«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“НҰР ОТАН” НЫҒАЮЫНА нәзік жандардың да қосқан үлесі бар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Нұр Отан” партиясының облыстық филиалының жанынан құрылған саяси көшбасшы әйелдер мектебінің мүшелері өқызылжарлық нәзік жандардың жетекші партияның қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі жайын талқылады.

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Қазіргі таңда партияның облыстық филиалының құрамындағы нұротандықтардың 66 пайызын нәзік жандар құрайды. Сондай-ақ әйелдердің өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына да қосқан үлестері аз емес. Әйелдердің өңіріміздегі экономика, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және бизнес саласындағы үлесі 52 пайыздан асып жығылады. Ал мемлекеттік қызметтегі нәзік жандарды айтпағанда, әртүрлі деңгейдегі мәслихаттардағы депутат әйелдердің саны бүгіндері 24 пайызға жеткен, – деді іс-шара барысында “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының сайлауалды тұғырнаманы іске асыру және бақылау бөлімінің меңгерушісі Гүлнара Халықова.

Жиында сөз алған облыстық мәслихаттың депутаты, “СҚО Іскер әйелдер қауымдастығы” қоғамдық бірлестігінің төрайымы, партияның облыстық филиалының жанынан құрылған саяси көшбасшы әйелдер мектебінің жетекшісі Бақытжан Сәмиева облыстағы іскер әйелдердің елдің дамуына қосқан үлесі жайында баяндап берді.  

Жастар арасында гендерлік саясатты насихаттап жүрген “Нұр Ару” клубының жетекшісі Гүлмира Байқанова да өз ойын ортаға салды. Жыл басынан бері аталмыш клуб мүшелері түрлі үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, гендерлік теңдік мәселесіне арналған кездесулер, “дөңгелек үстелдер” ұйымдастырған, әйелдер арасында түрлі тақырыптарды қамтыған сауалнама жүргізген, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы онкүндік өткізіп, бұл мәселеге қатысты нәзік жандардың ой-пікірлерін білген.

Іс-шара барысында сөз алған М.Қозыбаев атындағы СҚМУ проректоры Мүкарам Тайжанова “Нұр Отан” партиясының облыстық филиалының құрылуынан бастап, жемісті қызмет етіп жүрген солтүстікқазақстандық нәзік жандар туралы кітап шығаруды ұсынды. Бұл ұсынысты іс-шараға жиналған әйелдер бірауыздан қабылдады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp