«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ КӨЛЕМІ ОРЫНДАЛУДА, бірақ инвестициялық бағдарламаға қаржы жетіспейді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Қазақ су шаруашылығы” РМК -нің “Есіл су” филиалы 2013 жылдың қорытындысы бойынша өз тұтынушылары мен басқа да мүдделі тұлғалардың алдында қоғамдық тыңдау өткізді. Оған облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаментінің өкілдері, басқарма филиалының басшылары мен бас мамандары, реттелетін қызметтер тұтынушылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Тоқтар ЗІКІРИН,

“Солтүстік Қазақстан”.

Жария тыңдауға жиналған жұртшылық алдында “Есіл су” филиалы директорының орынбасары Елена Гусева баяндама жасады. Онда айтылғандай, “Қазақ су шаруашылығы” РМК “Есіл су” филиалы Булаев, Есіл, Соколов және Преснов топтық магистралдық су құбырлары бойынша облыстың 11 ауданының елді мекендеріне және Қостанай облысының 2 ауданына су беру жөнінде қызмет көрсетеді. Филиалдың топтық су құбырларының жалпы ұзындығы 2678,9 шақырымды құрайды. Жасалған шарттар бойынша 2013 жылғы тұтынушылар саны – 235. Ал ауыз- суын пайдаланушы тұрғындар саны 193264 адамға жетті.

2013 жылы “Есіл су” филиалы екі тариф бойынша жұмыс істеді: 2013 жылдың 1 сәуіріне дейін демеу-қаржыландыруды есепке алмастан – 402,38 теңге ҚҚС-сыз, 2013 жылдың 1 сәуірінен бастап демеу-қаржыландыруды есепке алмастан – 505,27 теңге ҚҚС-сыз. ҚҚС-сыз 35,71 теңге көлеміндегі демеу-қаржыландыруды есепке алғандағы тариф Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы №40 қаулысына сәйкес 2010 жылғы 10 сәуірден бастап күшіне енді.

2013 жылы қызмет көрсету көлемі 3361,62 мың текше метрді құрады, бұл бекітілген тарифтік сметада қарастырылған көлемнен 3,4 пайызға жоғары. Ал 2012 жылмен салыстырғанда, қызмет көлемі 8,2 пайызға ұлғайды. 2013 жылы жер-үсті көздерінен іс жүзінде алынған су көлемі 8107 мың текше метрді құрады, оның тұтынушыларға өткізілгені – 3361,6 мың текше метр. Нормативтік техникалық шығындар 2750,3 мың текше метрді немесе 33,9 пайызды құрады, ол уәкілетті орган бекіткеннен 1028,1 мың текше метрге немесе 11,1 пайызға төмен.

Тұтынушыларға су босатудың бақылауы және есебі есептегіш құралдар арқылы жүргізіледі. Су шығаратын нүктелерде ВСКМ 25-50, СТВ 65-100 үлгісіндегі 325 турбиналық (механикалық) су өлшегіштер қойылған. Есептегіш құралдармен қамтылу 100 пайызды құрайды.

Кәсіпорын 2013 жылы барлығы 1706,7 млн. теңге кіріс алған, соның ішінде қызметтің реттелетін түрінен түскені – 1619,5 млн. теңге және басқа қызмет түрлерінен 87,2 млн. теңгенің пайдасын тапқан. Барлық қызмет түрлеріне жұмсалған шығын 1728,1 млн. теңгені құрайды, соның ішінде реттелетін қызметтерге 1647,5 млн. теңге жұмсалған. Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері бойынша 2013 жылы тұтастай филиал бойынша 21,4 млн. теңгенің залалы келген, ол, әрине, кіріс сомасының төмендеуінен болды, өйткені, 2013 жылғы 1 сәуірден бастап 402,38 теңге көлеміндегі ҚҚС-сыз тариф жұмыс істей бастады.

2013 жылға арналған “Есіл су” филиалының топтық су құбырлары нысандарындағы электр қуатының коммерциялық есеп жүйесін жаңғырту” инвестициялық бағдарламасы бойынша іс жүзінде игерілгені – 13,8 млн. теңге, ал оған 40,0 млн. теңге қарастырылған болатын. Мұның бәрі филиалға республикалық бюджет қаржысынан төленетін 504,5 млн. теңге көлеміндегі демеу-қаржының жетімсіздігіне байланысты. Десе де, кәсіпорынның өзінің ауыр қаржылық жағдайына қарамастан, қосымша қаржы көзін іздестіріп, бірінші кезекте 2014 жылға арналған инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру аясындағы шарт бойынша төлемдерін жүргізіп отырғанын атап өткен жөн. Кәсіпорынның басым бағыттары: тұтынушыларға сапалы су беру, технологиялық шығындарды азайту, филиалда қаржылық сауықтыру шараларын жүргізу, қызмет көрсетудің өзіндік құнын кеміту және тағы басқа салалар бойынша нақтылы жұмыс атқару.

Міне, осылардың бәрі жария тыңдауда талқыға салынып, оның ұтымды жолдаы қарастырылды. Жарыссөзге шыққан аудандық коммуналдық кәсіпорын басшылары өздерінің ой-пікірлерімен бөлісіп, талап-ұсыныстарын білдірді. Осы жиын үстінде “Есіл су” филиалының жыл соңында келер 2015 жылға арналған магистралды су құбырлары бойынша су беру қызметін көрсетуге жаңа тарифтерді қарауға және бекітуге өтініш беруді жоспарлап отырғаны аян болды. Ол, әрине, тағы жария тыңдауда, сарапшылар кеңесінің талқысынан өтері сөзсіз. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp