«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАР КҮРТ ЕРІГЕН КҮН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Наурыз айының соңғы күні тосын оқиғамен есте қалды. Еріген қар суының деңгейі көтеріліп, Петропавл қаласы және өңірдегі елді мекендердің тұрғын үйлері мен қора-қопсы құрылыстарын cу басып қалу қаупі туды. 

Өткен айдың соңғы күнінің екінші жартысында Петропавл қаласы әкімдігінің 109 және облыстық ТЖД-нің бірыңғай кезекшілік диспетчерлік басқармасының 112 қызметінің телефондарына дамыл болмады. Әр телефон қоңырауы төтенше жағдай ретінде қабылданды. Оқиға орнына облыстық ТЖД-нің және әкімдіктердің жауапты қызметкерлері жедел жетті. Олар жағдайды барлап, қажетті шешім қабылдады. Содан кейін оқиға орнына суды ағысынан бұру мен сорып шығаруға арналған қажетті техника жөнелтілді. Бір тәулікте тұрғын үйлер мен үй-жайларды су басып қалудың 47 оқиғасы тіркелді.

Облыстық ТЖД-нің жедел штабының ұйымдастыруымен “Өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары” және “Судан құтқару қызметі” мемлекеттік мекемелерінің көмегімен 22 оқиғаға тосқауыл қойылды. Ал 25 төтенше жағдай Петропавл қаласы әкімдігінің “Тазартқыш, сутартқыш және су өткізгіш ғимараттары” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының, сондай-ақ, Қызылжар, Тайынша, Уәлиханов, Есіл және Шал ақын аудандарының әкімдіктерінің күшімен тоқтатылды. Көп жағдайда су бау-бақшалар мен қора-қопсыларды басып, үйлердің іргетасына дейін жетті. Үйдің ішіне су кірген жағдайда тіркелді.

Тәулік ішінде облыстың елді мекендерінде 7447 текше метр қар суы сорылып, нөсерлі кәріз жүйесінің 323 метрі тазартылды. Жұмыс жалғасуда.

СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp