«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“МҰХТАР ШАХАНОВ ОҚУЫНДА” мұғалімдер өнер көрсетті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернат мұғалімдері арасында “Мұхтар Шаханов оқуы” өткізілді. Бұл оқуда мұғалімдерге ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу және әні бар өлеңдерін орындау талаптары қойылды. Шараға ұжымның сегіз әдістемелік бірлестігі және интернат тәрбиешілері қатысты.

Мектепішілік “Мұхтар Шаханов оқуында” бас жүлдені ақынның “Ғайша” өлеңін орыс тіліне аударып, жатқа оқыған тарих пәнінің мұғалімі Сара Мұқанова жеңіп алды. Сонымен қатар Мұхтар Шаханов өлеңдерін мәнерлеп оқудан интернат тәрбиешісі Гүлзат Темірбекова (“Шың басындағы оқиға” өлеңі) І орынды жеңіп алса, интернат директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шегебай Нұрғожин (“Жұбайлар бар әңгімесі таусылған” өлеңі) ІІ орынға, жас маман, физика пәнінің мұғалімі Нұргүл Касленкина (“Жігерлендіру” өлеңі) ІІІ орынға ие болды.

Ұстаздар мен тәрбиешілер Мұхтар Шахановтың өлеңдеріне жазылған әндерді орындау бойынша да сайысты. Бұл сайыста ақынның “Туған күн” әнін сызылта салған химия пәнінің мұғалімі, зейнеткер Маржан Оспанова І орынды жеңіп алды. ІІ орынды тарих пәнінің мұғалімі Ләззат Нүркенова иеленді. Оның орындағаны баршаға танымал “Арыс жағасында” әні болды. Интернат тәрбиешілерінің квартеті “Ақ бантик” әнін шырқап, ІІІ орынға лайықталды. Физика пәнінің мұғалімі Бекет Мұстафин “Жеңілсең, жігіт емессің” өлеңімен грамотаға ие болды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері сайыстан тыс қатысты.  

Шараны қарт ұстазымыз, география пәнінің мұғалімі Руслан Айтжанов жүргізді. Сайыс барысында ақынның қанша әндері мен өлеңдері оқылып, қатысушылар рухани демалды. Шараға белсене қатысқан ұстаздар ұжымына әдіскер ретінде көңілім толды.

Ұстаздар арасында өткен сайыстан оқушылар да тыс қалған жоқ. 10-сынып оқушылары: Арай Малдыбаева, Шыңғыс Жолболды, Темірлан Тастеміров, Абзал Нұрмұқанов, Альбина Қанатова, Айым Ғаббасова ақынның “Ғашықтық ғаламаты” атты жырын сахналық көрініс ретінде көпшілік назарына ұсынды.

Мектебімізде мұғалімдер шығармашылығын шыңдай түсетін осындай сайыстар әлі де жалғаса бермек.

Жанар ӘБІЛЕВА,

Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған

гимназия-интернаттың әдіскері. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp