«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

25 КӘСІПОРЫН ЗАҢНАМАНЫ БҰРМАЛАП, еңбекақыдан берешек болып отыр

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Қазақстан” телерадиокорпорациясы” АҚ-ы облыстық филиалында өткен кезекті баспасөз конференциясында облыстық Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Амантай Сейфуллин өңірдегі кәсіпорындар мен ұйымдардағы еңбек заңнамасының орындалу барысы туралы баяндады.

Жадыра ЕСЕНГЕЛДІ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Жұмыс берушілер мен жұмысшылардың құқықтарын және еңбек заңнамасының қорғалуын қадағалайтын құрылым қызметкерлері былтыр облыс бойыша 737 кәсiпорынды тексеріп, еңбек заңнамасына қатысты 1968 бұзушылықты тіркеген. Оның iшiнде еңбек қатынастары бойынша – 1475, еңбек қауiпсiздiгi және оны қорғау бойынша – 484, жұмыспен қамту мәселелерi бойынша 9 заң бұзушылық анықталған. Осыған байланысты 1047 лауазымдық және заңды тұлға 56 103,4 миллион теңге айыппұл төлейтін әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылыпты.

Басқарма басшысы еңбекақыны уақытында төлемеу сияқты аса күрделі мәселенің түйінін заң жолымен тарқату мәселесі жіті бақылауда екенін жеткізді. Оның айтуынша, бүгінде қызметкерлеріне 82,2 миллион теңге қарыз 25 кәсіпорын анықталып, бақылауға алынған. Өңірде еңбек дауына қатысты ахуал тұрақты. Өткен жылы орын алған бір еңбек дауы мемлекеттік еңбек инспекторларының араласуымен оңтайлы шешілген.  

Баспасөз конференциясы барысында Амантай Қаратайұлы журналистердің еңбекақыны уақтылы төлеу, “Қызылжар су” ЖШС-інде орын алған қайғылы оқиғаға қатысты сауалдарына жауап берді.

 – Еңбекақыны уақытында төлемейтін кәсіпорындардың тізімін “СП Трансавто” ЖШС-і бастап тұр. Тексеріс кезінде кәсіпорын берешегі 9,2 миллион теңге болған. Бүгінгі күні қарыз сомасы 6,5 миллион теңгені құрайды. Серіктестік мүлкін саудаға қойып, сату арқылы еңбекақы қарызы жабылмақ. Ал “Қызылжар су” ЖШС-іне қатысты тергеу амалдары аяқталып, жұмыс берушінің кінәсі дәлелденді. Газдан уланып, көз жұмған жұмысшылар мен ауруханаға түскен адамның отбасыларына заңға сәйкес жәрдемақы төленетін болады, – деді Амантай Сейфуллин.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp