«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ҚЫЗЫЛЖАР СУДЫҢ” ҚЫЗМЕТІНЕ қанағаттанарлық баға берілді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Қызылжар су” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2013 жылдың қорытындысы бойынша қоғамдық тыңдау өткізді. Аталмыш шараға кәсіпорынның бас инженері Сергей Визерев, облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаментінің және оның жанындағы сарапшылар кеңесінің, қала жұртшылығы мен БАҚ өкілдері қатысты.

Тоқтар ЗІКІРИН,

“Солтүстік Қазақстан”.

– Петропавл қаласының тұрғындары мен барлық кәсіпорындары біздің “Қызылжар су” ЖШС-нің тұтынушылары болып табылады. 2013 жылы тұтынушыларға 963 миллион теңгенің 13,1 миллион текше метр суы берілді, 702 миллион теңгенің 11,7 миллион текше метр ағынды сулары қабылданды. Барлығы 1 665 миллион теңгеге қызмет көрсетілген болса, бұл жылдық тариф бойынша көзделген кірістерден 25 миллион теңгеге немесе 98 пайызға төмен, оған тұтынушылардың жаппай есептегіш құралдарын қоюы мен суды тиімді пайдалануы себеп болып отыр. Тұрғын үй секторының жеке есептегіш құралдарымен жарақтануы жыл соңында – 90,6 пайыз, өнеркәсіп секторында 100 пайызды құрады, – деді кәсіпорынның бас инженері Сергей Визерев.

Сонымен бірге баяндамада қызмет көрсетуге жұмсалған шығындарға талдау жасалды. Онда айтылғандай, шикізаттар мен материалдарға – 105, химиялық реагенттерге – 35,7, қосымша бөлшектерге – 20,6 және жанар-жағармайға 44,4 миллион теңге жұмсалған. Өндіріске жұмсалған электр қуаты 265,7 миллион теңгені, жылу қуаты 14,7 миллион теңгені құрайды. Сондай-ақ еңбекақы деңгейінің артуына байланысты кадр тұрақтамаушылығы жыл ішінде 23 пайызға дейін төмендеді. Сөйтіп, орташа айлық еңбекақы деңгейі өндірістік қызметшілерге – 63 мың теңгеге,  әкімшілік-басқару қызметкерлеріне 77 мың теңгеге дейін өсті.

– Кәсіпорынның желілері мен технологиялық құрал-жабдықтарын ағымдағы өз бабында ұстау және қызмет көрсету жұмыстары толық көлемде атқарылды, оған 313 миллион теңгенің қаржысы жұмсалды. Жыл ішінде су құбырлары желілерінің апаттық учаскелерінде ауыстыру жөнінде атқарылған жұмыс ауқымы зор. Соған байланысты олардағы техникалық шығындар айтарлықтай азайды. Кәсіпорынның 2013 жылғы жалпы сомасы 122 миллион теңге амортизациялық және пайда қаржысы өндірістік активтерді қалпына келтіруге, жаңартуға, қайта құру мен техникалық қайта жарақтандыруға жұмсалды, – деді бас инженер.

Тыңдауда кәсіпорындағы жаңғырту және жаңарту жөніндегі шаралардың барлығы оның тұрақты жұмыс істеуіне және көрсететін қызметтерінің сапасын арттыруға ықпал жасайтыны айтылды. 2013 жылғы 1 желтоқсаннан бастап, 2016 жылғы 1 желтоқсанға дейін магистральды су құбырлары мен тарату желілері бойынша су беру жөніндегі қызметтерге шекті тариф деңгейі бекітілді. Ол тұрғындар тобына жататын жеке тұлғалар үшін ҚҚС-сыз – 76,02 теңге, ал бюджет қаржысы есебінен жұмыс істейтін ұйымдар, заңды тұлғалар, басқа да тұтынушылар үшін – 212,80 теңге . Су шығару және ағынды суларды тазарту бойынша тұрғындар тобына жататын жеке тұлғаларға ҚҚС-сыз – 66,09 теңгенің, бюджеттік ұйымдар мен заңды тұлғаларға 186,23 теңгенің тарифі белгіленген.

Судың бұл тарифі аталмыш кезеңде сомасы 1 миллиард 204 миллион теңгенің инвестициялық бағдарламасын жүзеге асыруды көздейді.

Қоғамдық тыңдауға қатысушылар “Қызылжар су” ЖШС-нің сумен жабдықтау қызметтеріне қанағаттанарлық баға берді. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp