«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨМІР ЖАЙЛЫ ОЙ САЛАДЫ ӨЗГЕГЕ…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Олег Мартынюк бірнеше жыл қатарынан облыстық тарихи-өлкетану және бейнелеу өнері мұражайларына жетекшілік еткен. Қазіргі таңда М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің археологиялық орталығында қызмет етеді. Тарихшы бола тұра, сурет өнерін де қатар алып жүрген Олег Мартынюк көрмеге 30-дан астам кескіндемелік және мүсіндік туындысын қойған.

Жанры жағынан әртүрлі туындылар ой-толғауларға толы. Белгілі бір тарихи оқиғаларға негізделген суреттерді де кездестіруге болады. Мәселен, “Вавилондық ығы-жығы” суреті ежелгі Вавилон діндарларының аспанмен тілдесетін діңгек орнатпақ болған оқиғасынан сыр шертеді. Десе де, автордың көптеген суреттері түпкілікті ойы белгілі оқиғаны баяндауға негізделмеген. Ол көрмеге қойылған картиналары арқылы адамдардың өмір, өлім, жалғыздық, тәкаппарлық, ашушаңдық, көре алмаушылық, дүниеқоңыздық сынды түсініктерге жауап іздеп көруін ұсынады.  

Көрмеге қойылған суреттердің ішінде үш бөлімнен тұратын “Келу” атты туынды кім-кімді болсын толғандырары анық. Себебі, “Пролог. Кемеліне жету. Эпилог” атты бөлімдерден тұратын бұл туынды адам өмірінің кезеңдерін суреттейтін сыңайлы. Және қара түстес квадрат бейнеленген “Интеллектуалды қысымның шегі” атты суреті де есте қаларлық. Бұл сурет атақты Малевичтің “Қара квадрат” туындысымен үндес.

Олег Мартынюк – суретші ғана емес, сондай-ақ мүсінші де. Суретші мүсіндері арқылы да маңызды сұрақтарға жауап іздеуге талпынған.

Авторды мерейтойымен құттықтауға келген дос-жарандары оның адами қасиеттерін атап айтты. Ал көрермендер суретшінің кенеп бетіне салған абстракциялы бейнелерінен ой түюге тырысты.

Суретті түсірген

  Вадим МУДАРИСОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp