«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУДІҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛМЕК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде сәуірдің 1-інен бастап кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерде қызмет ететін азаматтық қызметшілердің еңбекақысы 10 пайызға өседі. Сондай-ақ, азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілмек.

Инна НАГМЕТОВА,  

облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.

2015 жылдың 1 шілдесінен бастап еңбекақы төлеудің жаңа үлгісі білім, біліктілік және орындалатын жұмыстың жауапкершілік деңгейіне байланысты болмақ. Лауазымдық қызметақы төлеуде коэффициенттің сараланған кестесін енгізу көзделуде. Сондай-ақ, еңбекақы жүйесі өтемдік және ынталандырушы болып бөлінбек.

Еңбекақы төлеудің жаңа үлгісіне көшу үдерісі барысында бюджет саласының қызметкерлеріне жүйенің ынталандырушы компоненттерін енгізу жоспарланған. Онда төлем жұмыстың түпкі нәтижесіне, көрсетілетін қызметтің саны мен сапасына байланысты болады.

Солтүстікқазақстандық медицина қызметкерлері өткізіліп жатқан реформаларды қуанышпен қабылдады. Осындай өзгерістер тиімді жұмыс істеуге ынталандырып, біліктілікті арттыруға талпындырып қана қоймай, Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді ойдағыдай орындауда кәсібиліктің өсуіне ықпал етеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp