«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БОРЫШЫНАН ҚҰТЫЛМАСА, “КамАЗ”-ы ҚОЛЫНА ТИМЕЙДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елена СКАКУНОВА,

облыстық Сот актілерін орындау департаментінің

баспасөз хатшысы.

Солтүстік Қазақстан облысының Сот актілерін орындау департаментінің сот орындаушылары “Транспортник” ЖШС-нен еңбекақы төлемін, әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алумен айналысуда.

“Транспортник” ЖШС өзінің бір жұмысшысына 469 622 теңге еңбекақы берешек. Сонымен қатар, аталған ЖШС-нің әкімшілік айыппұл және санкция өндіріп алу бойынша берешегі бар, жалпы сомасы – 300 мың теңге.

27 наурыз күні кешкі сағат 21.30-да Бескөл ауылы бағытындағы МАИ бекетінде “Транспортник” ЖШС-іне тиесілі астық тіркеген “КамАЗ” автокөлігі тоқтатылды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.

Қазіргі уақытта 18 тонна астықтың кімге тиесілі екендігі анықталуда.

28 наурызда сот орындаушылары автокөлік құралына тізімдеме жүргізді. Ол “Транспортник” ЖШС борыш сомасын толық төлегенге дейін айыппұл тұрағында қалады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp