“Петропавл жылу желілері” ЖШС-нің өкілдері 2013 жылғы жұмысының қорытындылары және инвестициялық міндеттемелерінің атқарылуы жайында есеп берді.
2013 жылдың қорытындысы бойынша “Петропавл жылу желілері” ЖШС-нің жылу қуаты шығыны 28,56 пайызды құрады немесе 504,4 мың Гкал. Жылу берушілердің өздері атап отырғандай, құбырлардың тез тозуына ықпал ететін фактор – жерасты суларының жоғары деңгейі. Міне, сондықтан кәсіпорын бірнеше жылдан бері жылу желілерін жаңғырту мен қайта құру үдерісінде облыс орталығында алдын ала оқшауландырылған, полиэтилен орамадағы пенополиуретанмен жабылған құбырларды пайдалануда. Бұл материалдың пайдаланылу мерзімі – 30 жыл, алайда оған жұмсалатын қаржы да аз емес. Жерүсті құбырларында қолданылатын жылу орағыштары туралы да осыны айтуға болады. Ескірген минералдық мақта орағыштарды қымбат пенополиуретандық материалдар алмастыруда. Осы және басқа тақырыптар әңгіме арқауына айналды.
– 2013 жылы кәсіпорын магистральды және тарату желілері құбырларын ауыстыра отырып, жалпы ұзындығы 8 шақырымға жуық жоспарлы жөндеу жұмыстарын атқарды. Сол сияқты жалпы ұзындығы 4,7 шақырымнан астам жылу орамасы бүлінген және жалаңашталып қалған құбыр учаскелерінде жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Жылу желілері кәсіпорны 2013 жылы барлығы негізгі қорларды жөндеуге 356,6 миллион теңге жұмсады, бұл 2012 жылғыдан 37,6 миллион теңгеге көп. Инвестициялық бағдарлама аясында 70,2 миллион теңге жұмсалды, ал 2014 жылға жоспарланған сома 200 миллион теңге көлемінде. 2014 жылға жоспарланған күрделі жөндеу көлемі 360,5 миллион теңгені немесе 10,8 шақырым жылу құбырын құрайды, – деп атап өтті кәсіпорын басшысы Қуандық Кеңесбаев.
Сондай-ақ 2014 жылы жылу берушілер Петропавл қаласын жылумен жабдықтауды дамытуға Еуропалық қайта құру және даму банкінің қаржысынан 770,6 млн. теңге салуды жоспарлауда. Биылғы жылы бұл банк қарызының аясындағы жұмыс аяқталады, өйткені қарыз қаржысы толық жұмсалады.
– Жылу торабының жылумен жабдықтау желілерін жаңартуға жұмсаған барлық қаражатты қосып есептеген күннің өзінде бұл қаржы 70 пайыздан асатын тозған құрал-жабдықтардың ұстап тұруға ғана жетеді, бірақ оның тозуын төмендете алмайды. Тозу көрсеткіштерінің төмен түсуі үшін міндетті түрде мемлекеттің көмегі қажет, – деп облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Марат Мұстафин жағдайға түсінік берді.
Тұтынушылар үшін жылу желілері кәсіпорнымен тікелей іс-қимыл жасау маңызды мәселе болып отыр. Қалалықтар өз үйлерінің жылумен қамтамасыз етілуіне байланысты мәселелерді қалай шешуге болатынын білгісі келеді. Жылу берушілер оның мынадай жолдарын ұсынды: қала тұрғындары сұрақтары мен ұсыныстарын “СевКазЭнергосбыт” ЖШС-нің жуырда құрылған Байланыс орталығының 500-666 телефоны бойынша бере алады немесе М.Жұмабаев көшесі, 215 А мекен-жайындағы тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына келулеріне болады.
“СевКазЭнерго” АҚ-ның жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөлімі.