпорындардан көп өзгешелігі барын айтты. Өндірістік кәсіпорын болып табылмайтын қуат өндіруші компанияның Петропавл ЖЭО-2 немесе электр мен жылу желілері кәсіпорындары сияқты көлемді инвестициялық бағдарламасы жоқ. Алайда, “СевКазЭнергосбыт” ЖШС-нің тұтынушылары алдындағы жауапкершілік дәрежесі, әрине, жоғары, өйткені, компания өкілдері өз клиенттерімен тікелей жұмыс жүргізеді. Сондықтан да қуатпен жабдықтаушы ұйымның қызметіндегі негізгі бағдар Петропавл қаласының тұрғындарына барынша жайлы жағдай жасау және жоғары сапалы қызмет көрсету болып табылады. Компанияның инвестициялық қызметі де, міне, осыған арналған.
– Кәсіпорынның 2012 жылғы 1 қазаннан 2013 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жұмыс істеген инвестициялық бағдарламасында сомасы 9 916 мың теңгенің шаралары қарастырылды. Ал 2013 жылғы 1 қазаннан бастап 2014 жылдың 1 қазанына дейін кәсіпорында салымдар көлемінің сомасы 11 737 мың теңгенің инвестициялық бағдарламасы жұмыс істейді. 2013 жылдың желтоқсанында “СевКазЭнергосбыт” ЖШС-нің Жұмабаев көшесі, 66-үй мекенжайында жаңартылған Сервис орталығының ашылу салтанаты болды. Енді кез келген тұтынушымыз біздің Сервис орталыққа 50-06-66 телефоны бойынша қоңырау шалып, өздеріне қажетті ақпаратты біле алады. Сөйтіп, біз өзіміздің клиенттерімізбен қарым-қатынастарымызды жақсартудың тағы бір сенімді қадамын жасадық. Алайда, қол жеткенмен шектеліп қалар ойымыз жоқ, – деп кәсіпорын басшысы Мағауия Сағындықов тыңдаушыларын қызмет көрсету сапасының әлі де жақсара түсетініне сендірді.
Шынында да, қолданыстағы операциялық зал мен байланыс орталығынан басқа, энергетиктер дауысты пошта қызметін, клиенттердің өтініштері мен ұсыныстарының бірыңғай базасын, СМС арқылы есептегіш құралдары көрсеткіштерінің берілуін және тағы басқаларын енгізуді ойластыруда.
Қоғамдық тыңдауға қатысушылар өз тарапынан компанияның дамуындағы оң серпінді атап өтті. Тұтынушылар, әсіресе, ПИК төрағалары өздерін қызықтыратын жылу қуатын есептегіш құралдарын орнату мәселесі жайында сұрақтар қойды. Сонымен бірге жиынға қатысушылар қала тұрғындарының дебиторлық қарыздары жағдайына да қанықты. Тұтынушылардың барлық сұрақтарына энергетиктер толық жауап берді.
“СевКазЭнерго” АҚ-ның жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөлімі.