Жергілікті “Есіл-Виктория” волейбол клубы облыс орталығында бастау алған волейболдан ерлер арасында “А” жоғары лигасы шеберлерінің ХХІІ республикалық чемпионатының төртінші турының турнир кестесінде 2-ші орынға тұрақтады.
Жергілікті жігіттер өз алаңында 6 кездесу өткізіп, оның біреуінде ғана өскемендік ойыншылардан 1:3 есебімен ұтылып қалған. Нәтижесінде қорытынды кестеде солтүстікқазақстандықтар 30 ұпай жинап, жалпыкомандалық есепте бесінші орынға жайғасты.
Әзірге біріншілікте Шымкент қаласының намысын қорғап жүрген “Динамо-Қазығұрт” командасы көш бастап тұр.
ХХІІ республикалық волейбол біріншілігінің бесінші кезеңі сәуір айының 22-30-ы күндері аралығында Семей қаласында өтеді деп жоспарланған.
(Өз тілшімізден.)